Стр. 65 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

ыңғай бермей отыра бердi. Осы кезде әндетiп есiк ашылды. Кешкi ала көлеңкеде сәлем
берiп, iшке еңкейiп кiрiп келе жатқан кiсiнiң түрi-түсiн жыға танымаса да, даусынан
шырамытып, Пiрмақан: “Ит-шошқа, бiрдеңенi сезген болды ғой”, — деп асығыс ойлап
үлгердi. Тек сыр берместен, кәдiмгi машығына басып, төрден орын ұсынып‚
бұрынғыша жiк-жапар болмаса да, пейiл бiлдiрген түр көрсеттi. Онысына қарап жатқан
қонақ жоқ. Iшке кiрген теке сақалды, пайғамбар жасына жақындап қалған шал асықпай,
үстiндегi жеңiл жадағайын шешiп, есiктiң қыр көзiне қағылған әйдiк қара шегеге iлдi;
саптамалы қазақы етiгiн босағаға дүрс еткiзiп тастады да, аяғын сыздана басып төрге
шықты. Отырысы да салмақты, айбарлы. Қаққан қазықтай қатып қалған бойы бұл
жолғы келiсiнiң түрi бөлек екенiн ескерте түскендей, әлi де дүмдi екенiн сездiргiсi
келгендей айналаға айбарлана қарайды. Әсiресе, қатпарлана бастаған жүзi әр
қыртысының астында зiлi мен кекесiнi ұйып тұнып қалғанын көрсеткендей сұсты,
суық. Сөйлегенде аузы сәл ашылып, иегiндегi сақалы қырғауылдың құйрығынша
шошаң-шошаң етедi.
Аман-саулық сұрасқан соң, Шiлмән мен Пiрмақан iштей бiр ыңғайсыздықты сезiп,
жақтары қарысқандай, бiраз уақытқа дейiн үндемей қалды. Сырттан түскен жарықтан
қабырғадағы түрiкпен кiлем неше түрлi құбыла қызарады. Оның жоғарғы жағындағы
шегеге iлiнген тобылғы сапты төрт өрме қамшының сабы қызыл қоңыр тартып, бiр
кезде әруақты болған осы үйдiң өткенiн еске салғандай салбырап тұр. Бойра төселген
едендегi қошқар мүйiздi неше түрлi айшықты өнерi бар терме алаша да баяғы заманнан
хабар берiп, осы отбасының әлi де қыры жығыла қоймағанын байқатқандай.
Шiлмән соларға қызыға да, қызғана да қарап отырып, сонау жылдары әкесiнiң асып-
тасыған шағын есiне ерiксiз ала бердi. Ол кезде көп Төртқара руына арқа сүйеген
Шiлмән жиырма жыл бойы болыстықтың тiзгiнiн қолынан шығармай, осы өлкедегi
Нияз‚ Төлес, Сарыбай, Қошқаралы, Сырым тәрiздi руларды ашса алақанында, жұмса
жұдырығында ұстады. Қыз ұзату, келiн түсiру, шiлдехана, той-томалақ бұнсыз өтпейтiн
едi. Жер, жесiр, барымта даулары кезiнде алды-артына үнемi қадағалап көз жiберiп
отыратын әкесi әлсiзiн әлдiсiне, малсызын малдысына жығып беретiн-дi. Содан кейiн
мұның Қызылда жасырын ұстайтын малына мал қосылып жататын. Сол жылдары мың
жылқы бiтсе де‚ айдыны тасып, билiк қолына тимей жүрген Пiрмақанның әкесi бiр
жиында болыспен iлiк-шатыс болсақ деген ниетiн бiлдiрген-дi. Төртқараның осындай
iргелi байымен құдандалы болу Шiлмәнға да тиiмдi едi. Арада көп ұзамай мұнын қыли
көз баласы Малбағар мен Ранайды бесiкте жатқан жерiнде атастырып, құда-құдағай
боп, құйрық-бауыр жескен-дi. Кейiннен заман өзгердi. Әке балаға, аға iнiге бас бұра
алмайтын алмағайып шақта әке-шешесi Бұқар асып, аштан өлдi. Өзi шиеттей
балаларын ертiп, темiржолға жұмысқа кiрiп, жан сақтады. Сол кездерi де Шiлмән
құдасынан қол үзген жоқ. Бұрыннан берген қалыңмалы аздай-ақ, әкесiнен қалған он
шақты жылқының құлынын ана жылы ортаншы баласына еншi қылды. Қатындар
қатынасып жатқандағы қалта-дорба, көйлек-көншекте есеп жоқ. Сүйтiп жарғақ құлағы
жастыққа тимей жалпылдап жүргенде, айттырылған жесiрiнiң қайдағы бiр жалаңаяқпен
айдың, күннiң аманында екi көзiңдi бақырайтып қойып, қашып кетпесiне кiм кепiл?
Оның үстiне соңғы жылдары сiңiрi шығып, құт қаша бастағаннан берi, Пiрмақанның
кеуiлi де өзгерiп барады. Кеше Төребайдың айтқанында бiр гәп бар. Әке-шешеден тыю
болмаса, бас-еркi өзiне тиген албырт жас не iстемейдi? Егер жесiрi басқа бiреудiң
етегiнен ұстаса, мұның қолынан не келмек? Кәзiр қалыңмал даулап жатар заман емес.
“Нағылса да артын ойламаған екем”, — дедi iштей Шiлмән даусының ақырын шығып
кеткенiн аңдамады.
— Немене, жәй ма, құда?
Шiлмән селк ете қалды.
— Жәй, әшейiн. Адам үлкейгесiн‚ кiсiге қайдағы-жайдағы ой деген... былай... үйiр
бола бередi екен. Кейде өзге түгел өз балаңа да сенбей қарайсың. Кешегi ата-
бабамыздың өнегесiн насияттасақ, олар оны әжуа көредi. Ескiлiк десе, айдаһарды