Стр. 94 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

қойғанында, таяқ тастамдай жердегi қоңырлықта тезек терiп жүрген бiр әйелдi көрдi.
Оның өкпе тұсында бiр түйелi кiсi келе жатыр. Екi жағында артқан әжептәуiр теңi бар.
Ержiгiт соған қарап қойып, ылдиға түсе бергенiнде, темiр жол жақтан қора-қора боп
шұбырған әлдеқандай жануарларға көзi түстi. Олардың алды-артына қарайтын түрi
жоқ. Бастарын жерге салып жiберiп, тегiн жатқан, сұрауы жоқ жылы-жұмсақтың исiн
сезгендей, жосып келедi. Хайуандарды көзi шалып қалған әйел кенет:
— Құдай-ай! Әлi де көрсетпегенiң көп екен ғой. Бiзге ендi жетпегенi осы едi, — дедi
де, көйлегiнiң етегi алау-далау боп жүгiре жөнелдi. Бiр жерде төмпешiкке сүрiнiп кетiп,
етпетiнен ұшып түстi.
— Әй, қатын, тұр орныңнан! Басыңа қабан сарып кетер! — дедi түйелi кiсi
анадайдан айқайлап.
Шошқалар Байқожаның сырт жағына шыққасын, жұбын жазбастан “Бiрлiктің”
егiстiгiне қарай бет қойды. “Бұлар далаға қайдан келдi? Өздерi орман-көлдi жайлайтын
едi ғой. Ендi құла дүзге де бауыр баса бастағаны ма?” — дедi Ержiгiт iшiнен. Бiрақ оны
құлағына қыстыратын қабандар жоқ, осы жердi мәңгi-бақи жайлап жүргендей, аша
тұяқтарымен шеге топырақты оса қазып, үйiр-үйiрiмен жүгерiлiктi бетке алған күйi
жөңкiле тартып барады. Бәрiнде де өзiмсiнген, өктемсiнген түр бар. “Ендi бұларды
кетiру қиын. Қарны аш, өмiрi жарып көрмеген немелер тамағы тойғасын, туып-өскен
жағына тiрiде қайтар ма? Қайта, жерден жетi қоян тапқандай, ана жақтағы үйiрлестерiн
ертiп әкелмесе не еттi? Не десең де, сор болды. Жүгерiнi қарап қылатын болды. Бәрiн
қырып салатын қару да жоқ”,— деп ойлап, Ержiгiт ылдиға түсе бергенiнде, жаңағы
түйелi кiсi бұған қапталдасып келiп те қалған екен. Жалт қараса, Төлес Әлмақан. Ол
түйесiнiң бұйдасын шiрене тартып тоқтады да, шошқалардың соңынан көз салды.
— Доңыздардың арлауын-ай! — дедi таңдайын қағып. — Айдарынан жел есiп
тұрғасын, сүйтпей кәйтсiн! Қарсы тұрар кiсi шықпағасын, егiске тапа-тал түсте екi
көзiңдi бақырайтып қойып, құлауын қараш. Оларға сот жоқ. Егiндi доңыз жейдi,
жауабын бiз тартамыз. Заман-ай десейшi.
— Мына жүгерiге ауған ғой. Өздерi тәттiге өш келедi, — дедi Ержiгiт сөйлемей
қарап тұра берудi ыңғайсыз көрiп.
— Айтпа. Бұл доңыздар баяғыда, мына Сарғасқа Келдiбай батырдың заманында Сыр
бойына ат iзiн салған. Онда қарамы мұндай көп емес едi. Оларды бiр-бiрлеп атып құрту
қиын емес едi. Ендi қора-қора боп шұбырса, қайсыбiрiн қырып боласың? Егiндi одан
қалай қорғайсың?
— Жүгерiнi айналдыра тор тұтса кәйтедi?
— Оны саған кiм бередi? — Әлмақан көзiн сығырайта қарады. — Баяғыда, сен бiле
бермессiң, осы Сыр өңiрiндегi халық тары егушi едi. Бұл бiр өзi қазекеңе қол дақыл.
Анша көп күтiмдi кәжет ете бермейдi. Күн жылығасын, жердi қопсытып себе салып,
бiр-екi рет уақтылы суарғасын, қазекең түйесiн тырнадай тiзiп, сонау Ырғыз,
Жаманқалаға дейiн барып қайтады. Жазда ояқ салқын. Шыбын-шiркейi аз. Ел содан күз
бола бергенде, Сырға құлайды. Қайтып кеп жаздай дайра жағасындағы ылғалды
тартып, жайқалып өсiп тұрған тарыны орып алады. Жұрт тары ақтап, сөк түйiп, бiр
кенелiп қалады. Бiр жылы қара бұлтша самсаған сары шегiртке Сырға ауды. Өздерi
көп-ақ. Әуеде ұшып келе жатқанда, бала, саған өтiрiк, маған шын, аспанның жүзi
көрiнбейдi. Жер қайысқан қалың қол сияқты. Бәрi жапа-тармағай қонысымен, тарыны
пышырлатып жегенде, төбе-құйқаң шымырлайды. Қойшы, содан не керек, сол жылы ел
тарысыз қалды. Бой көтерген тарыны шегiрткелер жеп қойды. Ендi не лаж бар?
Қаптаған олардың қайсыбiрiн өлтiресiң? Бiр ғана амал бар, халық боп көтерiлiп,
жаппай қыру. Қырғанда, өз iстегенiн алдына келтiрiп, қан сасыту. Жамиғат осыған
бекiндi. Содан не керек, келесi жылы бүкiл әлеумет көтерiлiп, осы Сыр бойына кеп өрт
қойды. Өрт болғанда аламат. Өй, несiн айтасың. Сонда шегiрткелердi көрсең! Қамыс
сирақ жез шен таққандай олар отқа пышырлап кеп жансын! Қанаттары күйедi де, отқа
құлап түседi. Қойшы, айтып-айтпай не керек, бiр жазда шегiрткелер ап-сап болды.