Стр. 105 - Ulisel1tom

Упрощенная HTML-версия

104
қалды. Басына сан сапалақ ой түстi. Iштей Тайпанды азғырып, желiктiрiп жiберген бiреудiң барлығын
аңғарды. Осы арада үндемей қалудың ретсiздiгiн бiлiп:
— Тәке, — дедi майдалап, — айтып отырғаныңыздың iж кәлетi жоқ. Шариғат бойынша, жесiр
сiздiкi. Тек осы арада мынадай бiр гәп бар. Рәсiм бойынша, бұл арада жесiр жағының да ырзашылығы
керек. Сiз қызды атастырсаңыз, iнiңiзге атастырдыңыз. Өзiңiзге тию, тимеу ендi қыздың еркi. Сiз осы
йағын бiр ойладыңыз ба?
— Е, ойлап нем бар? Мал бергенiм рас, оған құдай қуә, халық қуә. Ендi жесiр менiкi, ол менiң
әмеңгерiм, — дедi Тайпан адырайып.
— Жоқ, жесiрдiң ырзашылығынсыз баса-көктеп алуға шариғат қоспайды.
— Әй, ағайын, менiң басымды көп қатырмаңдар! Берген малыңды түгел қайтарам. Жесiрiме қол
сұқпаңдар, — деп Тайпан сөздi шорт кесiп, орнынан тұрып жүре бердi. Есiк алдына жете бере кенет
артына ауырлау бұрылып: — Қолайсыз жерден қол сұқсаңдар, бiлiп қойыңдар, елдiктен кетемiз, — деп
зiл тастап кеттi.
Үй iшi тым-тырыс. Әкелi-балалы екеуi не iстерiн бiлмей, дағдарды да қалды. Осы қолайсыз
тиыштықты Қасқырбай бұзып:
— Мына шал кәртейгенде азғырынды сөзге ерiп, бар әбiрейiнен айрылайын деген-ау, — дедi.
— Мұның түбi... кiмде жатыр екен, а? — деп Мамырай ұзақ ойланып қалды. — Бұ шiркiн кiмге
арқа сүйеп отыр, а? Әлде... жоқ, олай болуы мүмкiн емес. Сонда... — деп, ол ыңылдап отырып, әр
нәстенi iштей сарапқа салды. — Иә, мынау бiр қиын нәсте болды. Бас-көзге қарамай қызды ала салуға
күш жоқ. Бiр жағынан, оның айтып отқаны да жөн ғой.
Жәнiбек әкесiнiң мәймөңкелеп келе жатқанын сезiп, дер кезiнде сөзге кiрiстi:
— Көке, қарсы болмасаң, мына Қасқырбайды құдаларыңа жiберiп алғалы отырмын. Бiздiң басқа
iстейтiн қиламыз да жоқ. Таңдау олардың өздерiнен болсын.
— Бұ да жөн. Онда барып келе қойсын.
Жәнiбек Қасқырбайға сөздi қалай айтудың ретiн үйреттi. Ол кеткесiн, өзi аулына кеуiлсiз қайтты.
Үйiне кеп, бағанағы қоржынын ыңғайсыздана көтерiп, iргеге тастай салды. Сосын Айжамалдың
жүзiндегi қуаныш табын көрiп, тiксiнiп қалды. “Немене, бұл... мына жайды бiле ме?» — деп, күдiк
алып, сылбыр шешiнiп, етегi түрулi iргенiң қарсы алдында жайылған төсекке кұлықсыз кеп қисайды.
Көз алдына әйелiнiң жүзiндегi шат реңi кеп, бiр түрлi болды. “Бiз, адамзат баласы, — дедi өзiне-өзi, —
неге бiреуге қастық жасап, өзiмiзге пайда түсiргенге қуанамыз? Мұның жыртқыштықтан айырмасы
қанша? Бұ да белдi иттiң басқа әлсiз көпектiң аузындағы сүйек-саяғын тартып жегенiмен бiрдей емес
пе? Сонда адам мен айуанның айырмасы бар ма? Осы арада кiсi ақылы оның оңаза пасық, ниетiне
тiзгiн сала алмайды ма? Әлде... бiреуге қастық, бiреуге достық жасап күн көру мына тiршiлiкте қым-
қуыт мәңгi-бақи өзгермейтiн жәйт пе? Бiз неге бiреудiң жанын жаралағанымызды көре-бiле тұра
қуанамыз? Мұнын сыртында қатыгездiк, тас бауырлық жатқан жоқ па?”
Ол жанын қинаған мың-сан сұраққа анық жауап таба алмай, тор-тор керегеден сыртқа ұзақ
қадалып жата бердi.
5
Мамырай сақал-шашы ағара бастағанда, ауыл арасының дауына араласам деп ойламаған да едi.
Ендi намысқа тырысып, құдасының ауылына өзi келдi. Есесi қайтып, малы орнына келген Малдыбай
кеуiлдi екен. Көптен берi көрмеген құдасын ашық қабақпен қарсы алды. Бетiне қара қошқыл майы
жүзiп жүрген тәттi қымызды қайта-қайта еселете отырып, ықыласты екенiн көрсетiп те тастады.
Қымыз буынға түсiп, маңдайдан шып-шып тер шыға бастағанда, Мамырай көйлегiнiң өңiрiн ашып,
салқындап отырып:
— Сонымен малың түгел орнына келдi ме? — дедi.
— Құдайға шүкiршiлiк, — дедi қызыл бет Малдыбай жаңадан өсiп келе жатқан, сұйық сақалын
салалап сипай отырып. — Кiсi жайшылықта ағайын-туғанның кәдiрiн бiлмей, арпы-тұрпы, астам
сөйлей бередi екен. Татулық, жақындық осындайда керек көрiнедi ғой. Әйтеуiр, намысқа шабар
жiгiттерiмiз бiр тентектi астыма салып бердi.
— Ендi үйтпей... — дедi Мамырай кеуiлденiп. — Ау, бiз де ел емеспiз бе? Мына Әлiм ағамның
балалары “Ет жаманы — көмекей, ел жаманы — Шөмекей” деп мазақ қылушы едi. Бiздiң қой аузынан
шөп алмас момындығымызды жасықтық, ынжықтық көрушi едi. Өздерi жүрген жер кiлең дау-дамай,
шатақ қой. Осы жолы бiз де сойыл ұстай алар ел екенiмiздi бiр көрсеттiк, — деп, ол ойына алған
шаруасына қалай қиялап келудiң ретiн таппай мүдiрiп қалды.
— Ендi оның айтары жоқ, — дедi Малдыбай күле түсiп. — Осы ел мына Сарғасқаның атының
қалай шыққанын бiле бермейдi. Болмаса Қоқанның қамалын шапқанда сары қасқа атты, сары тонды
Келдiбайдың қалай Сарғасқа атанып кеткенiн ұмытуға бола ма?
— Әрине. Оны айтпағанда, ана Сарман батырды қайда қоясың?
— Мына Бозғұлдар Шөмекей баласының кенжесi едi. Ендiгi жерде батыр да солардан шығар.
— Оның рас, — дедi Мамырай осы арада шұғыл жадырап. — Кешелерi ана Тайпан iнiмiз келiп
кеттi. Кәрi қатты. Келе...
— Ә, — дедi сол арада Малдыбай мұның сөзiн бөлiп, — қайсы бiр күнi бiр жiгiттi жiберген
екенсiң. Оның жайын естiгем. — Ол кеңк-кеңк күлдi. — Бағанадан берi сыртқа бейсеубет көп шыға
бермейтiн сенi қандай шаруа қозғады екен деп отыр ем. Әлде жас иiс жайлы төсекте жатқызбады ма
деп те қойып едiм, — деп, ол сақалы селкiлдеп, күлiп алды. — Сүйтсем... — Ол көзiнен аққан жасты
сүлгiмен сүртiп жатып: — Сонда ол iнiмiз не дейдi? — дедi.
— Оның не дерi жоқ? Әлдекiм айтақтаған-ау шамасы. Ендi қартайғанда күйеу боп, төс жейiм дейдi.
Бiз андағы келiсiм бойынша, қалың малының жартысын ғана қайтарған едiк қой. Қалғанын қол