Стр. 101 - Ulisel1tom

Упрощенная HTML-версия

100
Мiрәлi атының тоқымын төсенiп, қисая кеттi. Қалған жiгiттер де аттарын тұсап жiберiп, киiмшең
қалыптары көк бас ерлерiн жастанып, жата-жата кетiстi.
Шәки бiр жақ шетте жатыр. Неге екенi белгiсiз, көпке дейiн көзi iлiнбей қойды. Жаңағы
шырақшының сөзi ақыл-ойын билеп ап, тура о дүниенiң өзiнен естiлген уағыздай әсер қалдырды. Бiрақ
соны тындап жүрген қазақ бар ма? Мархабат, ынсап, iзгiлiк қайда? Оның орнына итше таласып,
күннен күнге қатыгез тартып бара жатқан жоқпыз ба? Бiр сәт: “Осы мен кiм үшiн жанымды жалдап
жүрмiн? — дедi. — Ағайын дегенде, Ережептiң әкеме көрсеткен күрметi белгiлi емес пе? Ертең соның
кебiн мен де кимеймiн бе? Осы... жөнiмдi тапсам ба екен?” Ол бiр жамбасына қарай аударылып түстi.
Қанша арылайын десе де, басына бiрiнен соң бiрi тоғытылып келе берген ой легiнен құтыла алмады.
“Жарайды, — дедi өзiне-өзi күбiрлей сөйлеп, — ертең мен өз туысымнан ат құйрығын шорт кесiп,
бөлiнiп шығайын. Сонда маған басқа қай рудың кiсiсi құшақ аша қояды? Өз бауырына сыймаған өзгеге
қайтiп сыяды деп, өңменiмнен керi теппей ме? Сосын... әрi-сәрi боп жүрiп, қатын, бала-шағамды қалай
асыраймын? Қалай күнелтем? Осы... бұл қапастан шығар саңылау бар ма?”
Шәки күрсiндi. Тағы да әлденелердi бей-жай ойлап жатып, кенет қас-қабағы ауыр тартып, басына
қорғасын құйғандай боп, тұла бойы ысып, тәттi есiнедi. Iзiнше көзi кiлгiрiп бара жатты.
Ертесiне жiгiттер күн қызбай тұрып атқа қонды. Таңғы салқынмен жолды өндiрiп алмақ боп, суыт
жүрiп отырды. Бiрнеше қырқадан асқасын, олар жаңа бiр iзге кездестi. Мiрәлi екi бүктеп ұстаған
қамшысымен iздi нұсқап тұрып:
— Мынау жаңа iз. Осы арадан түнде өткен, — дедi.
Шынында да, Мiрәлiнiң жорамалы шындыққа соқты. Бiраз жүрген соң, шұбырған iз мүлдем
жаңарып, мал тұяғы осып-осып тастаған жас топырақ қоңырайып жатты. Бұлар ендi бiр-екi төбеден
асқасын, Аралдың бiр тиыш қолтығына түн ортасы ауа кеп құлап, қатты шаршап, тұяқ серiппей
ұйықтап жатқан аз ауылдың, үстiнен сау ете түстi. Әпербақан жiгiттер биқам ауылды қапыда басты.
Сойылдарын былғалап, айқайлап ұран тастап, жан-жақтан қиқулап шыға келдi. Келе қатын-қалашты
сатырлата сабап, үйлердiң уықтарын сындырып, жаңа ғана тып-тиыш тұрған ауыл үстiн әбiгерге салды
да жiбердi. Бiр-екi жiгiт белдеуде байлаулы тұрған аттарды шылбырларын қанжармен қиып-қиып
жiберiп, бет ашыққа қарай қуалай жөнелдi. Сәндiбек ауылының жiгiттерi алаңсыз ұйықтап жатқан едi.
Олар көздерiн тырналап жiберiп, сыртқа атып-атып шыққанмен, сойылдарына жармасуға үлгермей
қалды. Анталап келген жiгiттер оларды бiр-бiр ұрып, бастарын жарып, қолдарын сындырып, ұшырып-
ұшырып түсiрiп жатты.
Сәндiбек бiр оқыс дыбылды естiп, қара үйден көйлек-дамбалшаң күйi қолына келдегiн ұстай
жүгiрiп шыққан-ды. Шәки бастаған бiр топ жiгiт оны тұра бас салды. Қарулы Сәндiбек жақын келген
екi-үш жiгiттi шалт қимылдап, ұрып құлатты. Шәки ұзын қара сойылын сығымдай ұстап, үйге арқасын
тiреп ап, оң келгенiн оң, сол келгенiн сол жағынан ұрып түсiрiп жатқан Сәндiбекке бiр бүйiрден
жақындай бердi. Сәндiбек мұны байқамай қалды. Шәки таяқ жетер жерге келе бере, қапсағайдай оның
тiзесiнен перiп кеп қалды. Қара сойыл сарт ете түстi. Жанды, әлсiз жерден тиген соққыдан аяғы ұйып
сала берсе керек, дем арасында Сәндiбек бүгiле бердi. Қолындағы келдегiн жөндеп сiлтей де алмады.
Соны көрген ызалы жiгiттер оған бас салды.
Қамшы, сойыл бұршақша сатырлап жауып кеттi. Сол арада iштен ойбайын сап, жардай қара кемпiр
шыға бердi. Есiктiң маңдайшасына тиiп, басынан жаулығы ұшып түстi. Оған да қарамастан, екi көзi
алақ-жұлақ етiп, шашы дудырап, Сәндiбектiң шешесi жан ұшырған қалпы баласының үстiн жаба
құлады. Арық қолдарымен Сәндiбектiң қан-қан денесiн қорғаштап жатып:
— Әй, иттер! Сендердiң де туған шешелерiң бар шығар! Өзегiмдi жарып шыққан перзентiмдi
сабағанша, мына менi сабаңдар! — деп жаман дауыспен барқырай айқайлады.
Шәки дiр ете түстi. Қара кемпiрге бiрнеше сойыл мен қамшының қатар тигенiн көрiп, қатты
тiксiнiп, керi шегiне бердi. Мұны күтпеген жiгiттер де ендi артық қол жұмсауға батпай, керi серпiлдi.
Сол арада Мiрәлi кимелеп кеп:
— Әй, сүмелектер, нағып состиып тұрсыңдар? Мынаның жон терiсiнен қайыс алыңдар! — деп
дойыр қамшысын зәрленiп көтере бердi.
Сол арада Шәки өзiне не болғанын бiлмей кеттi. Ытқып барып, Мiрәлiнiн, қолына жармасты.
— Өй, әкеңнiң аузын..! Жiбер былай! — дедi Мiрәлi адырайып.
— Тоқта! Сен шеше сабағанды қай ата-бабаңнан көрдiң? — дедi Шәки ентiге сөйлеп.
— Өй, сен ит... бүйтiп ақылды боп... — деп, Мiрәлi бұлқынып едi, қарулы Шәки жiбермедi. Мiрәлi
мұнысынан ештеңе өнбейтiнiн сезiп, қап-қара боп: — Қап, мынау иттiң қорлығы-ай! Жаманды
асырасаң, аузы-мұрныңды қан етедi деген осы, — деп, терiс бұрыла бердi.
Ендi жiгiттер де артық қимыл жасай алмады. Олар тездетiп, зекетке деген малды бөлiп ап, ауыл
сыртындағы ай тақырға иiрдi. Мiрәлi осы ауылда бiр түнеп, жолға ертең таң азанмен аттанбақшы
болып едi, оны Шәки қолайламады. Сәндiбек ауылы жiгiттерiнiң ашынған, ызалы түрлерiн байқап,
түнде бiр жаманшылық жасар деп, неде болса iргенi аулақ салып барып демалғанды жөн көрдi. Кетер
кезде Сәндiбек Мiрәлiге оқтай қадалып:
— Әй, Мiрәлi, ердi қорлама, күстырар, асты қорлама т...р деген. Бүгiндерi Хиуаның намысын
жыртып, атқа мiнiп, адам бола қапсың. Сонда менiң малымды жат ауызға асатқаннан табар пайдаң
кәне? Мына зорлығыңды кiм ұмытар? Дүния кезек. Қейiн бар ғой менiң қолыма түссең, бiлiп қой,
тiрiдей қабырғаңды қақырата сөгiп, өтiңдi ойып алам! — дедi.
Мiрәлi оған мазақтай қарап тұрып:
— Өйдөйт, қатырарсың! Одан да аман қалғаныңа қуан! Оны кезiнде көрiп алдым, — дедi де, қолын
бiр сiлтеп, атының басын бұра бердi.
Таланған ауылдан ұзап шыққасын да, қызулары басылған жiгiттер онша ашылысып сөйлесе
қоймады. Бұрын осындай ала шапқыннан соң, олар дәудiрлесiп, кiмнiң қалай ұрғанын, не iстегенiн