тапал тамдардың әйнектерiне соғылып‚ демде айналаны ақ бұрқаққа айналдырды да
жiбердi. Сәлден соң Байқожаның маңындағы кiшкене тақырларда қақ тұрып қалды.
Шамалыдан кейiн жауын басылып‚ көк жүзiнде тұтаса ұстасып тұрған қара бұлт
жәйiмен жылжып‚ шығыс жаққа қарай жылжып кете барды. Осы кезде күн көзi жылт
ете қалғанда‚ мөлдiрей қалған көгiлжiм аспанның екi шетiн бiр-бiрiмен жалғағандай
боп‚ жетi түрлi түсi ажарлана құбылған кемпiрқосақ көрiндi.
Жұрт мұны жамандыққа жорыды.
20
Қас қарая елдiң бәрi ойын көруге тайлы таяғы қалмастан жиылды. Ержiгiт те келдi.
Аядай вагон-клубтың iшi халыққа лық толған. Емiзулi жас нәрестелерiн құндағымен
көтерiп әкелген келiншектер де бiр төбе. Бүгiн Ранай Күлбарам екеуi қатар отыр.
Ержiгiт кенет жалт қарады. Мырзақан Қыжымның сотқар ұлы Жидебайды дәл
мұның қасынан қолынан сүйрелеп алып жатыр едi, Төребай орнынан атып түрегелiп
ыржиды:
— Ау, бұл не жазды?
— Билет алмапты.
— Ойбай-ау, оның белентi қалтасында емес пе? — деп Төребай ыржалақтап,
Мырзақанның құлағына бiрдеме деп сыбырлап едi, анау күлiмсiреп, басын изедi. Сол
екен, Төребай Ержiгiтке көзiн қысып қойып, Жидебайды аяғын жерге тигiзбей
дедектетiп, сахнадан бiр-ақ шығарды. Сосын ол ыржиып, бұдыр бетi жайыла түсiп,
Жидебайға бiрдеме деп бiраз сөйледi де, кенеттен жырқ етiп күлiп жiберiп‚ жұртқа
қарап, қолын жоғары көтердi:
— Әй, тиышталыңдар! Мына баланың белентi жоқ екен. Соны кәзiр көрсек кәйтедi?
— Көрсек, көрейiк.
— О немене?
— Ойбай, айтары жоқ. Ол қызық! — деп Төребай Жидебайға қарады. Аласалау ағаш
сахнаның үстiнде тұрған‚ өзiне қараған кiсiлерден қысылған бала қып-қызыл боп, көзiн
төмен салып, тәмпiш танауын қайта-қайта тарта бередi. Ара-арасында Төребайға
көзiнiң астымен қарап қояды. Сосын ол батылсызданып тұрды да‚ оң қолымен
шалбарының iлгегiн ағытып‚ жұртқа ұлы мүшесiн шығарып көрсеттi. Төребай дар-дар
еттi:
— Өй‚ мәләдес! Мiне‚ Жидебай белентiн көрсеттi! Ендi кәнсерт көре аласың!
Дәл осы кезде вагон-клубқа кiрiп келе жатқан бiр топ қатынның арасынан
Қыжымның:
— Әй‚ ешкемербет‚ менiң баламның белентiнде сенiң қандай диалаң бар, а? Онан да
белентiнiң берекесiн кiм көрiнген кетiрiп жүрген ана жәләб қатыныңа еге боп алсайшы!
— деген даусы саңқ ете қалды.
Төребай Жидебайды қоя сап‚ терiс айнала бердi.
Соны көрiп‚ Ержiгiт ерiксiз күлдi.
Аздан соң қонцерт басталды. Бiр ұзын бойлы жiгiт ортаға шығып, кәзiр не
болатынын ел-жұртқа хабарлағаннан кейiн iшке кiрiп кеттi. Соның артынша көздiң
жауын аларлық қызыл масатыдан тiгiлген шымылдық екi жаққа ысырылып, сахна
төрiнде жiпке тiзiп қойғандай қаз-қатар тұрған бiр топ қыз бен жiгiт көрiндi. Бәрi
қазақы киiм киiп алыпты. Етегi малына жерге тиген үш етек ақ жiбек көйлектiң
сыртынан көкшiл қыжымнан тiгiлген‚ жеңi мен жиегiне әдiптеп иiр-иiр өрнек салынған
жеңсiз киген қыздардың басындағы бөрiктерiне тiкейте қадалған шоқ-шоқ үкiлерi
электр шамның жарығында ақсары тарта құбылады. Жiгiттердiң белдерiндегi күмiс
деңмент те кiреукелене ақшыл тарта көрiнедi. Жұрт сiлтiдей тына қап, оларға аузын