Стр. 5 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

— Тоқтамаса, не iстейiм, қара жерге өрт қоям ба, кете барам да. Сен бiздiң қатынға
сәлем айтарсың, байың аман-сау‚ ешкiмен бiрге кеттi деп... — Ол темекiсiн құмарлана
сорып, тұқылын ызалана лақтырып жiбердi. — Бәлкiм, сен стоп-кран басарсың?
— Құрысын! — Ержiгiт қызыл қоңыр қабырғада сұрақ белгiсiнше иiлiп төнiп барып
тимей тұрған стоп-кранға жасқана қарады. Жiңiшке болат сымдармен байлап, қорғасын
құйып тастаған кiшкене темiр оған өмiрi кiсi қолы жууға тиiс емес сияқтанып көрiндi.
Төребай шырт түкiрдi:
— Қорқасың, ә? Дұр-р-рес, дұр-р-рес. Сонымен мектептi нағылдыңдар?
— Нағылайық, кеше ауатқомқа кiргенмiн. Басшылар әуелi ойланып көрейiк деп едi,
ақыры келiстi.
— Онда жақсы болды ғой. Балдарды төрт кләстi бiтiргесiн Жосалыға апарып,
дiңкәмiз құрып жүр едi. Үйдiң жанында өзiң бас-көз боп, оқытқанға не жетсiн.
— Әрине. Егер күзге дейiн жаңа мектептiң қабырғасын тұрғызып, төбесiн жауып
дегендей...
— Не, не?
— Төбесiн жауып, еденiн сырлап...
— Оны кiм сырлайды?
— Мына сенi мен бiз.
— Қой, қарағым, бiр қолымды екi ете алмай жүргенде сенiң үшкөлiңе барып, жұмыс
iстейтiн жағдайым жоқ. Балдар оқымаса, терiсiнен оқысын, — деп, Төребай шошынып,
бар дүниеден түңiлгендей қолын сiлтеп шыға келдi.
Ержiгiт күлдi:
— Бәрi бiр iжқайда қашып құтыла алмайсың. Үйтсең, ана Пұсырман...
— Өй, оны қойшы, — Төребай көзiн сығырайта қарады да, сыбырлай сөйледi. —
Айтпақшы, сен байқадың ба, бiзбен бiрге тергеушi келе атыр. Қасында түсi суық екi кiсi
бар.
— Қойшы, рас па?
— Рас, рас. Өз көзiммен көрдiм. Пойыз жүрер кезде бәгоннiң арт жағынан келiп
мiндi.
— Онда... бiрдеме болды десейшi.
— Айтпа, болды. — Төребай шырт түкiрдi. — Надандық деген қиын ғой. Баяғыда,
сен жассың, бiле бермессiң, ел жаңа-жаңа қалқоздаса бастағанда, Ақмырза қажы
көтерiлiс ашты емес пе? Соған қатысқан кiсiлер ұсталып, жазасын алды. Ояғын ана
әгент Төлес Әлмақан бар ғой, иә, сол бақайшағына дейiн жақсы бiледi. Ал, ана ұры
Iзет... Елдесiп ше... иә, сол бiраз уақыт бойы ұстатпай, қашып жүрген едi. Соны бiр
қапысын тауып, мiлитсәлар ақыры қолға түсiрген едi. Надандықпен осылай оң-терiстi
бiлмеген жаман-ау!
— Оған не сөз бар.
— Бала солай. Әгәр бiздiң ауылдан түсер болса... сонда кiм болды екен?
— Мүмкiн, сен шығарсың, — деп күлдi Ержiгiт.
— Өй, енеңдi с...‚ басыңа көрiнсiн.
— Ау менiң енем... Өзiңнiң апаң емес пе?
Төребай қып-қызыл боп кеттi. Ол ауылдағы Пiрмақанның тоқалы Нұрсұлудың
сағағынан үзiлiп‚ бой жетiп отырған сұлу қызы Ранайдың Ержiгiтпен сөзi бар екен
дегендi өткен жолы әйелiнен естiп едi. Бiрақ ауыл арасының қаңқу сөзiне кеуiл бөлiп
жатпай‚ бiр сiлтеген де, басқарма Көптiлеуге бiр шаруасымен кеткен-дi. Кейiн де осы
әңгiме бiр рет алдынан шықты. Бұл оған да құлақ асқан жоқ. Нұрсұлумен бөле боп
келетiн Төребай Ранайдың жас кезiнде Көбектегi Қаратоқа, iрiп-шiрiген бай әкесiнен
қалған қоры әлi үзiле қоймаған Шілмәнның есалаңдау Малбағарымен атастырылып
қойылғанын, бесiк құдалардың арасында аяқ-табақ қатынасатынын жақсы бiлетiн. Ендi
мына “өшетiлдiң” шабына ши жүгiртiп, мысқылдап тұрғанын көрiп, күйiп кеткен ол
iшiнен: “Со қызды саған бергiзсем, Төребай атым құрсын!” — дедi де: