Стр. 27 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

ожар күлкiнi ұялатып, жұрт назарын арбағандай аз-кем үнсiз тұрды. Мұның қас-
қабағын байқаған ел аздан соң дабырласқанын қойып, тиыштала бастады. Көптiлеу
аузын ашса, көмейiнде жасырып жүрген жұдырықтай алтыны жерге түсiп кететiндей
боп, бiтеулене бастаған сайын, жиналған жамиғаттың әбiгерi көбейе түстi. Бәрi де
демдерiн iштерiне тарта, бұған тесiле қарайды. Көптiлеу маңғаздана түстi. Ол бүгiн
сенiмдi-сенiмдi деген кiсiлерiне сәлем айтып, әңгiменi алдын ала пiсiрiп алған-ды.
Басқарма кiдiрмей жиналысты ашты. Кешегi жылдары қараңғы халықтың Ақмырза
көтерiлiсiне қатысып, бүлiншiлiк бастағанын‚ елдiң әбiгерге түскенiн бiр қыдыру
баяндап өттi. Құдайға шүкiр, кәзiр жұрт тиыш. Жаңа тiршiлiктiң қазақ даласына берiк
қоныс тепкенiн елдiң миына сiңiрдiк. Бүгiнде кешегi қас дұшпанымызға ақыл ендi.
Соның бiрi Iзет. Рас, ол кеше елге тiзесiн батырды. Желiден кесiп жылқы алды,
көнбегендердiң басына қамшы үйiрдi. Ақыры сонысының сазайын тартты. Ендi Iзет ес
енiп, қауымнан жырылмаймын деп, қалқозға кiруге арыз бердi. Осыған қалай
қарайсыңдар?
Жұрт самсоз. Желдетiлмеген аядай бөлменiң ауасы әлден-ақ ауырлап, тынысты
тарылтып барады. Аптап қақтаған кiсiлердiн үстерiнен шыққан ащы тердiң сортаң исi
қолқаны қабады.
Көптiлеу жұртты асықтыра түстi:
— Кәне, жолдастар, болыңдар! Сөйлейтiн кiм бар?
Колхозшылар мойындарын iштерiне тартып, бұқырайып отыр. Қазақтың қашанғы
әдетi осы. Жұлқынып шығып, кеулiндегi сөзiн айтса, арам өлетiндей қайбартады да
жүредi. Көптiлеу кiртиiп қалды. “Сонда осы шiркiндер қай ұшпаққа барам дейдi екен?”
— Дәуiт, сен сөйлейсiң бе?
Дәуiт апалақтап, орнынан тұрды. Иегiндегi сақалы аузын ашқан сайын шошаң-
шошаң етедi.
— Жарайды, бiр-екi ауыз сөз айтайын‚ — деп, ол жан-жағына қораздана қарап
қойды. — Менiңше, Есiм Iзеттiң қалқозға кiрем дегенi орынды. Ау, ол үйтпегенде,
қайда барып күнелтедi? Баяғыда мына Қарақұмды жайлап, қыс Қызылға көшiп, атқа
мiнiп, сайран салып жүретiн дәурен жоқ. Сүтi мен етiн талғажу етем дейтiн малдың
сиқы екi бастан белгiлi.
Көптiлеу оның сөз iләмiн ұнатпай, киiп кеттi:
— Дәуке, көлденең сөздi қопсытып кәйтесiң. Тоқ етерiн айтсайшы.
Дәуiт iркiлiп қалды. Аузына түспей тұрған сөз содан шығатындай сақалының ұшын
салалады.
— Ыһым, ыһым, тоқ етерiн айтқанда былай,— деп Дәуiт тағы да тайпала жөнелдi. —
Ағайындар, өздерiң бiлесiңдер, Iзет деген барып тұрған атайы‚ жiлiгiне шыр бiтпеген
жарлы. Сүйтiп журiп бұл шiркiннiң кеше бай-құлақтардың сойылын соққанын
кәйтерсiң? Ендi сонысы басына тиiп, ойланған шығар. Қалқозға кiрем дегенi де содан
болар! Оның үстiне шиеттей бала-шағасы бар...
— Дәуке, қысқасын айтқанда, Iзет қалқозға кiрсiн бе, кiрмесiн бе? — дедi бағанадан
берi тықыршып отырған Пұсырман осы арада шыдамай.
— Ау, өзi кiрем деп арыз жазып отқан жоқ па?
— Сен өзi дегендi қой. Өз қара басың осы жайлы не ойлайсың?
— Ойлағанда... — Дәуiт шөккен нар түйедей боп отырған Iзет жаққа көз қиығын
қорқа тастады.
Ел гу ете түстi:
— Қасқа, ал құрыдың!
— Кiрмесiн десең, ертең Iзет мойныңды жұлып ап, дайраға бiр-ақ лақтырады.
—Шиеттей бала-шағаңды ойла!
— Ха-ха-ха-ха!
— Сорлы-ау, бәледен машайық қашыпты деген.
Дәуiт тез шешiмiн айтты: