Стр. 76 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

Төребай шошып кеттi:
— Құдай сақтасын!
— Ендеше, қолына ана жатқан балғаны ал, бiрiншi боп өзiң кiрiсесiң.
Төребайдың түрi бұзылып сала бердi. Iшiнен: “Өзiмнiң де тiлiмдi кесетiн кiсi жоқ”,
— деп кiжiнiп, қолына амалсыздан ауыр дәу балғаны алды.
Жұрт қораланып тұр. Пұсырман ортаға шықты да, қолын басынан асыра жоғары
көтерiп, төмен сiлтеп қалды:
— Кiрiсiңдер!
Дариянын сол жағасында атам заманнан берi тұрған‚ жылан жонданып күмiс
жалатқан өрнегi көз арбайтын, қызғылт қыш керпiштен салынған Қызкүмбездiң
жанында тұрған ел дүр ете түстi. Бәрi де көздерiнде жылт ете қалған үрейдi жасыра
алмай, шошына қарап қапты. Сол қорқынышты еселей түскiсi келгендей, жiпсiз
шырмалған Төребай дәу балғаны басынан асыра көтерiп сәл тұрды да, көзiн жұмып,
сiлтеп кеп қалды. Тосын шыққан дыбыстан құлағы шың ете түстi. Болат балға қыш
керпiшке тигенде, шақ еткен дыбыс шығып, от жарқ ете қалды.
— Сұбханалла! — деп‚ Дәуiт көзiн жұмды. Iштей тiлiн кәлимаға келтiрдi. “Ит неме
кiсi құрығандай менi жұмсап! Өзiнiң шәлтиiп тұрғанын қараш!” — деп Көптiлеуге
кейiдi де, қора-қора жұрттың тасасында жерге жүрелей отыра қап, сарнатып “Құран”
оки жөнелдi.
Iзет кеуiлсiз. Жұмысты да құлықсыз iстеп жүр. Кеше Көптiлеу кiсi жiберiп шақырып
ап, күмбездi бұзуға қатыс деген. Екi ортаға мұны колхозға тiзеге сап отырып кiргiзгенiн
қыстырып, соны ақтау ретiнде мына шаруаға бiлек сыбанып араласқаның мақұл деп
алдын орап тастаған. Бiрден ашықтан-ашық қарсы шықпаса да, ырымға сенетiн Iзет
iштей тiксiнiп қалған. Әрi: “Әлден бүйте бастаса, ертең менi қолжаулық қылады ғой”,
— деп ойлаған едi. Ендi Iзет екiұдай хал кешiп, ауыр балғамен қыш қабырғаны
дүкiлдетiп ұра бердi.
Бұл кезде қайла, балғалар iске кiрiсiп кеткен едi. Шақ-шақ еткен дыбыс құлақ
тұндырады. Он шақты кiсiнiң қолдары жоғары қарай шалт көтерiлгенде, жарыққа
шағылысқан қайла жөздерi жарқ-жұрқ етедi. Аспан шәйдай ашық. Тек сонау батыстан
қораланып, түсi суық бiр топ бұлт жәйiмен жылжып келедi. Соғылған балғалар бiр сәт
тына қалғанда‚ сарылдап ағып жатқан Сырдың сарыны естiледi.
Түске таман күн ыси бастады. Ауданнан келген он шақты жұмысшы көйлектерiн
шешiп тастап, жұмысқа шындап кiрiстi. Олардың орталарында — Сәдiрмақан. Олар
шаршады-ау дегенде‚ Пұсырман:
— Кәне, сендер шығыңдар, — деп Ержiгiттерге қарады.
Қорқасоқтаған жiгiттер алға батылсыздау шықты. Бетi-аузын бұршақтаған тер жуған
Сәдiрмақан:
— Әй, ыбылжымай болыңдар.тез! Ештеңесi де қағып кетпейдi, — деп оларға қарай
дәудiрлей сөйледi.
— Кәнеки, жүрiңдер, — деп осы арада Мақамаш жұлқынын шығып, Сәдiрмақанның
қолынан қайланы алды. Жiгiттер оның соңынан амалсыз ердi.
Ержiгiт қолына қайланы ұстарын ұстаса да, әлденеге қобалжи бердi. Бiрақ Пұсырман
мен Көптiлеудiң өзiне қарап тұрғанын көрiп, ыңғайсызданып‚ қолына ұстаған қайласын
жоғары көтере бердi. Оны сiлтеп қалғанында‚ жүзi өткiр болат бiр қыш керпiштi
ұшырып түсiрдi. Әне, екiншi керпiш ұшып түстi. Әне, үшiншi... төртiншi... Ержiгiт
қайланы сiлтей бердi. Бiр ретте көзiне құйылған ащы тердi орамалымен сүртiп тастап‚
демiн ап аз тұрды да‚ қайтадан жұмысқа кiрiсiп кеттi.