Стр. 89 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

Ол бiрнеше тар көшенi кесiп өткесiн‚ тура жолға түсiп ап‚ тапал тамдардың ығымен
жүрiп отырды. Бiр арада балтырлары шыт-шыт боп жарылып кеткен қара домалақ
балалар қолонкадан су алып жатыр екен. Соны көрiп, есiне әлгi сұйық деген сөз түстi.
Сұйық? Апырау, осы өзiң де сұйық iстiң iзiнен қуалап келе жатқан жоқсың ба? Кетер
қыз кеттi. Ендi ол орнына қайтып келмейдi. Ендi соны қайтадан қалпына келтiрсем
деген талабы оңайлықпен iске аса қояр ма екен? Оған бiрбеткей Ранай көне ме? Ол сәл
дағдарып тұрды да‚ қайтадан жүрiп кеттi. “Қой, үйтiп не көрiнiптi? Үйтпес!” — деп
өзiн-өзi иландырғысы келгендей, аяғын асыға басты. Бiрнеше көшенi кесiп өттi. Еңселi,
көк қақпалы үйге бiрден салып ұрып жетiп баруға ыңғайсызданып‚ сыртта бiраз дем
алып тұрды. Жан қалтасынан алып темекi шектi. Көшеден өтiп бара жатқан кiсiлерге
көз салды. Әрi-берiден соң диуалдың бұрышындағы көлеңкеде тұрған бұған жұрттың
өзi назар аудара бастады. Бұйымы жоқ, әлiмi жоқ жiгiттiң дап-дардай басымен өткен-
кеткенге көз тастап тұрғанына кейбiреулер күдiктене қарады. Бiрде бұрыштан қарсы
шыға келген‚ бiр қап жүгерi арқалаған кекселеу қара қатын мұны көре сала‚ ұры деп
ойласа керек‚ тобығына жететiн ұзын дамбалының далақпандай кең балағы жердегi
қиқым-сиқымды үйiрiп‚ алды-артына қарамастан‚ дедектей жөнелдi. Соны көрiп‚
Ержiгiт күлiп жiбердi. “Әбден кескiнiме келiп тұрмын-ау, ә?!” Ол iшiнен сылқылдап,
темекiсiнiң тұқылын түкiрiктеп сөндiре салды да‚ қақпаның есiгiн ашып‚ iшке кiрдi.
Жұбаныштар түскi тамақты алдарына жаңа ала бастаған екен. Сәлем берiп‚ кiрiп келе
жатқан мұны көрiп‚ Жұбаныш:
— Е, дегендей келдiң, мақтап жүредi екенсiң, — деп, сұлу қара мұртын сипап қойып,
көтерiлiп қалды.
Ержiгiт қолын жуып, дастарханның бiр шетiне кеп отырды. Ақ сары Айым үзбен
құйылған тәрелкенi мұның алдына қойды. Тамақ iшiп отырып, аман-саулық
сұрасқаннан кейiн‚ Жұбаныш бұған аңғалағы әйдiк қой көзiн барлай тастап:
— Қарағым, жәй жүрсiң бе? — дедi.
— Жәй дейтiндей жәй да емес. Айтуға бiр түрлi... — дедi Ержiгiт ыңғайсызданып.
— Жарайды, қысылмай айта бер.
Ержiгiт ендi болған жағдайды айтып бердi. Оның әңгiмесiн сабырмен тыңдаған
Жұбаныш аз уақыт үнсiз қалды да, кенет басын көтерiп:
— Ендi не iстемек ойың бар? — дедi.
— Проқурорға арыз берсем дейiм. Заң орны ақ-қарасын ашса...
— Ойбұй, айналайын-ау, кетер қыз кеткесiн ақ-қарасын ашудың не керегi бар? Үйтiп
не әбiрей табам дейсiң? Әлде оны қайтып алғың келе ме?
— Ояғың.. бiлмейiм. Өзi... бiр түрлi... ыңғайсыз да ғой.
— Онда ың-шыңсыз ауылыңа бар да, жұмысыңды iстей бер. Дау қуып нағыласың‚
әлi басың жас емес пе, тағы бiреуi кездесер. Ақылды алсаң, сүйт.
— Неге? — Ержiгiт оған дағдара қарады.
— Оның iж негесi жоқ. Басқа бiреудiң табалдырығынан аттаған қыз ертең... Қандай
әйәл бола қояды? Оның үстiне...
— Иә...
— Дау қусаң‚ дауға жолығасың. Олар ерегiсiп‚ баяғы жағдайды қозғаса... —
Жұбаныш жан-жағына жалтақтап қарап қойды. — Түсiнiп отырсың‚ ба‚ басың бәлеге
қалады. Өзiң болсаң‚ сол үшiн оқудан шығып кеп отсың. Ендi мынадан кейiн...
жұмыстан да шығарып жiбередi. Одан да бар ғой‚ ақылға кел де‚ аулыңа қайт. Басқа
қолдан келер дәрмен болмағасын‚ көнесiң. Ал ерегiсе берсең‚ аяғы қиын болады...
Ержiгiт осы сөзге ден қойды. Түстен кейiн Жосалының вокзалына келдi де‚
Ташкент-Москва жолаушылар пойызына мiнiп‚ Байқожаға қайтты. Ол ақ пен
қызылдың арасында ауылға жеттi. Пойыздан түсiп‚ үйiне жақындай бергенде‚ қора
жанында түйесiн мұрындығынан тартып бақыртып шөгерiп жатқан Төлес Әлмақанды
көрiп‚ қуанып қалды. Сосын аяғын жылдам басып үйiне келдi. Жуына салысымен,
Қуаңмен әлдене жайлы күңгiрлесе әңгiмелесiп отырған Әлмақанның жанына малдас