Стр. 62 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

кейбiр iсiне күлiп, тыйым салғанын тыңдамастан, насыбай аттық. Ендi жастар бiзге
күлiп, арақ iшсе, оның не айыбы бар?
— Сонда кейiнгiлер үлкендердiң бетiнен ала түссiн демексiң бе?
— Ала түс деп отқан мен жоқ. Бiрақ заманы солай болса, кәйтесiң? Бiр кiсiнiң
қолынан не келедi?
Iшке Ранай кiрдi. Жаңа ғана сауып алған түйенiң қою сүтi құйылған тостағанды шәй
құйып отырған шешесiне ұсынды. Аялы қара көзi жаңағы iнгеннiң жаңарындай мөп-
мөлдiр, қара судай тұп-тұнық екен. Iзет көзiн тайдырып әкеттi. “Апырмай, мұндай да
сұлу бола бередi екен-ау! Ертең бұ да бiр оспадарсыздардың жетегiне кете ме? Әлде бiр
келеңсiз ат артына сап‚ алып қаша ма?”
Пiрмақан Iзеттiң алдына iрiмшiк пен женттi ысырды:
— Iзеке, мына дәмнен дым алмадың ғой.
— Алдыраз болсын. Көп алдым.
Iзет қас қарая үйiне жеттi. Күлдiр мұның жолына қарап, екi көзi төрт боп, күтiп отыр
екен. Шалының қарасы көрiнгеннен, iш жағында қалың өрттей лап ете түскен
қуанышын жасыра алмай, жүзi кiрiп сала бердi. Iзет үндемей, атынан дүрс етiп түстi де‚
атының ауыздығын алып, тұсап жiбердi. Қайтып кеп, баласын алдына алып отырды.
Күлдiр дастархан жайып әлек. Шәй үстiнде ол батылсыздау:
— Қанатжанның әкесi, бүгiн кеш қайттың ғой, — дедi.
Iзет қайда барғанын айтты.
— Кеше ғана ас берген. Сонда бұл түйенi құдасына қиғаны қалай?
— Ояғын... қайдам, — дедi Iзет.
— Тағы да құда түскелi жүрмесiн.
— Қойшы, — деп Iзет тiксiнiп қалды.
— Қанатжанның әкесi-ау, Көптiлеу артын көздемесе, қымбат малын iргесi ырсиып
кеткен бұрынғы құдасына бере қоя ма? Осында бiр кәкiр бар сияқты. Әнәукүнi Ранайды
ана Ержiгiт алады екен деп Күлзи сампылдап жүрген едi. Ал Ержiгiттi басқарманың
суқаны сүймейдi емес пе?
— Шынында да солай екен-ау, — дедi Iзет ойланып отырып. — Сонда Ертiлеуге
басқа басы бос бiреудi таппағаны ма?
— Басқа кiсiге жiп тақса, көбiрек шығындалады. Әрi бала-шағалы кiсiге кiм тие
қояды? Ал мынау өз жүрәтi, салмақ салу да оңай...
— Апырмай, ?! — Iзет таңданып, қолымен мұртын сипап қойды: “Мына қу менiң
басымды дауға шата бастады ма?”
Күлдiр сорпасы қара қазанның ернеуiнен асып, отқа быж-быж етiп төгiлiп жатқан
еттiң қанды көбiгiн алайын деп ошақ жаққа кеттi.
Iзет шынтақтап жатты. Сыр даласында әлi де көрсететiн көп хикметiн жасырғандай
боп, ой-қырды көзден тасалап, қалың түнек түксиiп келедi.
16
Есiк сарт етiп ашылды. Пiрмақан үлкен ұлының өрт сөндiргендей қап-қара боп
кеткен түрiне шошына қарады. Жаңа ғана Күлбарамнан мән-жайды естiп‚ тас-талқан
боп бүлiнген Сәдiрмақан әкесiне келе тиiстi:
— Осы сендер не iстеп жүрсiңдер? Бiресе Шiлмән дейсiңдер, бiресе Көптiлеу
дейсiңдер. Ендi жетпегенi осы едi, — деп қыза сөйлеп бара жатыр едi, Пiрмақан
қабағын шытып, сөзiн бөлдi:
— Әй, қарағым, сен не бiлiпсiң әлi? Екi иiнiңнен дем алмай, сабаңа түс. Рас,
Көптiлеу сөз салды, қайтадан құйрық-бауыр жейiк дестi. Оның не ерсiлiгi бар? Бiз әлi
оған жауабымызды берген жоқпыз ғой.
— Бермесеңдер, тiптен жақсы. Аулақ жүрсiн!