Стр. 83 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

дарақылығымыз-ай! Кеше ақ патша тұсында содан мықтап таяқ жеген де жоқпыз ба?
Ол кезде қазақтың басынан таяқ арылған ба едi? Ұран тастап, ат жалын тартып мiнген
батырларымызды өзiмiз қаралап, патша жендеттерiнiң қолына ұстап бердiк. Оның
үстiне рушылдық та жегi құрттай iштен кеулеп барады. Соны ойлайтын азамат қайда?
Әрине, баршылық... Бiрақ... ақ патша тұсында қазақтың бiрi таққа мiнсе, оны атқа
мiнедi, бұтқа толады. Ең аяғы болыстың басқармасына дейiн халық қамын жеу орнына,
қара басының қамын жеп‚ отырған орнымнан айрылып қалмайын деп, айналасына
туысқандарын жиып ап‚ майлы жерлерге өз сыбайластарын қойып жатады. Олар
жаттың, патша шенеунiктерiнiң алдында жайылып төсек болады да, өзiне дегенде руға,
жүзге бөлiнiп, қодыраңдап шыға келедi. Сондай ел басқардым деген болыстарыңның
ақыл-ойы қазан-ошақтың маңынан аспаса, басқаларға не жорық? Былайғы қара кiсiнiң
бiр-бiрiн жеп қоймай, жаңа дәуiрге жеткенiн айтсайшы. Шамасы, кешегi нөсерден кейiн
ес кiрген болар. Нөсер демекшi, бағана қара нөсер неге жауды? Нағылса да, нөсердiң
жауғаны жақсы болды. Сол арада ол Ранайдың қолына бiр нәрсенi ұстата салғанын
сездi. Жалт қараса, жиегiн шiлтерлеп тоқыған ақ жiбек орамал екен. Ержiгiт жаңағы
ойынан арыла алмай, оны қалтасына сала сап, сахнаға қараса, Мұздақбай Розаның
қолын қысып, маңдайынан сүйiп жатыр екен.
Соны көрiп, Төребай дарылдай айқайлады:
— Қап, мынау ит айдай маңдайына сiлекейiн жағып тастады-ау! Сүйреп шығарған
енбегiм бар, бағана өзiмнiң сүюiм екен ғой!
Жұрт қыран-топан күлiп жатыр. “Не деген кеуiлдi халықпыз. Қаншама тар жол
тайғақ кешуден өттiк. Бiз көрмеген не бар? Содан бiздi сақтап келе жатқан‚ шамасы‚
осы күлкi. Иә‚ күлкi.” Осы арада Ержiгiт те шыдамай күлiп жiбердi.
21
Көптiлеу құдасының үйiне боз iнгендi Iзетке апартып берiп, Пiрмақанның қол-аяғын
жiпсiз байлап-матап тастағанын бiлдi. Содан көп ұзамай қытымыр шалдың жауабы
жеттi. Сол екен, Көптiлеу той қамына қауырт кiрiстi. Ерте бастан сойысқа деген малды
өрiске жiбермей, бақпаға қойып, өлшеммен жем-суын бергiзiп, қорада ұстады. Iсек
қойды бiр-екi күн отын алып, қондана түссiн деп ойлап едi, қырсық шал айнып қалмай
тұрғанда қызды отбасына тез түсiргендi жөн көрдi. Бүгiн шәй үстiнде сол жайын тағы
да ойлап отыр едi‚ iнiсiнiң әлденеге қыбыжықтай бастағанын байқап қап‚ мырс ете
қалды:
— Сен немене астыңа сыздауық шыққандай...
— Жәй. — Мақамаш iркiлдi.
— Не жәй. Көмейiге келген сөздi айтпау күнә деген.
— Ендеше... айтсам мынау... — Мақамаш ендi батылданып, мұның бетiне тура
қарады. — Аға, осы Ертiлеудi аяқтандырғалы жатырсыңдар. Соның арты...
— Қатын алғанның не арты бар? Иә, сосын?
— Құда түсiп, қалыңмал беру ескiлiк емес пе?
— Сонда не iстеу керек?
— Әркiм жаны қалағанын алсын.
— Онда қалағанын алса, ағаң, мiне, сүмiрейiп отыр ғой. Оған қой деп атқан кiм бар?
Мақамаш жауап таппай iркiлiп қалды да‚ сәлден соң:
— Сонда да... ескiлiктiң аты ескiлiк‚ — дей берiп едi‚ Көптiлеу оның сөзiн бөлiп:
— Қарағым, ояғын сенен сұрап отқан iжкiм жоқ, — дедi қыржиып. Сосын iшiнен:
“Мынау ақымақ екен ғой өзi”‚ — дедi де‚ сөзiн әрi қарай жалғастырды: — Мiне, бiр
жылдың жүзi болды, мынау ынжық ағаң қу тiзесiн құшақтап қалды. Оның шиеттей
бала-шағасы барын бiлсе, кiм тиедi? Жарайды, тие қойсын. Онысы мейiрiмдi, алды-
арты кең бiреу боп келсе‚ жақсы, болмаса ше? Бiз соны ойлап, бұрынғы ата жолы деп