Стр. 43 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

— Жiберiңдер, өлтiр-рем! — деп көпке дейiн қырылдап айқайлап жатты...
Сол түнi жазалаушы отряд көтерiлiсшi Жолайлардың ауылдарын Сыр бойына қарай
алып жүрдi. Ел ұлтаны Бозғұл руы болғандықтан‚ оларды көршiлес Қармақшы
ауданының колхоздарына апарып кiргiздi. Көтерiлiстiң басшылары жазаланды. Тақыр
кедейлiгi, алданғандығы ескерiлiп, Iзет он жылға сотталды...
Көптiлеу iшiн ит тырнағандай боп әлi отыр. “Ол болса, аман-есен қайтып келдi. Ал,
менiң ағам...” — деп iркiлiп қалды. Әлде ерулiге қарулының керiн келтiрген жөн бе?
Одан орнына қайтып келер нәсте бар ма? Түбiн зерттегенде, осы арада бiр бет
ағасының өжеттiгi өзiнiң түбiне жеттi. Ол әкесiнiң сөзiне құлақ асқанда, бүйтiп жүзi
топырақпен ерте жабылмас та едi. Көптiлеу Ақтiлеудi сол кезде-ақ айыптаған. Қасқа
маңдай, екi етегi далақтап жүрiп, қандықол ұрының қолынан мерт болды. Әуелi аңысын
аңлап барып қимылдағанда, екi жеп биге шығатын едi. Дегенмен бауырдың аты бауыр.
Әлде ағасының кегiн қайтарса ма екен? Бiрақ одан не пайда? Иiлген басты қылыш
кеспес деген бар емес пе? Кеше өзi иiлiп келдi. Мұнын бiр ырза болғаны, Iзет басқа көп
жалпылдақтай иiлiп-бүгiлiп жатпады, шаруасын тура айтты. Даусында iрiлiк те,
сескену де жоқ. Сонда колхозға кiруге қалай келiсiм берiп қалғанын өзi де бiлмейдi.
Кешкiсiнгi жиылыста Пұсырманның қарсы болғанына қарамастан, өзi қолдап мүше
қылды. “Көзiне қан толса, кiм-кiмдi де мерт қылатын кiсi. Бiр есептен бұ да дұрыс, —
дедi iшiнен. — Дән шашпасаң, маңыңа торғай да жоламайды. Иә, иә, дән шашып
қойып...”
Есiк сықырлап ашыла бердi. Көптiлеу бойын тiктей қойды. Iшке Дәуiт, Қоңырбай,
Әлібек кiрдi.
— Иә, не шаруа бiтiрiп қайттыңдар?
— Кәке, сәлемiңдi тегiс айттым. Пiрмақан да, молда да келетiн болды, — дедi Дәуiт.
— Ал сен ше?
— Малды байлап қойдық‚ — дедi Қоңырбай.
— Онда былай етiңдер. Қас қарая үйге келерсiңдер, қатын, бала-шағаларың
бiлмейтiн болсын. Ал сен‚ Әлібекжан‚ мал сойысуға қолқабыс ет.
Кеспелтек денелi, өткiр көздi Әлібек басын изедi.
— Ал, ендеше шығалық.
Олар кеңседен шығып, үйдi-үйiне тарады. Көптiлеу тапалтақ тамнан айнала бергенде
Алмашкүл қарсы ұшырасты. Үстiнде ақ бәтес көйлек. Бала көтермеген мүсiнi
бұзылмаған. Белi қылдырықтай. Ақ сары жүзiне қан теуiп, көзi ойнақшып қарайды.
Қаймыжықтай қып-қызыл ернiнiң екi ұшына кiшкене ғана шұқыршақтар орната езу
тартып тұр.
Көптiлеу оның жүзiне сұқтана қарады. Соңғы кездерi әуейiлене бастаған келiншектiң
бiреу-мiреудiң көзiне түсiп қалармын деп қауiптенбей, мұның жолын тосып тұрғанына
жыны келiп кеттi. Неге екенi белгiсiз, Ақмарқа ат құйрығын шорт кескеннен берi‚
мұның әйел нәсiлiне iшi онша жыли бермейтiн едi. Жақсы көру, өлiп-өшiп сүю дегендi
жас кезде ғана болатын нәрселер деп бiлiп, сезiмi түрпiленiп доғалданып кеткен. Мына
сыны кетпеген келiншекпен байланысқалы, өзiне де аздап әуейiлiк бiтейiн дегендей.
Алмашкүлдiң жүзiнен Ақмарқаға тән кейбiр белгiлердi көргендей болады. Ондай да
әжептәуiр қапаланып қалады. Бiрақ онысын жан адамға сездiрмейдi. Және бiр
таңғалатыны, үйлi-баранды боп, шаруа бабын күйттегелi кеуiл хошын аулауды ұмыт
қалдырғанын терiс көрiп‚ өзiнiң де жас кезiнде жiгiтшiлiк жасағанын, кәзiрде де бiр
кiсiнi сүюге хақы барын ойлап, мына аржайы келiншектi көрмесе‚ мазасы қашатынын
жиi байқап та жүр. Бұл десе Алмашкүлдiң шығарға жаны жоқ. Өтiнiп жатса, бiр
қайымын тауып, үйiнен жетi қараңғы түнде де шыға бередi. Соңғы кездерi кұнарлы
топыраққа түскен гүлдей сән-салтанатын құрған оның екi бетi ажарланып сала берген.
Екеуi де осы ессiз құмарлықтың күндердiң күнiнде бөденеден шошыған торы тайдай
жалт берiп, терең орға жығып кетерiн байқамайтындай. Басқарма бұ жолы да көз алдын