Стр. 97 - Мой проект1

Упрощенная HTML-версия

ортақтассын деген ниет жоқ едi ғой. Шындығына келгенде, колхоздасу кезiнде бар
қиыншылықты бұлар көрдi. “ Сенiкi, менiкi ендi жоқ, қатындар ортақ болады дейдi. Өз
малыңның қызығын өзiң көре алмайсың”, — деп алып-қашты сөзi көп ел iшi дауыл
соғып өткен дариядай толқып, жұрттың басы шеге топырақтай бiрiкпей қойды. Сол
кезде талай кiсiнi жеке-жеке үгiттеуге тура келдi. Колхоз аяғынан тiк тұрып кетем
дегенше, не қиындық кездеспедi? Алғашқыда егiн егiп көрмеген ел бидайды қалай
сеуiп, қалай баптауды бiлмедi. Кейiннен оған да үйрендi. Мiне, сол шақта бас
сауғалаған Ерқара елге қайтып кеп, тып-тиыш өмiр сүрiп жатыр. Сонда бұ қалай?
Шындап келгенде, бұлар да сүйте алатын едi ғой. Бiрақ қауымдасып күн көрсек деген
жаңа талап жеңе бердi. Ата-бабасының бұрынғы тiрлiгiнен жерiп, жаңадан отырықшы
өмiр бастамақшы болды. Ақыры жаңа салт жеңiп шықты. Бұрын сағанағы салдырап,
кең далаға сиыспай көшiп жүрген ел колхозға кiрдi, бiразы темiр жол бойына
орналасты. Осының бәрi төңкерiстен кейiн болған жаңалықтар. Қалай десең де, жаңа
тұрмыстың жақсы жағы көп. Ата-бабасы жерге, малға, қызға таласып, барымталаса
бергеннен не ұтты? Ең болмаса, мына iргелес отырған туысқан өзбектер тәрiздi шәһар
да сала алмады. Бүкiл халық iшкен қымызға, көрген той-думанға мәз болып, ырду-
дырдуға толы, мағынасыз тiрлiк кештi. Өз басы сол өткендi аңсайтындарды түсiнбейдi.
Өнерсiз, бiлiмсiз надан елдiң надан тiрлiгiнде кiсi қызығарлықтай не бар? Көше беретiн
еркiндiгi ме? Рас, өткеннiң бәрiнен безiнiп, қолды бiр сiлтеу жарамас. Ежелден мирас
ата жолын сақтау керек. Әрине, оның озығы да бар, тозығы да бар. Соны әрi-берi
салыстырып көрген өз басы сол ата салттан онша безiнгендi хош көрмейдi. Сол арада
өзiң қара басыңды күйттеп бара жатқан жоқсың ба деген бiр сауал бiр бүйiрiне
шаншудай қадалып тұрып алды. Шаруашылық деп шапқылап жүргендегi мақсатың да
құлкынның қамы емес пе? Күн санап ұсақталып бара жатқан жоқсың ба? Бетiме жан
келтiрмеймiн деп, қатар жүрген азаматқа қиянат жасадың. Жарайды, қойшы оны. Кеше
төңкерiс деп шапқылағанда, кейiннен осылай оның ырыздығын көрсем деген едi емес
пе? Ендеше оның несi айып? Немене өмiр бойы жұрт қамы деп өз жағдайын ойламауы
керек пе? Әлде өзiмшiл боп кеткен жоқсың ба? Бұл мiнезiң ертең жұртқа әшкере боп,
кенет...
Ат сүрiнiп кеттi. Басын көтерiп қараса, Түбектiң бергi жағындағы қоңыр төбеге
маңдайы аумастан келiп те қалған екен. Ол тез бойын тiктеп, астындағы атының әдемi
май бүлкiлiне салып, Түбекке жетiп келсе, пiшеншiлер маса-сонасын жел қуалап
жолатпайтын биiк қара төбенiң басында шеттерiнен пырдай боп, қаннен-қаперсiз
ұйықтап жатыр! Жау шауып кетсе де, бiрi дәнеменi сезер емес. Дем арасында көзiне
қан толып, ашуы қозып кеткен Көптiлеу атынан жерге дүрс етiп түсе сала,
пiшеншiлердi ата-баба зәузатынан түк қалдырмай боқтап жүрiп, етiгiмен бiр-бiр теуiп
оятты. Дөңайбатын алдырмай, асып-сасып жинала бастаған бәрiне сызданып, жағалай
қарап шықты. Ең соңында Мырқиясқа көзiмен атып жiберердей боп қарады. Ол айыбын
жаңа сезгендей, салы суға кетiп, көзiмен жер шұқылап тұр.
— Кәне, бұ не жатыс?! — дедi Көптiлеу ақырып.
— Кәке, ептеп дем алып... — Бригадир күмiлжи жауап бердi.
— Немене, күнi бойы дем алғандарың жетпедi ме? Кешкi салқынмен неге
шаппадыңдар?!
— Өй, шаршадық!
—Шаршадық?
Көптiлеу басына шұғыл ой шауып, дереу қасындағы бiр жiгiттiң қолындағы
шалғысын жұлып ала сап, биiктiгi белуардан келетiн бала құрақты шаба жөнелдi.
Әуелгiде шаруадан шығып кеткен қолы бастыға қоймай, шалғымен сызды қара жердi
қопара шауып ала бердi. Келе-келе баяғы үйреншiктi машығын қайта тауып, кәнiгi
пiшеншiдей бiраз жердiң қамысын дем арасында сұлатып тастады. Бiрден қатты
қимылдағасын, арқасынан, маңдайынан жiпсiп тер шығып, қары аздап салдырап қалды.
Сонда да өзiне сынай қарап тұрған кiсiлерге сыр бермей, ай сәулесiне қылпыған өткiр