жiптi қиып жiбердi. Сосын ешкiнi көтерiп, асыға-үсiге жерге түсе бердi. Сол арада аяғы
қиыршық тас аралас топыраққа тие бергенде, тайып кетiп, ешкiнi астына ала етпетiнен
құлады. Басындағы темiржолшылардың күлгiн фуражкасы жерге далп ете қалды. Сол
арада ызаланып кеткен Төребай орнынан атып тұра сала, жерден ендi көтерiле берген
ешкiнi iшiнен ыңқ еткiзiп бiр тептi.
Кезекшi Мұздақбай мен кондуктор вагондарды жағалап, әрi қарай жүгiрiп барады.
Ержiгiт аң-таң:
— Бұ кiм болды екен, а?
— Оны бiз қайдан бiлейiк. — Сылыңғыр Қыжым қара ернiн сылп еткiздi. — Бiздiң
бiлетiнiмiз...
— Ойбай, шешей, аузыңа құм. Өзi тұр, — дедi бiр жас келiншек сол арада оны
бүйiрiнен шымшып.
Қыжым терiс айналып кеттi. Ендi басқа қатындар мұны ортаға алып, қылжақтай
бастады:
— Қасқа-ау, құлайтын болғасын пойыздан түсiп нең бар!
— Тоқтағанын күтпедiң бе?
— Асыққан шайтаннын iсi деген‚ — дедi Үрзия кекетiп.
— Баяғыда... Сәдiрмақанға тигенше өзiң де асыққан жоқсың ба? — дедi Ержiгiт одан
әзiлмен құтылғысы келiп.
Әйелдер ендi оған тарпа бас салды:
— Е, бәсе, сенiң сүйткенiң қайда?
— Қашан қосылғанша... екi көзiң төрт болып...
— Ендi ақылды бола қалғанын қарай гөр!
Осы кезде ешкiсiн жетектеп, Төребай олардың жанына келдi. Оны көре сала Қыжым
жұлқынып ортаға шықты:
— Ау, ешкi сатып апсың ғой, құтты болсын!
— Айтсын! — Төребайдың даусы тамағына тас тiрелгендей тұтығып шықты. Ол осы
ауылда содан ғана сескенетiн. Ендi Қыжымның өзiне тас кенеше жабыса түскенiнен
шошып, бiреу ерiксiз отқа итермелегендей керi шегiндi.
— Ау, тоқта, қайда барасың? — деп, Қыжым оған ентелей түстi.
— Iжқайда да.
— Әлде... үйiңе ме? — Екi көзiнде мысқыл аралас суық сәуле ұшқындаған Қыжым
оған қулана қарады. — Сенi ол бiр керек қып отқандай. Сен болсаң, түу ит өлген
жерден ешкi сатып ап, қан сорпаң шығып келесiң. Сонда... дейiм-ау‚ о сiптiр сенiң
кәдiрiңдi бiлсе екен-ау...
— Не, не? — Төребай алдына қарай сәл еңкейiп‚ оны ұрып жiберетiн кiсiше ежiрейе
қарады.
— Ненi қой, онан да мына ешкiңдi қашан соясың?
— Е, неге соям?
— Неге соям? Саған мал құтаймайтыны бес енеден белгiлi нәсте емес пе? Қораңа екi
қозының басы көрiнсе-ақ, пышағыңды қайрап, жалаңдал отырғаның...
— Әй, жеңiше-ай, — дедi Төребай өтiрiк күлiп. — Оны... менi қай бiр ет жегiсi кеп,
тiсi қышығандықтан iстейдi дейсiң. Менi құртып жүрген ақкеуiлдiлiк қой. Баяғы қол
ашықтығыма басып жiберiп, қолдағы малды жайратам да салам. Болмаса бүгiндерi осы
стансадағы мынауский деген кiсiлердiң қатарында жүретiн едiм.
— Ендi мына ешкiңдi сойып жүрме.
— Неге соям? Көрдегi әкем қайта тiрiлiп келсе де соймайым.
— Әй, қайдам.
— Оның iж қайдам-сайдамы жоқ, кәзiр содан аузым күйiп те жүр.
— Жарайды, оны кезiнде көре жатармыз. Сен мынаны есiттiң бе?