Ранайға жолшыбай Күлбарам жолықты. Түнде қамшы бетiне тиiп кеткен екен, iзi
қызара көрiнiп тұр. Жеңгесi Кәдiрмақанның түнiмен бүлiнгенiн айтты. Ранай үндемедi.
Сосын Қызкүмбез жаққа қорқасоқтай келе жатып, кәзiр быт-шыты шыққалы тұрған
мұнараға көз тастады. Оның үшкiр басындағы айшығы күн сәулесiне шағылысып, көз
қарықтыра жарқ-жұрқ етедi. Қыш керпiштерiнiң ауырлығына қарамастан, өн бойынан
сымбаттылық‚ жеңiлдiк байқалатын‚ құдды киiктiң лағындай әлденеден үркiп, елеңдеп
тұрған мұнараның бойы ұзара түсiп, бiр демде қара жерден сонау зеңгiрге ұша
жөнелетiн сияқты.
Ранай оған қимай қарады.
19
Қызкүмбездiң басына жақындай бере тоқтаған ауыл кiсiлерi кәзiр жерден жiк шыға
келетiндей үрпиiсiп тұр. Өзара күңкiлдесiп қояды. Көптiлеу, Елеусiн‚ Қоңырбай,
Пұсырмандар бiр жақта тұр. Ауыл қатындары да тегiс келген. Бәрi де айт-тойға
баратындай, жылтыраған тәуiр киiмдерiн иығына жапсырып шығыпты. Тек қана
Ержiгiт кеуiлсiз. Жастайынан хикаясына құлағы қанып өскен ол күмбездi кiмнiң бұзуға
көзi қиғанын бiлмей дал. Кеше ғана жаңа мектеп үйiн саламыз деп керпiш басып едi,
бүгiн сол тәттi қиялы ит тиiп, арамдап кеткен астай салқын тартып сала бердi. Бағана
шет жағалап Елеусiнге өз ойын айтып көрiп едi, ол үндеген жоқ. Ержiгiт ендi сол сөзiн
Пұсырманға айтып көрмек болды.
— Пұсеке, бiз осы Қызкүмбездi бұзғалы жатырмыз. Мұнымыздан ел ертең шошып
кетпей ме?
Пұсырман бұған ажырая қарады:
— Не деп шошиды?
—Халық еш уақта мола бұзбайды емес пе? Ал бiз...
— Қорқатын түгi де жоқ, — деп Пұсырман киiп кеттi. — Бiз оны кәдеге
жаратпақпыз. Керпiш жоқта бұны қалайша құр қаңқитып қоямыз?
— Бiз керпiштi басып болып та қалдық. Ендi...
— Бала, көп сөз неге керек. Кәне, жүр.
Екеуi жиылған халықтың алдына шықты. Пұсырман дабырласқан жұртқа қарап, оң
қолын басынан асыра жоғары көтердi. Ел тынышталғасын‚ қолымен Қызкүмбездi
көрсетiп:
— Жолдастар, — дедi. — Мына Қызкүмбез педәлизм кезiнде жасаған бiр байдың
қызының басына қойылған екен. Бiз кәзiр байларды тап ретiнде жойдық, бiрақ ескiнiң
сарқыншағын құрта алмай келемiз. Соның бiрi — осы күмбез. Бiз оны бұзып,
керпiшiнен мектеп саламыз. Мұның зор саяси мәнi бар...
Көптiлеу мырс етiп, қасындағы Қоңырбайды бүйiрiнен түрттi:
.
— Бұл сөзiн аяқтаймын дегенше түс болады.
Ол жұмған аузын ашпады.
Пұсырман сөзiн бiтiргесiн‚ Төребай алға шықты:
— Менiң бiр сұрағым бар. Жарайды, Қызкүмбез ескiнiң көзi дейiк. Егер ескiнiң көзiн
iздей берсек‚ ол осы маңда көп қой.
— Қысқасын айт, — дедi Пұсырман шыдамсызданып.
— Қысқасын айтсам, былай, күмбез ескiнiн көзi болса, Пұсеке, өз әкеңнiң басындағы
төртқұлақ та сондай емес пе? Сонда оны неге қиратпайсың?
Ел ауыздарын қолымен басып, әр жағынан қыштап келiп қалған күлкiнi әзер iркiп
тұр. Пұсырман ашуланып:
— Сен қандай үгiт таратып тұрсың осы? Әлде көнтiрсiң бе? — деп Төребайға қадала
қарады.