Стр. 3 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

алғашқыда қиын болды. Әсiресе, бiздiң қарасөзде реализм шарттары мен сол мәнерде
жазудың қалыптаса қоймағандығы көп бөгет жасады. Ақыры қаламымды
жаттықтырдым-ау деген кезде, өлеңдерiм республикалық, облыстық баспасөзде жарық
көрiп жүрген тұста, “Қара нөсер” деген, жалпы көлемi бiрнеше кiтәбқа есептелiнген,
1930-1950-iншi жылдар аралығы қамтылуға тиiс романның алғашқы нұсқасын екi
жылдай жазып, 1965 жылдың басында бiтiрдiм. Кейiнiнен оны қайта-қайта қарадым.
Қараған сайын, өзiмнiң шынайы үлкен прозаға әлi де дайын емес екендiгiмдi сезiп,
баспасөзде жарық көрген бiрнеше әңгiмемнен басқасын, жариялауға асықпадым. Тек
1976-ыншы жылы еркiн жазуға көшкеннен кейiн, қарасөздерiмдi жеке кiтәб етiп
шығара бастадым.
Бұл томға (
25 томдықтың 6-томына
) “Қара нөсердiң” бұрын еш жерде басылмаған
ең алғашқы нұсқасын енгiзiп отырмын.
Оны стилистика жағынан қарағаным болмаса,
жалпы құрылысын, сюжетiн, т.б. өзгерткен де, жөндеген де жоқпын.
Бег. АЛДАМЖАР