Ержiгiт үйге кеуiлсiз қайтты.
12
Көптiлеу күнi бойы егiндi аралады. Биыл бидай, тары, жүгерi бiтiк. Кей атыздарда
аптап соғып‚ жаңа-жаңа сарғыш тарта бастаған масақтардан жер бетi көрiнбейдi. “Биыл
қалайда “Қызыл тудан” озу керек”, — деп ойлап қойды ол. Көптен берi көршi
аудандағы “Қызыл ту” колхозы Шөмекейдiң Аюы Пiрiмов Қашақбай басқарма
болғаннан берi облыста бiрiншiлiктi бермей келе жатқан едi. Жылда олар мемлекетке
тонналап астық сатады. Шаруағой басшының арқасында колхозшылардың да хал-
жағдайы жақсарып қалды, қатын-баланың үстi-басы бүтiнделiп, қазандары оттан
түспейтiн болды. Қашақбайдың өзi былтыр Жоғарғы Советтiң депутаты боп сайланды.
Сонда мұның iшi күйiп кеткен едi. Жастайынан құлын-тайдай тебiсiп бiрге өскен
құрдасының қолын алуға да жарамастан, атына мiне сала ауыл қайдасың деп тартып
отырған-ды. Содан берi қарауындағы кiсiлерге маза бермей, қалайда көп өнiм алуға
битiн салып жүр. Ендi, мiне, көз жеткiсiз алқапта мүлгiп жатқан бидайды көрiп, кеулi
бiтiп келедi. Ол ендi бастан-аяқ аралап шыққасын‚ отақ отап жүрген Қоңырбайдың
бригадасына соқты. Одан шығып кеңсеге келгенде‚ күн төбеге көтерiлiп қалған едi.
Iшке завхоз боп iстейтiн Ертiлеу ере кiрдi. Көптiлеу орнына барып жайғасқасын‚
ауданға жiберiлетiн ақпарды стол үстiне жайды. Бұл оған аса назар аудармай, кенет
iнiсiне көзiнiң астымен барлай қарады да:
— Осы сенiң не ойлағаның бар, а? — дедi.
Ертiлеу қысылып, қоңыр бетi қызғыш тартты:
— Iжқандай да.
— Өй‚ бәрекелде. Шиеттей үш балаңның жүрiсi анау. Ендi солардың жағдайын сен
ойламағанда‚ кiм ойлайды?
— Аға-ау, ойлағанда кәйт дейсiң?
— Сөз болғаныңа, қатын ал.
— Басы бос iжкiмнiң ретi жоқ.
— Өй, құдай-ай, жан-жағыңа көзiңдi ашып қарамайсың ба? Жақсы жездеден балдыз
құтылып көрген бе?
— Олай боп жатса... — Ертiлеу ыржалақтап қойды.
— Болмайтынды болдыру керек.
Ертiлеу кеткесiн‚ ол Пұсырманды шақыртып алды. Ақ кительдi, сұлулап қойған қара
мұрты бар, бетi жылтыраған қара кiсi хром етiгiнiң табанын сықырлата басып кеп‚
орындыққа салмақпен отырды,
— Бүгiн ауданға жүрем. Партияға бiзден биыл кiм өтпекшi осы?
— Нұрғабыл, Қоңырбай, Дәуiт...
— Дәуiт тiзiмде нағып жүр? — деп Көптiлеу тiксiнiп қалды.
— Өзi ғой өтем деп арыз берген.
— Сызып таста. Қай жерде құда жолы, қай жерде ас болса, Дәуiт сонда. Ондайдан
қандай саналы қоммунист шығады? Терең ойлау керек едi, — деп, әлi де тайызсың
дегендi аңғартқандай, Пұсырманға тесiле қарады.
Ол сыр бермедi.
— Қалғандары дұрыс, хатшыға кiргенде, айтармын. Ал мен келгенше
шаруашылыққа өзiң бас-көз бол. Отақ отауға ауылдағы барлың кемпiр-сампыр, бала-
шағаға дейiн шығатын болсын. Кейiн еңбеккүн беремiз де...
— Жарайды. — Пұсырман iркiлдi. — Былтыр да сүйдеп... еңбеккүн бермеп ек...
— Былтырдағы шаруаң не? Биыл анық беремiз де.
— Жақсы, Кәке.