Стр. 40 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

ғой. Ертең бiз өлгенде мөзикөлөтiп көметiн шығар, — деп Дәуiт қаладай ақ тiстерiн
көрсетiп, жырқ-жырқ күлдi.
— Басыңа көрiнсiн, — дедi де, Пiрмақан өзiне-өзi: “Бұның аяқ астында ас бере
қалғаны несі, — дедi. — Бұрын берсе көзi көрмедi ме? Әлде iнiсiнiң басын босатып
алмақ па? Әлде...? — Тосыннан келген осы бiр ой оның бүйiрiне темiр тiкендей
қадалып, мазалай бердi. Iшкi есебi түзу Көптiлеу бұған сүйтiп салмақ салмаса не етсiн?
Қой, не көрiнiптi, үйтпес. Көздеген басқа бiреуi бар шығар. Онда, тым алақай. Одан да
үлде мен бүлдеге орап өсiрген қызының қайдағы бiр ата жауының баласымен сөздi
болғанын айтсайшы. Кәйткен күнде де бұған тиым салу керек. Осыған табан тiреген
Пiрмақан шет жағы құлай бастаған бопыр қораны жөндемек боп, сыртқа шықты.
8
Ыси бастаған күн сәулесi колхоз кеңсесiнiң шаң-шаң терезесiнен абажадай стол
үстiне дiрiлдей құйылып тұр. Алдындағы соңғы деректер жазылған қағаз ақшыл
қызғыш тартып көрiнедi. Терезенiң әйнегiне соғылып, мазасыз ызыңдаған
шыбындардың көлеңкесi ербие түсiп кеткенде, қағаз бен үстел бетi жыбыр ете
қалғандай болады. Соған қараймын деп Көптiлеудiң көзi талды. Сосын бiр сәт қолымен
қыртыс-қыртыс маңдайын сипады. Жаңа ғана Қоңырбай әкеп берген ақпарды оқып
отырса да, мұның ойы басқа жақта. Қанша есiне алмайын десе де, сол сурет көз
алдында көлбеңдей бередi. Ол iштей сiлкiнiп, назарын үстел үстiндегi қобыраған
қағазға тiктi. Бригадирдiң сия қаламмен тасқа басылғандай етiп жазған әрiптерi
қалыпқа құйғандай бiр-бiрiнен аумай, әсемделе түсiп, құмырсқаның iзiнше созылып
жатыр. Кей кезде көзi талғанда жолдағы әрiптер, сөздер тұтасып, түгелдей ирек-ирек
қара таңбаларға ұқсап кетедi. Әсiресе, оның ызасын келтiрген терезенiң сыртында бiр
қонып, бiр ұшып жүрген шыбындардың көлеңкесi едi. Ол қағаз бетiне ұзарып, сорая
жайылып, қанаттары ықылық тигендей жыбыр-жыбыр ете қалғанда, қайдағы бiр
қырсық шалған ой басына сап ете түсе кетедi. Расында, бұл шiркiн де өмiр үшiн
арпалысып бағады. Кәзiр сен газеттi шиыршықтап ап, әлгi шыбындарды шықпырта
салып қалшы, олар жау көргендей дүрлiге ұшады; таяқ тигендерi жаншылып жатса да,
ақырғы демi таусылғанша, әл-дәрменi жеткенше қыбырлайды. Сонда шыбын не үшiн
тiрлiк етедi? Оның да мақсат-мүддесi бар ма? Қайдағы. Ендеше оны тiршiлiкке ынтазар
етiп қойған не нәсте? Ол не өзi? Шыбын... Оны... Тоқта, ол әлде шыбын жан ба?
Шыбын‚ шыбын жан... Апырау, кеше ағасы да сол үшiн не шатқалаңнан өтпедi?
Сондағы көргенi... Әлде... Кенет алдындағы ақ қағаз жоғалып, қатпар-қатпар заманның
қыртысы жазылғандай боп, ағасының жүзi көлбең ете қалған сияқтанды. Әне‚ ол екi
көзiн бұған тұра қадап, тесiрейе қарап тұр. Көптiлеу шыдамады. Көзiн тайдыра берiп,
“Туһ, құрғыр-ай!” — деп, дауыстап жiбергенiн байқамай да қалды.
...1930 жылдың шiлдесi. Сол жылы көктем ертерек туса да‚ ел жылдағы дағдысына
бағып, салқын да сабатты жайлауға көше алмай, Сырдың маса-сонасы аз жерлерiн
сағалап, көрбасыр боп қалған-ды. Бұның әкесi де Қырға көшпедi. Ұлы шiлде
жақындағасын-ақ‚ кәмпескеден кейiн қолында қалған азын-аулақ малды аптапқа
қақтатқысы келмей, Басықараның шыбын-шiркейi жоқ‚ көкорайы көп‚ сулы түбегiн
жайлады. Күн қанша ысыса да, дарияға иек артқан жер ығалын бермей, балапан
құрақтарын жайқалтып, қоңыр салқын болады да тұрады. Кеш түсе, әсiресе, қырдан
салқын самал ескенде, бұл өңiр кеуiлдене сайраған шiлделiктiң үнiне толып‚ боз
жусандардын ақырған қышқыл исi мұрынды жарып, бейiштей боп кетедi. Мұндай түнi
бозбалаға тыным жоқ. Олар қапталдай қонған ауылдардың қыз-қырқынын аңдып, өрелi
таңды көзiмен атқызып, жiгiтшiлiк жасайды. Көптiлеу де он алтылардағы, ұзын
бұрымы тiрсегiн қаққан Ақмарқамен бiр тiлдессем деп армандайтын едi. Бiрақ қыздың
ағалары қатал, сақ. Түн баласында Ақмарқаның аяғын қия бастырмайды. Сонда да бiр
күнi сәтi түстi. Бұл Қоңырбайға ерiп, қыз ауылына барды. Түнде жастар ақсүйек