101
айтып мақтанып, ұзақ әңгiме етушi едi. Осы жолы бiр қолайсыздықты сезгендей, үн-түнсiз келедi.
Әлден уақыттан соң барып Мiрәлi Шәкиге бұрылып:
— Жаман неме Тоғанақ ағасына арқа сүйеп, құтырып жүр едi. Мынауымыз сауап болды, — дедi.
— Е... — дей салды Шәки. Сосын есiне Балқия, Тоғанақ пен Жәнiбектiң Ақкербездiң iзiнен Шектi
елiне қуып барғаны түстi.“Е, Ережеп соған бола тiсiн басып жүр екен ғой!”
Түн болды. Жорықшы жiгiттер бiр арада дамыл жасады. Олар мал жанында сенiмдi-сенiмдi деген
он шақты жiгiттi қалдырып, қалғандары жалпылдақ отын шауып әкеп, от жағып, тамақ пiсiрдi. Шәки
шала күйген қой етiн шаппасымен жапырақтап турап жеп отырып, жолдастарының жүздерiне ау-тауық
қарап қояды. Бiр-бiр жiлiкке қадалып жатқан олардың iрi тiстерi түнгi от жарығында аш қасқырдың
тiстерiнше сойдиып-сойдиып көрiнiп кетедi.
— Астапыралла,— дедi ол күбiрлеп. Iшiнен қатты тiксiнiп қалған жайы бар.
Бiрақ осы тобырдан бөлiнiп шығудың қиындығын, ондай оғаш талабын сезсе-ақ, ертең мына қалың
топтың өзiн майып қылуы мүлдем оп-оңай екенiн iштей сезiп, түйiлiп, ұзақ отырып қалды.
4
Бүгiн түс ауа Жәнiбек ауылына бiр топ қонақ сау ете түстi. Басшысы — Жәнiбекпен түйедей
құрдас, серi мiнездi Шайқыслам. Соңында iштерiнде Қалдыбай мен Қасқырбай бар бiр топ жiгiт.
Оларды көре сап, Жәнiбек орнынан тұрып, ықылас бiлдiрiп, жылы амандасты. Жiгiттер жайғасып
отырғасын, аман-саулық сұрасып жатып, iшке ас қамымен кiрiп-шығып жүрген Айжамалдың
қабағындағы кiрбiңдi көрiп, ыңғайсыздана түстi. Сонысын қонақтарға бiлдiрмейiн деп, өзi әзiл айтып,
елдi күлдiрiп отырды. Iштей Айжамалдың орынсыз мiнез аша беретiнi несi деп қойды. Оған қайын
атасы Мұғарап қосылып, қызының қолтығына су бүркiп қойды. Соған арқа сүйеген Айжамал соңғы
кездерi әрпi-тәрпi сөйлеп, кiржiңдеудi көбейттi. Әсiресе, Қалдыбай келсе болды, мұны Ақкербезбен
жарастырып жүрген сол ғой дейтiн болса керек, қабағы бiр ашылмайды. Кәзiрде де Айжамалдың
түйiлген қабағы ызғары мен сұсын сыртына шығарып алған екен.
Серiлеу Шайқыслам ештеңенi елейтiн емес, пәруайы пәнсар. Құс жастыққа көлбей жатып ап:
— Әй, құрдас, сен немене жерге тас кенеше қадалып ап, ауылдан ұзап шықпайтын болдың? —
дедi.
— Шаруа болғасын, — дедi Жәнiбек селқос қана.
— Өй, сен бiр. — Шайқыслам қолын бiр сiлтедi. — Бұрынғылар дүнияның қызығын көр, тең-
құрбыңмен ойна да күл деген жоқ па? Шама жетiп жатса, кезiнде дәурен сүрiп қалғанға не жетсiн?!
— Солай ма? — Жәнiбек сәл ойланып, құрдасының жүзiне анықтап қарады.
— Оның не солайы бар? Бұл — атам заманнан бермен қарай келе атқан өсият. Кейiнде де солай
болмақ. Асылы, қолынан шаруа келетiн дәулеттi кiсi не қылмайды? — Шайқыслам толық қызыл
шырайлы бетi шарық табақша жайыла түсiп, сылқ-сылқ күлдi.
Жәнiбек Айжамалды көзiнiң астымен бағып, аз унсiз қалды. Сосын Шайқысламға күле қарады.
Ештеңеден қайғысы жоқ құрдасының әлден-ақ үш қатын алып үлгергенiн, өзi қонған ауылының
бетiнiң ажары бар ұрғашысын көрсе, қыңырақтап құр кетпейтiн бiр жайын ойлады.
— Қайдам, — дедi Жәнiбек дауысын соза сөйлеп, — бұл бәндәға бәрi жетсе де, бiр жетпейтiнi
кеуiл ғой дейiм. Соның кесiрiнен кең дүнияны қолдан тарылтамыз да қоямыз.
— Мiне, мiне, — дедi Шайқыслам сұқ саусағын бұған қарай безей түсiп. — Осы айтқаның өте
дұрыс. Кеуiлдi кеңейту үшiн, алдымен, тiршiлiктiң ойы-қырын бiраз көрiп алу керек. Онсыз өзi... — Ол
Айжамалды нұсқай, көзiн қысып, сөзiнiң аяғын жұтып, тағы да жастыққа көлбей кеттi
Қалдыбай тоң-торыс отыр. Қасқырбай да әзiр ашыла қояр емес. Сол қалыпта барлығы шәй iштi.
Шәй болған-да, бугiнгi шәйдың түрi бөлек едi. Жәнiбек жақында Бұхараға бара жатқан бiр керуенге
пұл қосып, екi түйемен тайлап, тәжiктердiң хош иiстi көк шәйын алдырған болатын. Өзi жасына
жетпей толыса бастағасын, арықтайын деп, соңғы кездерi көк шәй iшуге көшкен. Бұрын мұны татып
көрмеген жiгiттер алғашында қызды-қыздымен iшерiн iшсе де, таңдайларына татымай, күңкiлдесе
бастады:
— Мынауың өзi... сылдыраған сұйқылтым бiрдеме ғой!
— Хиуаның қою шәйына не жетсiн!
— Осы шәйдiң көкесi мына Шын-Машын жағында деген рас па? — дедi бiр жiгiт жан-жағына
жалтақтай қарап.
Оны Шайқыслам қалжақ етiп:
— Оның дұрыс-бұрысын бiлем десең, барып қайтсайшы,— дедi.
Ол жiгiт дәудiрлеп:
— Бар десең, барайын. Бiрақ ол елдiң қаяқта екенiн де бiлмеймiн ғой, — дедi.
Жәнiбек аңқау жiгiттiң сөзiне күле түсiп:
— Қаяқта екенiн табарсың-ау. Бiрақ сөйлесу жағы қалай болар екен? — дедi.
— Ойбай-ау, о пәлесi тағы бар ма едi?
— Е, сен қалай деп едiң? Оның үстiне ол ел, Машын жұрты ет жемейдi.
— Қойшы?! Ау, ет жемей, кiсi қалай күнелтедi?
— Ол солай. Әр елдiң заңы басқа, иттерi қара қасқа деген. Олардың дiнi де бөлек.
— Астапыралла! — Шайқыслам жағасын ұстады. — Мұндай да болады екен-ау.
Сол арада Жәнiбек жiгiттерге Шын, Машын елiнiң әдет-ғұрпы, тiршiлiгi жайында бiр қыдыру
әңгiме айтып бердi. Сонан кейiн Юнан, Рум, Мысыр жұрттарына ауысты. Бұл ұзақ әңгiменi олар
қызық бiр ертек естiп отырғандай, ара арасында қоштап қойып, құмарта тыңдасты. Ол әңгiмесiн бiтiре
бергенде, Шайқыслам дағдысы бойынша мұны жеңiнен тартып: