Стр. 10 - Ulisel1tom

Упрощенная HTML-версия

9
Жұрт мырс-мырс күлiстi. Әсiресе, соңғы кездерi сауда-саттықтан iшi-сырты тегiс майланып,
қарыны қабақтай бола бастаған Әбдiраман қоңыр қызыл бетi қызара түсiп, жанындағы алпамсадай
Есен батырдың тақымын басып қойып, селкiлдей жөнелдi.
Мына сөздi естiген бойда ұзын мойын, өндiршегi сорайған жер ортасынан асып кеткен Төлеу
батыр қап-қара боп кеттi. Малдыбайдың сөзi оның жынына тидi. Осыдан көп бұрын Хиуа ханы
Аллақұлдың тұсында Шектiлер мен хиуалықтар арасында шатақ шыққан едi. Ақирек, Қамыстыбас,
Арандықырды жайлап, диқаншылықты кәсiп ететiн қалың Шектiнiң сол жылы егiсiн шегiртке харап
қып, танабы тартылып отыр едi. Сол үстiне зекет жинаушылар сау ете түстi. Хиуалықтар дағдылы
ожарлығына басып, қитабан шаруаның қап түбiнде жатқан көжелiк бидай, тарысын тартып ала
бастады. Сонда осы Төлеу бастаған әпербақан жiгiттер зекетшiлердi сабап-сабап, керi қуып жiберген.
Бұған тас-талқан болған Аллақұл көп ұзатпай қарулы жасақ аттандырды. Сарбаздар ауыл үстiне
қамшы ойнатып жатқанда, мына отырған Төлеу үйден шықпай, хиуалықтарды жетi атасынан бермен
қарай сыбай берiптi. Ел соны күлкi қылып, Төлеу батыр, Төлеу тентек деп кешеге дейiн мазақ ететiн.
Сол есiне түссе керек, Төлеу шандыр бетiне ашу теуiп, басын кегжең еткiздi:
— Әй, Малдыбай, осы сенi мас қып отырған желiңе бiткен көкалалы көп жылқың шығар. Бiрақ
байдың қисапсыз малы мен ажарлы деген қыздары ел шауып жүрген батырдың қанжығасына бөктерiп
кете беретiн олжасы емес пе едi?
— Иә, сен қырасың! Сен сүйтесiң, — дедi Малдыбай оны сықақтай күлiп.
— Ендеше өз обалың өзiңе... Тап саған ерегiскенде бар ғой...
— Иә, нағыласың? — дедi ол Төлеудi отқа итермелегендей боп, ызаландыра түсiп.
— Мен бе, мен... — Төлеу жүзi қап-қара боп, аузына жөндеп сөз түспей, түйлiгiп, түкiрiгiне
шашалып қалды.
Сол арада жұрт әзiлден от шығып кетер деп, араға түстi:
— Уа, қойыңдар! Бала боп кеттiңдер ме?
— Қалжыңдассаңдар да, бiраз жерге бардыңдар.
— Әй, Малдыбай, қой, батырдың намысына тиме, — деп еңгезердей ақ сұр Тоғанақ батыр қабағын
шытты. Сосын ол Нұрғазыға қарады. — Тақсыр, сiздiң жаңағы сөзiңiздi тiрiлтейiн. Сiз ақ патша күш
көрсетедi дейсiз. Менiң пәмлеуiмше, жаңғыз ғана күш емес, сол кәпiр патшаңның айласы мен
қүлығына да құрық бойламайды-ау дейiм.
— Сонда қалай?
— Тiс қаққан әккi кiсiлер жас баланы сүндетке отырғызарда тәттi берiп алдамаушы ма едi? Аңқау
елдiң баладан несi артық? Тәттi тiлiн емiзген кiсiнiң әр жақтағы ойын аңламай, сан соғатын ескi
әдетiмiз емес пе едiң
— Батырдың айтып отқанының жаны бар,— дедi Сағынай мұртының жебесiн баппен ширатып
отырып.— Былтыр мына жатақ Тұрғали аулында түстенiп отырып, шытырлақ қауын жегенiм бар едi.
Оның дәмiнiң өзi әр түрлi бола бередi екен. Әлгi қауын аузын ашса, iшi көрiнетiн кiсiше бiрден қарс
етiп айрыла салады. Өзi тәп-тәттi. Тек қиыны артында. Тәттi деп көп жеп, кейiннен бизарыңды
шығарады.
Осы кезге дейiн iшiн бермей отырған Елмырза төре ойламаған жерден жымиды:
— Ау, қазақтар: “Жер шайқалса, төбеге, ел шайқалса төреге” демеушi ме едi? Тәттi қауын жеп,
құтың қашар болса, көш бастар серкеңе қарамайсың ба? Нұрекең соны мойнына қарыз етiп, сонау жер
түбiндегi Петерборға бармақшы боп отыр. Ол осы сапар ақ патшаның ау-жайын байқап көрсем бе
дейдi.
— Оның көретiн несi бар, — дедi Есен батыр жақтырмай қап. — Мына Арқадағы Қайып ханнан
хабар дүңк-дүңк жетiп жатыр. Ақ патша әуелгiде оған хан етем деп уәде берiп, кейiннен сөзiн ұстамаса
керек. Соған ренжiген Қайып хан өз абызындағы жұртпен... мына Ақмола жағындағы бекiнiстерге
тиiсiп жүрген көрiнедi. Сүйткен ақ патша бiздерге елден ерекше мейiрiмiн төге қояр ма екен?
— Неге? Мына төменгi жақтағы Кiшi орданың ханы Жәңгiр әлi хан боп отыр ғой.
— Өй, оны қай бiр жетiсiп отыр дейсiң? Ана қалың Берiш атқа қонған сайын орысты паналап, жан
сақтайды. Со да падышалық еткен болып па?
— Сонда... бұ зауалға не ем бар, а? Кәне... бiлсең, айта қойшы, — деп Елмырза төре Төлеу батырға
сынай қарады.
— Емдi мына ел билеген төрелер, сіздер... айтуға тиiссiздер, — дедi Төлеу жалтарып. Сосын: —
Бiрақ төрелердiң өздерi, қайсымызды төбеге шығарар екен деп, Хиуа мен ақ патшаға кезек-кезек
жалтақтап отырған жоқ па? Әруағыңнан айналайын қасқа жолды Қасым ханның өзi көрген түсiнде бiр
ұрпағы қасқыр боп жүрмеушi ме едi? Затында қасқыр ештеңеге жалтақтамайды. Бiр жағына көп
қараса, ол сорлының мойны қайта бұруға келмей, қарысып қалатын. Бүгiнгiнiң қасқырымыз
дегендерiңде мойын да, мойын омыртқа да құрыған ба, қалай, бастары екi иығына қарай кезек-кезек
ауып түсе бередi, — деп сықақтап күлдi.
Елмырза түнерiп кеттi. Төлеу батырдың меңзеп отырғаны өзiнiң ең жақын туысы Қаратай сұлтан
турасында едi. Ана бiр жылдары Есiм ұлы Қайыпқали Хиуаны сағалағанда, ел билiгiнен дәметкен
Қаратай сұлтан Орынбордағы генерал-губернатор Перонскийдi жақгаған болатын. Сосын ол кенже
iнiсi Тортайды Орынборда ашылған Неплюев қадет корпусына оқуға берген-дi. Кәзiр сол iнiсi
орысшаға жүйрiк боп, иығына сары ала шен таққан төре боп шыға келдi. Естуiнше, осыдан бiрер жыл
бұрын сол Тортай патша ағзамнын арнайы тапсырмасымен, мұсылман ғұрпымен сақал-мұртын өсiрiп,
басына сәлде орап, саудагер боп, керуен тартып, Шарқы Түркiстан жерiнiң бiр өлкесiне барып
қайтыпты. Ол со сапарында Қашқар жұртының жай-жапсарын, әскерi мен қару-жарағының жай-күйiн
бiлiп, ақ патшаға ақпар берiптi. Сүйтiп шенi өсiптi. Соны естiген бойда-ақ Елмырза тiксiнiп, iштей ақ
патшаның бұл әрекетiн тегiн емес деп түйген. Сол күдiгiн Арқадағы туыстастары да күшейте түстi.
Былтыр Қырға көшкенiнде, Қаратай мұның үйiнде түстенiп отырып: “Орысқа әлiмiз келмейдi.