Стр. 35 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

— Сен үйтiп жала жаппа, — дедi Көптiлеу. — Мен қатал болсам, шаруашылықтың
бабын ойлап, қатал болам. Тәртiп жоқ жерде‚ ел бұйдасын басына асып алмай ма?
Ондайда жұмыста не берекет болады?
— Жоқ, сен сөздi олай бұрмалама, — дедi Пұсырман нығарлап. — Сен елге тiзеңдi
батырып жүрсiң. Солай ма, жолдас қоммунистер?
Қалқозшылар көздерiмен жер шұқылап отыр.
— Солай ма?
Кiсiлер бастарын көтерер емес. Көптiлеу мырс еттi. Бұл Пұсырманның қытығына
тидi:
— Бiз сенi партиядан шығарамыз, — деп кесiмiн айтып та салды.
— Ә, солай ма? Олай болып жатса, мен саған партбилетiмдi бермеймiн‚ — дедi де,
Көптiлеу орнынан тұрып жүре бердi. Есiктен шығып бара жатып‚ есiне бiрдеме
түскендей керi бұрылып, мысқылдай қарап тұрып, — Оны бiз сiздерден алған жоқпыз,
сiздерге тапсырмаймыз да, — дедi де, есiктi тарс еткiзiп жапты.
Пұсырман терiсiне сыймады. Сосын жиналысты тез жауып, атқа қонды да,
Байқожаға барды. Жолаушылар пойызы келем дегенше бiраз уақыт барын бiлiп,
мектепке соқты. Ержiгiттен керпiш басу жағын сұрады. Одан Көптiлеудiң өз сөзiнен әлi
қайтпағанын естiгенде, жүзi күреңiтiп кеттi:
— Жоқ, бұ-ұ-ұ-л болмайды. Iске салғырт қарауға ешқандай да жол бермеймiз.
Мектепсiз күн көрген ата-бабаларымыздан бұрынғы өмiрiнен есте қалар не бар? Түк те!
Ызнашит, төңкерiстiң iрi мақсаттарының бiрi елдi жаппай сауаттандыру болуға тиiс.
Сонда көзi ашылған ел саясатқа, тарихқа жүйрiк боп, оң-терiсiн анық көре алады. Мiне,
бiзге осы жетiспейдi. Кешегi жылдары ел қалқоздаса бастағанда жұрт қауымдасудың
зор мәнiн кезiнде көрiп-бiлген жоқ. Егер бiлгенде‚ бет-бетiне бас сауғалап қашпас едi
ғой
— Әрине, — дедi Ержiгiт оны қоштап. — Дегенмен де жаңа қауымның... былай...
түсiндiру жағы да жетiспей жатты ғой деймiн.
— Ол кезде бүгiнгiдей жиылыс ашып жатуға мүмкiндiк болды ма? Жоспар орындау
керек...
— Соны орындаймыз деп, асыра сiлтеп алған жоқпыз ба?
— Iжқандай да. — Пұсырман бұған көзiн тура қадады. — Мұндай кезде артық-ауыс
нәстелер бола бередi. Мәселе онда емес, iстiң жемiсiнде. Мiне, көрдiң бе, бiз сол
кездерi шаруаға батыл кiрiспегенде‚ кәзiргiдей қалқоз құрылатын ба едi? Жоқ,
құрылмас едi. Ызна-шит, батыл кiрiсудiң мәнi зор. Ендi жаңа мектеп те...
— Пұсеке, сөзiңiз аузыңызда, — дедi Ержiгiт. — Жарайды, батыл кiрiсудi жөн дейiк.
Сүйтiп кешегi тап жауларын құрттық. Бiрақ сол тап жауларының балалары әке-
шешесiнiң iсiне жауапты ма?
— Неге жауапты емес? Әбдән жауапты,— дедi Пұсырман қабағын шытып.
— Сонда қалай?
— Оның iж қалайы жоқ. Қаршадайынан теңсiздiктi көрiп өскен баланың ертең сол
ата жолын қуатыны ақиқат. Мәселен‚ ол көз ашқаннан бермен әке-шешесiнiң
малайларын қалай ұрып-соғып жұмсағанын бiле ме, — бiледi. Жалшылардың бай-
болыстармен жағдайы тең еместiгiн сезе ме, — сезедi. Соны көрген бала ертең ер
жеткесiн‚ жалшыларға, қара халыққа өз әкесiнше үстем қарайды‚ ұяда алғанын бойына
сiңiрiп, оны ұрпағына өнеге етедi. Жауапты дегенiмiз, мiне, осы. Бiз сондай тозған
нәстелердi жоямыз жатырмыз.
— Мұныңыз дұрыс қой, Пұсеке. — Ержiгiт әлденеге iркiлдi. — Мәселен‚ мен совет
мектебiнде бiлiм алдым. Көне заманның қандай екенiн де бiлмеймiн. Жаңаны толық
қолдаймын. Сонда да өткенде әкем ауылнай болды екен деп...
— Ауылнай?! — деп Пұсырманның түсi өзгерiп сала бердi. — Сонда қалай?
— Оны... елдiн өзi сайлаған‚ әкем орташа шаруа болған‚ — дедi Ержiгiт
қыбыжықтап.