Стр. 37 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

мақұл. Сендер өзара қырқыссандар, шөре-шөре боп, елдiң берекесi кетедi. Рас,
араларында түсiнiспестiк бар шығар, оны неге жайып салып, ортақ тiл табуға
тырыспайсындар. Бәрiмiздiң түткенiмiз бiр жүн емес пе? Татулық керек‚ — деп хатшы
сөзiн бiтiрдi.
Пұсырман ауылға екi ойлы боп қайтты,
7
Кесек бiтiмдi, түрiк ерiндi Пiрмақан түнгi кезектен үйiне қайтып келе жатыр едi,
құлқын сәрiден отырған орнынан су шыққандай дедектеп Төребай қарсы ұшыраса
кеттi. Қыңыр шал осы балдызын ұнатпайтын. Өзi шатақ, ожар, кейде жырқылдап, жын-
шайтанның қылуасын iстеп жүредi. Бұ жолы да онымен жүре сөйлесiп едi, Төребай
қарсы алдынан шықты:
— Тоқта, жезде, ана қақпан құрған жаққа барған жоқсың ба?
— Қайдан барайын. — деп Пiрмақан қозғала берiп едi, Төребай:
— Жезде, мен бiр жақсылық хабар есiттiм қой, — деп қулана күлiп, жолын кес-
кестедi.
— О қандай хабар?
— Әй, жездеке-ай, iшiңде ит өлiп жатса да, сездiрмейсiң-ау! Ранайжанды құтты
жерiне қондырғалы жатқан көрiнесiңдер. Ол жайында мына бiз түк бiлмеймiз. Өзiң
ойлашы, осы ауылда менен басқа қандай жақының бар? Ақ көкiрегiмдi ашып жүргенде,
маған айтпай-ақ...
— Қой, қайдағыны соқпа! Кiм ол сандалап жүрген?
— Кiм екенiн нағыласың? Тiптен көзiмен көрген кiсi де бар.
— Не-е-е-нi?
— Ненi болсын‚ қыз бен жiгiттi де. Сен қу шал, қалыңмалын алып та қойған
шығарсың, — деп, Төребай жырқылдап күлдi.
— Қой, шырағым, қыз ұзатамыз деген ойымызда да жоқ.
— Ендеше, ойда жоқта қызың ана тау жауының баласы, көнтiр Ержiгiтпен қашып
кетедi.
— Не-не?
— Қашып кетедi дейiм.
Шал сұп-сұр боп кеттi. Дем арасында түрi қарауытып, көзiнде ашу оты шатынай
ойнап шыға келдi. Сосын тiл қатпастан, жалт бұрылып, стансаның шет жағындағы
тапал тамына қарай аяндады. Бiр жерде адыраспанға сүрiнiп, құлап қала жаздады.
Төребай оған сыртынан мысқылдай көз тастап тұрып:
— Болды бiр қызық! — деп, қолымен санын шарт еткiздi.
Пiрмақан қатты ашуланды. Бiр қабат терiсiн тiрiдей сыпырып алып жатқан тәрiздi
тұлабойы түршiгiп сала бердi. Ержiгiт дейдi, ә? Бұ не сөз? Осы, шынында, заман қалай-
қалай өзгерiп барады? Кәзiр қыз бен жiгiттiң тапа-тал түсте қол ұстасып, кетiп жатқаны
таң да емес. Бұрынғыдай ата-ананың ақ батасын алып, жоралғысы жасалып ұзатылатын
қыздар аз. Кеулi қаласа, қашады да кетедi. Ондайды өз басы жөн көрмейдi. Ау, сонда
құда түсiп, құйрық-бауыр жескенде‚ ата-ана өз баласына жамандық ойлай ма? Бұл да
ата-баба рәсiмi емес пе? Ендеше содан жаңа заман жастарының бiрте-бiрте безiнiп бара
жатқанына жол болсын? Әлде олардiкi де жөн бе? Мақұл‚ жөн дейiк‚ сонда пәленбай
жыл асырап-абырап өсiрген әке-шешесiне бiр ауыз сөз де айтпастан‚ көз көрмес, құлақ
естiмес қайдағы бiр жаққа ойланбай кете бергенi ақылдылық па? Ол ана жылы
Шаққөздiң қызы Арал асқанда, iштей түйсiксiздiк деп санаған. Ендi өзiнiң ақыл-есi бар