емес, қайта партияның талабын дұрыс түсiнгендiк деп ойлаймын‚ — деп, Көптiлеу
арлап барып демiн бiр алды. Сосын жұрт назарының өзiне ауа бастағанын аңдал,
қайтадан тайпала жөнелдi. — Жолдастар, баршаңызға белгiлi, мынау отқан Iзет тап
жауы емес, бай-құлақтар терiс жолға салған жарлы-жақыбай. Сол үшiн ол жазасын
алды. Ендi оның өткенiн қазбалап, көзiне шұқи берсек, ел болудан қалмаймыз ба?
Қайта адамгершiлiгiмiздi көрсетiп‚ Iзеттi санатқа қосайық та. — Көптiлеу бел ала бердi.
Ол ендi орнына жайғасқан Пұсырманға көз қиығын тастап қойып, арқа-жеңi кеңи
бастаған жұрт тiзгiнiн тездетiп қолына алғанды жөн көрдi. — Сонымен‚ жолдастар, көп
айтары жоқ, халқым деп қайта келген кiсiнi керi теппейiк. Көпшiлiк боп, оның
тағдырын шешейiк. Кәне, кiмнiң қандай ұсынысы бар?
Жұрт сiлтiдей тынып қалған. Бәрiнiң де басқарма мен хатшының екi арасына
ыссылай кiрiсуден сақтанып, қорқасоқтап отырған жайы бар.
— Кәне, болыңдар! Уақыт аз, — дедi Көптiлеу дiгерлеп.
— Менiң бiр сұрағым бар, — дедi Қоңырбай сол арада оң қолын жоғары көтерiп.
— Болса, айт.
— Осы жайында Iзеттiң өзi не дейдi екен?
Iзет орнынан ауырлау қозғалып түрегелдi. Салған жерден суырыла жөнелмей, сөзi
пышырап, тамағын қайта-қайта кеней бердi. Ақыры қысылып-қымтырылғанын қойып,
Пұсырманның жүзiне тура қарады:
— Қарағым Пұсырман‚ мен бiр қараңғы‚ надан кiсiмiн. Ата сақалым аузыма
түскенше оң-солымды ажырата алмай жүрмiн. Кеше қалет басқаным да соның салдары.
Ендi мың айтқанмен, өткен қайтып келмейдi. Оны еске ала бергеннен де өнетiн дәнеме
де жоқ. Менiң кiнәмдi ұмытпаймын десең, өзiң бiлесiң. Менiң кәзiргi ойым, бала-
шағамның қасында тиыш өмiр сүру.
— Қысқасын айт, — дедi Көптiлеу сабырсызданып.
— Қысқасын айтқанда, менi қауымдарыңа алыңдар. Екi қолға бiр жұмыс, адал кәсiп
етiп, қатын, бала-шағамды асырасам, сол маған жетедi.
— Е, бәрекелде!
— Жөн сөз.
— Өй, осыны ала салайық та. Бiр Iзеттен қалқоздың шаңырағы ортасына түсе
қоймас.
— Онда... дауысқа салайық, — дедi басқарма.
— Жарайды, дауыс керек болса, екi рет айқайлайын!
— Әй, көп сөздi қойыңдаршы! Үйдегi балам жылап қалды.
— Өй, өзiнiң балажандылығына қарай гөр! Сенiң көкейiңдi тесiп тұрған бала емес,
байың ғой!
— Ойбай, iшегiм!
— Ха-ха-ха-ха!
— Қабылдансын!
— Жолдастар, қолдарыңды көтерiңдер!
Жұрт қолын жапырласып көтере бастады. Дәуiт екi қолын бiрдей көтердi. Көптiлеу
оған шүйiле қарап:
— Әй, сенiң мұның не? — деп едi, шал саспастан:
— Әйәлым үйде қалып едi. Сол қолыңды аяйсың ба, мен үшiн көтере сал деген‚ —
деп сұңқ-сұңқ еттi.
Ел ду күлдi.
Көптiлеу дауыстарды санап болғасын‚ қолын алдына айқастырып отырған
Пұсырманды көрiп:
— Осы жиылыстың пiртәкөлiн аупартқом хатшысы Сегiзов жолдасқа жiберемiз.
Халықтың ұйғарымы осындай деймiз, — дедi.
— Мақұл.
— Ау, қайтайық‚ қан сорпамыз шықты ғой.