Стр. 44 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

кiреукелендiрiп‚ ереуiлдей жөнелген нәпсi уытына берiлiп, жылу тепкен екi бетi
жайыла ыржиып, келiншекке күле қарады:
— Иә, келiншеқ нағып тұрсың?
— Сенi бағып тұрмын.
— Немене, менi жау жейдi дейсiң бе?
— Жемесе де‚ жегендей болды ғой. Анда-санда болса да жарық кеуiлдi қарық қып
кетушi ең...
— Мұршам болмай жүр.
— Әлде... айниын деп...
— Өй, сен де бiр. — Көптiлеу тарқылдай күлдi.
Алмашкүл қып-қызыл боп кеттi. Ол өзiнен жасы анағұрлым үлкен Пұсырманды
менсiнбейтiн едi. Ендi Көптiлеудiң күлгенi оған қатты батты:
— Бұ не, мазағың ба? Сендер... еркектер, шеттерiңнен сондайсыңдар ғой. Қолдарың
жеткенше елпiлдейсiндер, жетiп алғасын, дым көрмегендей бола қап, кекiрейе
қаласыңдар.
— Қой, о не дегенiң? — Көптiлеудiң жүзi салқын тартты. — Шынымен қолым тимей
жүр. Егiн‚ ақпар, мал... Өзiң бiлесiң ғой.
— Бүгiнде ме?
— Бүгiн де. Ертең пажалыста.
— Жарайды, оған да көнелiк.
Алмашкүл бұған наздана көз тастады да, үй жағына кеттi.
Көптiлеу үйiне келдi. Ауызғы бөлмеде тұрып, етiгiн шештi. Мандайы қораздың
құйрығындай қоңырайған фуражкасын шегеге iлдi. Сосын ысылдап-пысылдап жуынды.
Рахаттанып сүлгiмен сүртiндi. Сосын барып арасы ырсия қиюы қаша бастаған тақтай
едендi сықырлата басып, дағдылы әдетi бойынша бала-шағасымен шүйiркелесiп
отырып тамақ iшетiн бөлмеге кiрдi. Қалампыр ас қамымен күйбеңдеп жүр. Қатал әкенiң
мейiрiмiн көрмей өсiп келе жатқан бiр-екi қыз бала бұл iшке кiргенде‚ әлдеқандай
қылмыс жасап қойғандай қымсынып, төмен қарап‚ басқа бөлмеге ығыстап шығып
кеттi. Оған Көптiлеу назар аударып жатқан жоқ. Түсiн бұзбаған қалпы төрге барып,
малдас құрды. Сары самаурынға шымшуырмен сексеуiлдiң қызыл шоғын салып жатқан
әйелiне көз қиығын да тастамады. Тағалы ат тайып жығылғандай қылтанақсыз иегiн
қолымен сипап қойып, арғы-бергi жайды қара ақылына салып байқады. Есiне бiрде
Алмашкүл түстi. Сол екен, өзiнiң ұл баласы жоқтығы есiне түсiп‚ өзегi шоқ түсiп
кеткендей қыжылдап қоя бердi. Қалампыр әзiр ұл таппауға серт бергендей. Бұл басқа
шүйкебас алып, төсек жаңғыртайын десе, жан-жағына қарайлай бередi. Оның ретi бола
қоймас деп ойлайды. Өршiгелi тұрған алып-қашты әңгiмеге май тамызсаң‚ бықсып
жанып жатқан шаланың жел үрлегендей өре көтерiлiп, лезде лаулаған қалың өртке
ұласып кетуi ықтимал. Сосын ол өрттi сөндiру қиын. Одан да аңыс аңдағаннан дұрысы
жоқ. Ендi iнiсiнiн мына шаруасын орнына келтiрiп алса, ертең Мақамаштың да
мойнына көген салу онша қиындыққа түспейдi. Ол қозғалақтап қойып, Мақамашқа
көзiнiң астымен қарады. Мақамаш етектей газеттiң арасынан алтын табатындай
шұқшия қалыпты. Бас алар емес.
— Кәзитiнде не бар? — дедi Көптiлеу оның ойын бiлгiсi кеп.
— Хабар-сабар, фашистер жайлы көп жазылыпты, — дедi Мақамаш. Оның оң
жағына жiгiн айыра жыға тараған сары шашы май жағып қойғандай жылтырайды.
— Е, олар нағыпты?
— Олар ма... Олар Европадағы кiшкене мемлекеттердi бiрiнен соң бiрiн басып алып
жатыр. Түбi соғыс боп кетпесе жарар едi.
— Тек әрi, қайдағыны айтпа!
— Аға-ау, ол... менiң айтқаныма қарайды дейсiң бе? Бәрi бiр олар бiзге тиiсе
алмайды. Тиiсiп көрсiн, бiздiң әскерлер оларды өз жерiнде талқан қылады. Ана жылы