Стр. 78 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

жақтан жәйiмен жылжып жеткен қап-қара бұлт аспанның о шетi мен бұ шетiн тегiс
торлап, күн көзiн көрсетпей қымтап алды. Бiр сәтте маңай құлаққа ұрған танадай демiн
iшiне тартып, тып-тиыш бола қалды. Сарылдап ағып жатқан дария бетi бiр түрлi
сұстана күңгiрт тартып, салқын леп есiп қоя бердi. Одан көп өтпей түу алыстан жеткен
жортуыл сарынындай боп қаһарлана күн күркiреп, найзағай тұтаса ұстасқан қалың
бұлттың бауырын тiлгiлеп‚ ұзын жыланша ирелеңдеп, жарқ-жұрқ ете қалды. Тағы да
алыстан күн күркiредi. Ауадан жаңбыр исi шықты. Аздан соң бiр-екi тамшы сытырлап
тамып, шыт-шыт боп жарылып жатқан ақ тақырға шашырай соғылды. Аспаннан ара
қiдiк түскен тамшылар соңында мына далаға шелектеп құятын қара нөсерi барлығын
сездiргендей мұп-мұздай, баданақтай iрi. Сәлден соң найзағай қаттырақ шатыр ете
түстi. Жұрт шу ете қалды:
— Ойбай, қара нөсер жауады!
— Малмаңдай болатын болдық!
— Жасыл түсетiн сыңайы бар!
— Қашайық!
Жұрт ауылға қарай жау шапқандай дүркiреп тұра қашты. Әйелдер жаулықтары
ағараңдап, бажылдап келедi:
— Мынаның аяғы жақсы болса игi едi!
— Құдай-ай, өзiң кешiре гөр!
— Обалы Көптiлеу мен Пұсырманға!
— Иә, әруақ!
— О сүтке тиген мышықтай сықсыңдаған сары көсiк неме‚ жайына қарап тұрған
күмбезде не әкесiнiң кұны бар едi, — деп ұзын көйлегiнiң екi етегi далақтап тiзесiне
соғылып келе жатқан Қыжым Көптiлеудi жерден алып‚ жерге салды.
Жүнiстi аяғын дедектете жетелеген Ранай да ес-түсi қалмай ұшып келедi. Дем
арасында қарсы алдынан соққан жел жердегi шаңды көтерiп‚ оны шыр көбелек
айналдырып, тәнiректi алай-түлей қылды да жiбердi. Ранай қолымен көзiн көлегейлеп‚
бiр қолымен көйлегiнiң етегiн ұстап‚ жүгiрiп келедi. Ау-тауық қасында томпаңдап келе
жатқан Жүнiске қарап қояды. Осы кезде қарсы алдынан соққан екпiндi жел су-су
болған көйлегiн денесiне жабыстыра бердi. Бұрқыраған шаң көздi аштырар емес. Ол
жүгiрiп келе жатып: “Күмбездi бұзғаны несi? Ержiгiттiң оған дәтi қалай барды?” — деп
ойлап қойды.
Оның жанынан Үрзия екi аяғы сайдан сайға тимей, екi етегi далақтап, алау-далау
боп, зуылдап өте шықты. Алды-артына қарар түрi жоқ.
— Әй, қатын‚ тоқта!
Ол тоқтамай жүгiрген күйi кейiн қарай мойнын бұрды:
— Е, мен не деп тоқтайым? Ана шiрiк ағаңа сол тоқтаңды айтпадың ба? Жайына
қарап тұрған күмбезде несi бар екен? Жайына жүрудi құдай оған жазбаған ғой. Тұра
қал‚ оны өлi әруақ атады. Шиеттей баламыздың түрi анау. Менiң сиқым мынау. Сары
қарын тартпай жатып‚ жесiр қалғанның несi жақсы. Сендей сұлу да емеспiн. Мына
кескiнiммен менi кiм алады?
— Әмеңгерiң алады ғой, — дедi Ранай кекетiп.
— Өй, қарбаша қатын! Ағаңның өлгенiн тiлеп жүр екенсiң ғой! Соңыра осының
бiрiн де қалдырмастан айтпасам ба? — деп‚ ол тағы да артынан құтырған ит қуғандай
боп‚ дедектей жөнелдi.
Қара нөсер ендi сатырлап құйып бердi. Мұздай iрi тамшылар дем арасында шеге
топырақтың бетiн бытыра тигендей қып тескiлеп тастады. Көктен құйылған нұр суы
қара талдардың жапырақтарын салбыратып‚ бопыр қоралардың төбелерiн сабалап‚