Стр. 63 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

Әкелi-балалы екеуi тiлге келiп қала ма деп қорыққан Нұрсұлу:
— Таңғы ас қой, нан ауыз ти, — дедi.
Кәдiрмақан малдас құрып отырды. Кеше Жосалыға барып қайтқан ол соңғы кезде
өзiне жабысқан сырқаттың сырын түсiнбей, басы дал боп жүр. Кенет себепсiзден-
себепсiз ыржиып, ит тiсiн көрсете әкесiне қарады:
— Iнгендi ол сұм неге әкелдi?
— Ау, жақын болғасын берген де, — дедi де, қара шал қитығып қалған қалпын
бұзбастан отыра бердi.
— Әлде қалыңмалы шығар?
— Аға, сен немене осы, азаннан келе тиiсiп? Әке-шешеңнiң асырап-абырағанда
көрейiн дегенi сол ма? — дедi Сәдiрмақан сөзге араласып.
— Өй, сен де бiр. Ендi сөз саған қалды ма? — Кәдiрмақан қолын бiр сiлтедi. —
Мына нәстенi қойыңдар. Кәзiр заман басқа. Жас адам өзiнiң кеулi қалағанына барсын.
Зорлап берсеңдер, ертең көз жасына қаласыңдар ғой.
— Сонда ата-ананың бағып-қаққан еңбегi далада қала ма?
— Немене, ата-ана өз баласын малға сату үшiн өсiре ме екен? Ау, ұрпағын тәрбиелеу
әркiмнiң парызы емес пе? Кәзiр бұрынғы заман емес, соны түсiнетiн уақыт жеттi.
— Ал, түсiнейiк‚ — дедi Пiрмақан сөзге араласып. — Осы менiң басым жетпей
жүрген бiрдеме бар. Ата-ана өз баласына өзi қожа. Олар өмiрдiң ащы-тұщысын татқан‚
ыстық-суығын көрген кiсiлер. Кiм-кiм де ертең өз перзентiнiң қатарынан кем болмай,
жақсы тұрмыс құрып‚ орынды жерге барғанын қалайды. Ал әлi оң-солын танып
үлгермеген жас бала не бiледi? Қыздырманың сөзiне қызығып кеткенiмен‚ соңыра
бармағын тiстейдi. Менiң де ойым осы. Балам орынды жерге барсын дейiм.
— Әке-ау, дүния-мүлiкке үй iшiн сықайтып қойсаң да, кеулi қаламаған кiсiмен өмiр
сүру қиын емес пе? — дедi Кәдiрмақан.
— Мына бiз де айттырылған қызымызды алдық. Содан iждемемiз кеткен жоқ.
— Ол кез басқа, бұ кез басқа.
— Сонда немене ата-баба дәстүрiн ұмытуымыз керек пе?
— Мен басқасын бiлмеймiн‚ ал мына құдалықты қойыңдар. Мұның түбi жақсылыққа
соқтырмайды.
— Жарайды, оны кезiнде көрiп алармыз. — Пiрмақан тәжiкелесе бергiсi келмей,
сыртқа шықты. Қолына кетпенiн алып, кеше қамба жасап кеткен жерiне қарай аяңдады.
Соңынан Сәдiрмақан салпақтап ерiп келедi. Шал оған көз қиығын тастады да, ерiксiз
үлкен ұлын есiне алды. Сол екен, көптен берi жанын қинап жүрген тосын бiр ой тағы да
мазалай бастады. Апырау, осы заман не боп барады? Кеше ғана ата-ананың айтқанынан
қайт етпейтiн Кәдiрмақан күн санап бөтен мiнез ашып келедi. Кейде мұның сөзiн
құлағына қыстырмайды. Бұ не өзi? Қай қазақтың ұлы мен қызы әке-шешесiне қарсы
шыққан? Өзi де, өзiнiң әкесi де осы ата-баба жолын берiк ұстап, олардың айтқанын
тыңдады. Бiрақ кәзiргi жастар оны керек қылатын емес. Сонда тапқан пайдасы кәне?
Бұрынғы әдет-ғұрып, ата жолы мүлдем ұмытылмақ па? Жоқ, бұл оған көнбейдi. Бiрақ
көнбейiн десе, бiр отбасына сыйыспай, мұның бiтуажасын жыр деместен еншi алып
кеткен үлкен ұлы күн санап алақанға құйылған судай уысынан бiртiндеп шығып бара
жатыр. Соны көрген кейiнгiлерiң не iстемейдi деуге болады? Ертең Сәдiрмақан мен
Балмақанның да сүйтпесiне кiм кепiл? Осы сөзiн растағандай, соңғы кездерi
Сәдiрмақан да еншi жағын тұра айтпағанмен, құлаққағыс қылғандай рай көрсетiп жүр.
Онда да кенже iнiсi Балмақанға қашан келiн түсiресiң деп, оның қамын ойлаған боп, өз
ниетiңнiң шет жағын қылтитып шығарды. Ал, керек болса! Содан бастап қара шал
қатты дағдарып қалды. Шынында да, осы менiң iстеп жүргенiм ерсi емес пе? Бiрақ
жастардың бұйдасын мойнына салып жiберсе, арты неге апарып соғады? Ертең бәрi
быт-шыт боп бүлiнiп, азып-тозып кетсе, ел күлмей ме? Бар баласын бiр шаңырақтың
астында ұстап отырайын десе, берекесi кеткен дәстүрдiң шеге топырақтай басы
бiрiкпей, ырың-жырыңы шығып барады. Оның үстiне қайын жұрты қолтығына су