Стр. 50 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

— Мынау — құдағайдың сыбағасы, — деп, бiр қойдың жарты етiн қапқа салып
бердi.
— Алдыраз болсын.
Олар кiдiрмей атқа қонды. “Бiрлiктен” ұзап шыққасын, Пiрмақан Көптiлеу жаңағы
сөздi неге айтты деп ойлады. Бiр сәт құда-жекжат боп, өзiне науадай кұйып тұрған
майлы жерден бiратола айрылғандай көрдi. Iштей сол байланысты үзгiсi келмедi. Бiрақ
оны кәйтiп жалғаудың ретiн таппай қиналды. Айналасын қоршаған жетi қараңғы
түндей келер күннiң тасасында не тұрғанын анық көре алмады.
10
Ранай Байқожадағы бастауыш мектептi тауысқасын‚ баласын уысынан шығарғысы
келмеген әкесi ешкiмнiң айтқанына көнбей, отбасында отырғызып қойған едi. Қыз
әуелi шешесiне айтқызып, әкесiне Жосалыдағы темiржолшылардың мектебiне барып
оқысам деген тiлегiн жеткiзiп көрген болатын‚ бiрақ Пiрмақан алған бетiнен қайтпады.
Сүйтiп жүргенде оқу жылының мерзiмi өтiп те кеттi. Ендi сағы сынған Ранай
кiтаптарын сандықтың түбiне атып ұрып, үй шаруасына көмектестi. Бертiн келе,
әкесiнiң әрi қарай оқытпайтынына оның көзi жеткесiн‚ бәлиғатқа толған науша
бойжеткен қыз салтанатын құрып, күтiнiп киiнiп, осы төңiректегi жiгiттердiң арасынан
өз теңiн тапсам деген ойға бекiндi. Әуелгiде бұл сырын жан адамға тiсiнен шығармады.
Қау-қау әңгiме тарай қалса, ана құдандалы жердiң ерте қамданып, жесiрiн тездетiп
қолына алуға тырысатынын бiлдi. Бұл уақыт ұта жүрiп, кеуiлiнiң қалаулысын iздедi.
Ешкiмдi ұнатпай‚ көп жүрдi. Қыз ақыры Ержiгiттi ұшырастырды. Бiртоға жiгiтке жан
сарайында жатқан ең ыстық, ең жақсы сөздерiн қалай жеткiзудiң ретiн таппай көп
қиналды. Құр әуре-сарсаңмен бiрнеше ай өттi. Ойын-тойда, отырыспаларда кездесе
қалса, жiгiт баяғы томаға-тұйық қалпы мiз бақпай қала бередi. Сорлының жiгiттiк
жалыны оянып‚ басқалардай мұны үйiртпектеп, сөз айтумен iсi жоқ. Жапанда жападан-
жаңғыз өскен дарақтай оқшаулана бередi. Ол бөлектенген сайын‚ қыздың ынтызары
одан жаман құриды. Ылғи оның қас-қабағын аңдып бағады. Күлсе, күледi, жымиса,
жымияды. Кейде бет-әлпетiнiң қалай өзгергенiне дейiн аумастан салып ала қояды.
Ранайға жiгiттiң жәй айта салған сөздерi де бөлекше боп көрiнедi. Оны Ержiгiт те
аңдайтын сияқты. Кейде мұның бетiне тесiлiп, ұзақ қарап қалатыны бар. Ондайда екi
бетiне әлдекiм шоқ басып, қарып жатқандай Ранай өрттей қызарып кетедi. Iшiнен жiгiт
өзi аңсаған ыстық, жақсы сөздердi қашан айтар екен деп асыға күтедi. Бiрақ Ержiгiт
жұмған аузын ашпайды. Ақыры осы сергелдеңдi сезген Күлбарам қол ұшын бердi.
Ағеден жеңге екi жастың бiр-бiрiн ұнатып жүргенiн дер кезiнде аңлап‚ екi араға
жеңгетайлық еттi. Содан берi Ранайдың жатса-тұрса бар тiлегi Ержiгiттiң үстiнде.
Бүгiнде соны есiне ап‚ өз-өзiнен қысыла күлiмсiреп отыр едi, шешесi маңызды әңгiме
айтатынын байқатып‚ берi бұрылды. Даусы әдеттегiден жылы шықты:
— Балам-ау, осы сенiң не ойлағаның бар?
— Не ойлайын‚ апа. — Ранай оған үрке көз тастады.
— Әй, қарағым, қыз бой жетсе, бiр тiнi iшiнде деп бұрынғылар тегiн айтпаған ғой.
Шеше көзi сыншыл. Күн сайын өзгерiп барасың...
— Қойшы, апа. — Ранай өз бойындағы өзгерiстi жасырғысы келгендей шешесiнiң
жүзiне тiктеле қалды.
— Қарағым-ау, қойың не? Мен айтсам, сенiң қамыңды жеп айтам. Балалық жасап,
қор болмаса екен дейiм. Кеше әкең келiп бiраз жайды көңiрсiттi. Айналайын-ау,
шешеңнен неге сырыңды жасырасың? Менi кiмге барып жаяды дейсiң?
— Апа, — деп Ранай шешесiне екiоқты боп қарады. Соңғы кездерi кеудесiн
толтырып жiберген қуанышты жасыра алмай, әлденеге бар сырын анасына ағынан
жарылып айтқысы кеп кеттi. Сол арада алды-артын ойлап жатпастан: — Құдай нашар