Стр. 90 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

құрды. Әлмақанның бұл жолы денесi бұрынғыдан да кесек тартып, iрiлене түскен екен.
Быртиған саусақтары еркек сексеуiлдiң дiңiндей доғал да шымыр. Ол қолымен қаны
сыртына теуiп тұрған бетiн сипап қойып, қоңырлау көзiн сығырайта тағы да ауыл
арасының бiр әңгiмесiн сабақтай бастағанға құсайды.
— Апырмай, а? — деп қойды Қуаң.
— Содан айтары жоқ, мал ашуы жан ашуы деген. Шiлмән айдап отырып ана
iркiлдеген пiркөрәлге барсын. Барып солай да солай, малымды алды, ол аздай қызын
тағы да басқа бiреуге малға сатып отыр деп арызды айтады келiп. Ол жазған
пiркөрәлдiң Көптiлеудiң жан қиыспас жолдасы екенiн қайдан бiлсiн? Ақыры қойшы,
арыздың арты дауға айнала жаздап, Шiлмән бiр бәледен шаққа дегенде құтылыпты.
Сосын кәрiне мiнген шал үйiне келе сала‚ ынжық Малбағарын ауыл айналдыра қуып
жүрiп, көк ала торғайдай ғып сабапты. Көрдiң ғой, бәтiнде Көптiлеуге кiмнiң тiсi
батады? Есебiн тапты да, қызды алды.
— Осы қызды ымы-жымын бiлдiрмей алып қашқан кiм екен‚ соны бiлдiң бе? — деп
Қуаң сөз қашыртты.
— Өй, ол Iзет қой. Қасында Ертiлеу пен Әлібек бар көрiнедi. Бұ заман дегендi
қойсайшы, кеше Көптiлеу мен Iзет ит пен мышықтай едi.
Әлмақан кiлт тоқтады. Шәй үстiнде әңгiме басқа арнаға ауысты. Қуаң қолдағы азын-
аулақ жандықтың жай-жапсарын бiр қыдыру сөз қылды. Биыл да бiтiк шыққан шөптi
ешкiмнiң жөндеп орып алмағанын‚ қыс ерте түссе, малдың қара күздiң басынан-ақ
қолға қарап қалатынын ұзақ-сонар сөз еттi. Әлмақан батық мұрнын сипап қойып:
— Мына Қармақшыдағы бiр Сарғасқа есепшi айтыпты дейдi, биыл ақбасқын
болатын көрiнедi. Мұның ана жылғыдан кейiн соғып тұрғаны осы, — дедi Қуаңға
қарап.
— О қай жылы?
— Нақ есiмде жоқ, ана Қошқаралы Жұмабайдың қара нары жолбарыс әкелетiн
жылы.
— Жолбарыс?
— Иә, жолбарыс.
— О нағылған жолбарыс?
— Ол бiр өз алдына қызық әңгiме. — Әлмақан көпшiктi дұрыстап жастанып қойды.
— Со жылы қыс қатты болды. Кар көктен борап, жерден суырды да тұрды. Елде мал
тiгерге тұяқ қалмай қырылды. Сонда мына Қошқаралы Жұмабай Сырдың Түбек жағын
қыстап отыратын. Бұ жақ қамысы қалың боп өскен‚ ықпанасы көп жақ. Не бiр
ақбасқында да мал қамысты қажаса да, жан созып аман-есен шығады. Тек бiр қауiптiсi,
жолбарысы бар. Ол бiр қарулы, шапшаң қимылдайтын аң қой. Со жылы қамыс iшiнен
iрiлiгi тайыншадай бiр жолбарысты Дәуiт көрiптi деп ел шулап жүрдi. Одан сасатын
Жұмабай ма? Қолдағы жаңғыз қара нарын, бұйдасын мойнына салып, қамыс iшiне бос
қоя бередi де, өзi уақ жандығын бағып кетедi. Сондай бiр күнi қара нар Есентайдың
батыс бетiндегi бiр ойпауыт жерде жатыр екен‚ әлгi жолбарыс үстiне тура кеп қалыпты.
Дереу атылып‚ не болса да алысқа лақтыратын жолбарыстың әдетi емес пе? Осы жолы
да ол атылып кеп қалыпты. Алдыңғы екi аяғының тырнағы нардың өркешiне iлiккенде‚
қайратты қара нар орнынан атып тұрып үлгерiптi. Сонда артқы екi аяғы жерден
көтерiлiп кеткен жолбарыс еш қайрат қыла алмай, салбырапты да қалыпты. Қатты
үрiккен қара нар сол бойымен тайрақтап, жолбарысын салақтатып‚ ауылға келсiн!
Қатын‚ бала-шаға қорқып, үйдi үйге тығылыпты. Тек Жұмабай ғана қара нарды
шөгермеген күйi жолбарысты құрықпен соғып алыпты.
— Апырмай, ә! — деп Қуаң таңғалып отырды да, кенет кiшкене денесiмен
Әлмақанға еңсерiле қарады: — Кәзiр Сыр бойында жолбарыс бар ма екен өзi?
— Қайдан болсын. Бәрiн атып құртты ғой. Ана жылы ана Қалдыбай палуан бар емес
пе, иә‚ соның жаңғыз атын жолбарыс жеп кеткенде‚ ол iзiнен түсiп барыпты. Қолында
кiшкене келдек қана. Не деген батыр адам десеңшi, сонымен iзге түсiп берсiн. Бiр арада