Стр. 96 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

сонадайдан шүйiншi сұрап, жүгiрiп келедi. Әсiресе, Қыжым елден бұрын жетiп кеп,
Ержiгiттiң шаужайына жармаса кеттi. Ержiгiт шүйiншiге қалтасындағы барын бердi.
Сосын ыржия күлiп, iшке кiрдi де, орнынан түрегеле берген ағасын құшақтай алды.
— Кәйтсiн, сағынған ғой, — деп сары қарын тартқан әйелдер көздерiне жас алысты.
Ержiгiт Ерқараның кесек бiтiмiне, шоң мұрынына аз-кем сүйсiне көз тастады да,
жанындағы қараторы жеңгесiмен амандасты.
Ауыл кiсiлерi есен-саулық сұрасып шыққасын, күн еңкейе Ерқара мен Ержiгiт оңаша
қалды. Ағасы Ранай жайынан сыр тартып сұрады.
— Тартып әкеттi, — дедi Ержiгiт күмiлжiп.
— Қуынбадың ба?
Ержiгiт ол туралы айтып өттi.
— Ә, солай де. Нағылса да, осы арада осалдық жасаған екенсiң. Асылы, тартысқан
жерде, соңына дейiн тайталасу керек. Онсыз... қиын...
— Ау, таспен ұрғанды аспен ұр деген бар емес пе?
— Өй, сен де бiр қайдағы жоқты айтып...
Ержiгiт ойланып қалды.
2
Көптiлеу биыл ерте бастан кимылдап, шөп шабатын кiсiлердi мамыр айында-ақ
белгiлеп, Түбекке жiберген едi. Содан берi бiр жұмадай уақыт өттi. Олардан ешқандай
ақпар жоқ. Соны ойлап, ол бар жағдайды өз көзiмен көрiп қайтпақ боп, түстен кейiн
атқа қонбақшы боп отыр едi, сол үстiне Қоңырбай келдi. Оны көре сап, iшiнен: “Тағы
да бiрдеңенi көңiрсiтпек қой”, — деп, Көптiлеу жиырыла қалды:
— Иә, не жаңалық?
— Кәке, мына шошқалар қырып барады. Жүгерiнi қояр емес.
— Апырмай, ә? Ол Пұсырманға тапсырылған едi ғой. Хатшы не iстеп жүр?
— Пұсырман қолдағы бiр-екi мылтықпен, Iзеттi бас қылып, шошқаларды атқызып
жүр. Бiрақ доңыздардың таусылатын түрi жоқ, үстi-үстiне дүмелiп атыр.
— Жарайды, оны көре жатамыз, — дедi де, Көптiлеу онымен артық сөйлеспестен,
сыртқа шықты. Аты байланған қора жаққа беттей бергенiнде, iзiнен қалмай ерiп келе
жатқан Қоңырбайды көрiп, тыжырынып тоқтай қалды:
— Не, тағы не айтасың?
— Кәке, кеше мына Байқожаға Ерқара келiптi...
Көптiлеу мән-жайды сызданған қалпы қазбалап сұрамастан атқа қонды. Iңiр
қараңғылығы әлдеқашан орнаған. Жер бетiне төне түскен қалың түнектi болмашы
жарығымен серпе түскiсi келгендей, жаңа туған ай қазақы қол орақша имиiп тұр. Ай бұ
жолы жайқын кеңiстiктiң өзi қалаған бiр тұсына табаны тайып барып, сәл көлбей
түсiптi. Түсi қуқыл. Құдды жәмбiлшенiң қыз тiлiгi сияқты. Көптiлеу айға қарап, iшiнен
күбiрледi. Iзiнше ер үстiнде дұрысталып отырып, атын тебiндi де, сар желiп кеттi.
Астындағы сары қасқа ат әбден сыр мiнез. Қожайынның ойын айтпай-ақ бiледi. Ол бұ
жолы да мұның ниетiн түсiнiп, сыдырылып түскен жылан терiсiнше ағарандап жатқан
жолмен арлап жүрiп келедi.
Жол бойы Көптiлеудiң қабағы ашылмай қойды. Бiраздан соң ол: “Апырмай, бұл өзi...
қалай болды?” — дедi iшiнен. Кеше ғана тап жауларын құртамыз деп ұран тастап, атқа
қондық. Байдың да, дәулеттi орташаның да мал-мүлкiн үптеп, өздерiн көз көрмес, құлақ
естiмес жаққа жер аудардық. Сонда қашып кеткен Ерқараң мынау, елге қайтып келiп
жатыр. Естуiнше, әке-шешесiнен де, малдан да жұрдай боп айрылған. Ендi бұрынғы
дәуренiнiң қайта оралмайтынын түсiнiп, басқа түскен баспақшы деп, қара жұмысқа
белсене кiрiсуге ден қойған көрiнедi. Апырау, сонда бұ қалай? Осы өмiрдi қанды, тердi
төге жүрiп орнатқанда, кешегi тап жауларының балалары кейiннен сол ырзыққа