Стр. 104 - Ulisel1tom

Упрощенная HTML-версия

103
жатқандай. Кеше соған қарамастан, бұл бiр iске тәуекел қылды. Ертең қасына Қасқырбайды ертiп,
ұрын бармақшы болды. Бұл хабарын қыз жеңгелерiне Қалдыбайдан астыртын жiбердi. Содан
Қалдыбайдың соғып отырғаны осы. Бiр көз ала берiсте ол мұның женiнен тартып: “Бәрi дұрыс”, —
деп, мiңгiр еткен де қойған едi.
Ертеңiне таңғы салқынмен ауылдарына жетiп алмақ боп, Шайқыслам мен Қалдыбай аттарына
қонды. Оларды ұзатып салысымен, Жәнiбек шаруаға тез кiрiстi. Қыз жеңгелерiне берер сый-сияпатын
қоржынның екi басына тықтырды. Өзi үстiне сәндi киiмiн кидi. Күн арқан бойы көтерiле батасын алып
кетпек боп, әкесiнiң аулына келдi. Малды өрiске ұзатып сап тишайған ауыл күнделiктi дағдылы
тiршiлiгiне кiрiсiп те кеткен екен. Жас әйелдер көбi пiсiп, құрт қайнатып, жүн сабап, абыр-сабыр.
Жәнiбек Қасқырбай екеуi аттарын ақырын аяңдатып кеп, алқа қотан отырған ауылдың шет жағына
тоқтады. Аттарын тар ғып тұсап жiберiп, үлкен үйге келдi. Әкесi палуан денесiн жалаңаштап, арқасын
Балқияға уқалатып жатыр екен. Бұлар сәлем берiп кiрiп келгенде, Балқия ұялып қап, күйеуiнiң
арқасын көйлегiмен жаба қойды. Жүзi сәл күреңiтiп, орнынан тұрып, сыртқа шыға бердi. Мамырай
дәнеме де болмағандай тiктелiп отырып, иығына жеңiл түйе жүн боз шекпенiн желбегей жамылды.
Малдасын құрып, төбедей боп отырып:
— Ертелетiп шыққансың ба? — деп қойды.
Жәнiбек ыңғайсызданып:
— Иә, — дей салды.
— Осы Мiрәлi кеше Сәндiбектiң ауылын шапқан дей ме?
— Е, неге? — деп бұл шошып қалды.
— Шапқанда бар ғой, өзi қызық. Сәндiбек Қараққа қашпай, сонау Аралдың бiр қолтығына барып
тығылыпты. Екi ара қаншама жер десеңшi! Шамасы Әлiмдердiң жұртына қарай өтiп кетiп, iз
адастырам деген-ау.
— Онысы несi екен? Одан да Шiрiк Рабат не Кекiрелiге қарай көшпеген бе?
— Ояғын бiлмедiм.
— Мұны... естiп тұрғаным осы. Мiрәлiнiң онысы несi екен? — дедi Жәнiбек шынымен таңғалып.
— Сәндiбек салық төлеуден қашыпты, сонысы үшiн дейдi.
— Ау, сонда ел шаба ма екен?
— Күштiнiң к...тi дермен тартады деген бар емес пе? Кәзiр Келман балаларының не iстемейiм дерi
бар ма? Сәндiбек Тоғанақтай жақсының iнiсi емес пе? Соған қол көтерiп, мына тентек ағайын ел
арасын ащы ғып қойды ма деп ойлаймын.
— Ащылықтан бұрын, жаулықтың өршуi мүмкiн ғой. Апырмай, мұнысы несi екен?
— Қайдам. Бiр сыласы бола жатар. Ендi өзiң... — Мамырай үй iргесiне дүсiрелете тақап кеп
тоқтаған аттың дыбысын естiп, елеңдей қалды. — Соншама жау қуып келе атқандай бұ кiм екен?
Ол айтып ауыз жапқанша болмады, есiк алдында жатқан құмай тазыны қамшысымен бiр тартып,
қаңсылатып, дұрыстап тұрып бiр боқтап, iшке Тайпан кiрiп келдi. Ол ықылассыздау сәлем берiп,
Мамырайдың жанына дүрс етiп отыра кеттi.
Мамырай оның қанын iшiне тартып, түтiгiп алған жүзiне сабырмен қарады:
— Жарқыным, немене жайшылық па? Ит сабауыңа қарағанда, кеуiлiңе ит тиiп кеткендей ме қалай?
— Иә, ақсақал, ит тидi, — дедi Тайпан дүңк ете түсiп.
— Е, неге?
— Оның iж негесi жоқ. Мен ағайыншылыққа көнiп, сендерге мұрсатана берiп ем. Ендi замана райы
өзгерiп барады. Ақыр аяғында не мал жоқ, не жесiр жоқ, аузымды қу шөппен сүртiп қалармын деп
кәуiп илеп келдiм, — дедi ол ендi дау соғатын кiсiше оқталып отырып, дауысын қаттырақ шығарып.
— Ау, сенiң осыншама түңiлгенiң не? Азғантай сабыр етсейшi. Малыңды азар болса, өсiмiмен
берермiз.
— Жоқ, ақсақал, ендi мәмiлеге көнер жайым жоқ. Сөз қысқа, — деп Тайпан кiжiнiп кетiп,
басындағы қара елтiрi бөркiн жерге атып ұрды. — Анадағы берген малыңды қайтарып берем.
Жесiрiмдi өзiм алам.
Мамырай не дерiн бiлмей, самсоз боп, аз-кем iркiлiп қалды. Үй iшiнде қолайсыз бiр тиыштық
орнады. Ызалы Тайпанның қаттырақ дем алғаны анық естiлiп тұр. Маңғал бас шал сабырын шашпаған
қалпы:
— Ау, сонда алысқан қол, берген уәдемiз қайда қалмақ? Жiгiттiң екi айтқаны өлгенi емес пе? —
дедi.
Бұған да Тайпанның жауабы әзiр екен. Оған қарай мойнын шұғыл бұрып:
— Кәзiр о заман өткен. Жұрт дүнияны қолындағы бармен ғана өлшеп пiшедi, — дедi.
— Е, солай де? — дедi Мамырай не қоштағаны, не кекеткенi белгiсiз.
— Ол дәл солай. Ағайын, ендi мәсәләның басын ашып алайық. Не жуық арада малымды бер, бере
алмасаң, өкпелеме, онда жесiрiмдi өзiм алам!
— Әй, Тайпан, — дедi сол арада Мамырай оқыс тiктелiп, — сен осы сөзiңдi ойланып айтып отсың
ба? Ендi жер ортасынан асқанда балаңмен жасты баланы алам деуге аузың қалай барады? Одан не
әбiрей табасың?
— Мәке, әркiмнiң өз бiлгенi өзiне жөн. “Өз ақылым — ақыл-ақ, кiсi ақылы шоқырақ” деген. —
Тайпан қолағаштай танауы кенет керi жиырыла түсiп, мысқылдай күлдi. — Пайғамбар жасынан
асқанда сiз де төсек жаңғыртып отырған жоқсыз ба? Сонда сенен менiң нем кем, а? Көзiм соқыр ма,
басым таз ба? Әлде маған тоқал алу жайыз емес пе?
Мамырай үндей алмай, қып-қызыл боп кеттi. Оған табан астында не деп жауап қайырарын бiлмей,
добалдай қолымен иығынан сусып түсе берген шекпенiн тартқылай бердi. Сол арада Жәнiбек бар
салмақтың ендi өзiне түскенiн сезiп, әлденеге бойы ауыр тартып, бетiне ыссы қан шауып, бiраз отырып