Стр. 95 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

Содан көзiмiз ашылды. Оған не заман! Ендi мына шошқаларға да қайтып ел болып қару
қылмаса, қиын ғой.
— Жаңа Пұсырман сол жайлы...
— Өй, оны қойшы! Бiр өзi не қарық қылар дейсiң? — Әлмақаннын жүзi түнерiп
кеттi. — Айқайыңды шошқа нағылсын? Оған басқаша тәсiл керек. Сен бiлесiң бе, бұл
доңыздарға сөз де, таяқ та өтпейдi. Тiптен мылтықтың бытырасы да ештеме етпейдi.
Бытырамен атқаныңа оның шайтаны да сескенбейдi. Жақында мына жақта бiр мерген
өгiз оқ ойлап тауыпты. Өзiн былай... — Әлмақан быртиған сұқ саусағының ортан
белiне дейiн бас бармағын апарып көрсеттi. — Тап осы жерге дейiн патронмен бiрдей
етiп құятын көрiнедi. Сонда патронмен дәлме-дәл келген оқ аумайды дейдi. Ол мерген
шошқаны түн жамылып барып, жан адамға көрiнбестен, мына өкпелiктен ататын
көрiнедi. Ол жерден тисе, қандай доңыз да сеспей қатады дейдi. Ал басынан атсаң,
шошқа өлмейтiн көрiнедi. Өйткенi ол иттiң бас терiсi, сүйегi қалың, шапқан балта
өтпейдi. Миы бiр шұқым. Өзi топас. Қой-қойды түсiнбейдi. Оның ақысы — өкпелiктен
атқан. Ел болып көтерiлiп қарсы шықса, шошқаға да жан керек шығар, жүгерiнi аман-
есен алып қалуға болады ғой.
— Әрине.
— Ал, бала, ұмытып барады екем қой, жаңа ағаң Ерқара келдi...
Ержiгiттiң түсi қуарып сала бердi. Қара бақайына дейiн жүгiрген бiр толқын әуелi
өне бойын мұздатып жiбердi де, артынша көңiлiн қуанышқа кенелтiп, ыси жөнелдi. Ол
түйесiнiң басын бұрып кете барған Әлмақанға алғыс та айта алмады. Ендi ойпаңда
аяғын ширақ алып келедi. Кешегi жаңбырдан әлi дегди қоймаған шеге топыраққа
өкшесiн қадай басады. Сонда да аяғы әлмә-һал тайғанақтай бередi. Үп еткен жел тұрса,
шаңдата жөнелетiн майда құм табаны тиген бойда-ақ суси бастайды. Соған қарамастан,
көңiлi алып-ұшып, кейбiр жусан мен изен араласа өскен тұстарда тездетiп жүрiп
отырды. Әсiресе, бұйырғынды тақырларда жақсы-ақ. Бiр шығып, бiр батып
итiңдегенiне қарамастан, бұл аралар қатқақ, жүрiске жеңiл. Ол жан-жағына алаңдай көз
тастап келе жатқанында, кенет сарт еткен бiр дыбыстан шошып кеттi. Қандауызы сарт
ете қалған қақпан аузына дәнеме iлiкпегенiн аңдағандай тоң-торыс жатыр. “Кiсi жолға
да қақпан құрады екен-ау!” — деп ойлап, Ержiгiт жүрiп кеттi. Асығып алдындағы
төбеге жүгiрiп шықты. Ендi станса алыс емес. Ол ылдиға құлап келе жатып, тай-
құлындай тебiсiп қатар өскен ағасын қандай болды екен деп қойды. Салиқалы, әтеберлi
азамат болған шығар? Әке-шешесiнен бiрдей айрылғаны тез есейткен шығар? Қалай
десең де, кешегi аласапыран уақыт елге қиынға соқты. Әсiресе, колхоздасу кезiнде
халық қатты үрiктi, аударыла көштi. Өз әке-шешесi де сүйттi. Соның бәрiне кiнәлi
қараңғылық, надандық. Сол жылдары кейбiр белсендiлер шаш ал десе бас алды.
Халықтың көзiн қорқытпақ болды. Өзiне ұнамайтын кiсiлерге тiзе батырды. Таққа
мiнген кiсiге ұнамасаң, басың бәлеге қалатын болды. Ондайлар сенiң iзiңе қарғылы,
асыранды иттерiн әупiлдетiп үргiзiп қояды. Қайымы келгенде баяғыда кеткен есесiн
қайырмақ боп, аямастан ауыр үкiмдi айта салады. Не мейiрiм, не аяныш жоқ. Аяныш
демекшi, осы қазақ бiр-бiрiн кашан аяп, мүсiркеп көрдi? Ата-бабаның басынан өткен
әңгiмесiн тыңдай қалсаң, кiмнiң жесiрiн кiмнiң тартып алғанын, кiмнiң кiмге тiзе
батырғанын, кiмнiң кiмге билiк бермей өз сүйегiне тартқанын дәрiптеп, өсiре әңгiмелеп
жатады. Қарап отырса, ол кездерi ел қамын ойлайды-ау деген кiсiлердiң өзi ауыл
арасындағы дау-дамайдан әрiге бара алмапты. Бүтiндiкке, елдiкке шақыру орнына,
қазанбұзар телi мен тентегiнiң қолына шоқпар берiп, шiл тезегiнше бытыраған халықты
үйiр-үйiрге бөлiп ап, бiр-бiрiн сауырлап талай берудi көздептi. Оған тек төңкерiс қана
тыйым салды. Кәзiр де содан бiрте-бiрте...
Стансаға жақындай бердi. Сырдария тасыған кезде жайпауыттау жазықта жырылып
қалып қойған ойдым-ойдым судан шанышқымен балық аулап жүрген бiр топ баланың
жанынан өтiп, ауыл шетiне кiрдi. Қираған Қызкүмбездiң жанынан аяғын тезiрек басып
өтiп, үйiне бұрылды. Сыртта кiсi қаптап жүр екен Мұны көрiп қалған әйелдер