Стр. 108 - Ulisel1tom

Упрощенная HTML-версия

107
жүрген жолдары сияқты ирек сызықтар қона қалыпты. Әлгi кiсi мұны көре сап, өз-өзiнен қуыстанып,
дереу дәптерiн жаба қойды. Тұздай көзi сазарып, мұның өңменiн тесiп жiбере жаздады. Құлқа сонда:
“Мұнысы несi?» — деп таңданған да қойған. Кейiннен әлгi кiсi мен Ахиярдың бiр-екi рет оңашаланып,
қысқа-қысқа тiл қатысқанын байқап та қалған. Бүл осы жағдайды Бұхараның шетiндегi қыстақта жайы
бар өзбек тамырына айтып едi, ол жағасын ұстап:
“Ойбай-ау, ол деген iлiм олар жер бетiнiң сурәтiн солайша салып алады. Сосын сол iзбен екiншi
рет өздерi көш басшысыз-ақ, әскер ертiп келе бередi”, — дедi.
“Астапыралла, не дейдi?” — деп бұ да жағасын ұстаған.
“Жора, солай. Қайта олардың уысынан аман-есен құтылғаныңа шүкiршiлiк қыл”.
Құлқа батыр сонда ғана Ережептiң өзiне арнайы жiберiп, неге қиылғанын түсiнгендей болған. “Ә‚
кәззап, менi аранға итермелеген екен ғой!”
Кәзiрде де Құлқа батыр күле түсiп, сол дүдәмалын Бозғұл кiсiсiне айтып едi, ол таңдайын тақ
еткiзiп, басын шайқап:
— Естiмеген елде көп деген ып-рас-ау, — дедi.
— Айтпа. Соны сезгесiн-ақ, аман-есен құтылмаспын деген ой басымнан шықпай қойды, — дедi
Құлқа өзiнiң сескенгенiн жан баласына алғаш рет ашық айтып.
— Түнде... былай, олар ұйықтап атқанда, қашып кетпедiңiз бе?
— Қашу қайда?! Түн баласында мылтық асынған екi күзетшi көз iлмейдi.
— Апырмай, ә?!
— Сонда деймiн-ау, олардың бұ келiсi не келiс?
— Оны итiм бiлiп пе?
Екеуi де үнсiз қалды. Олар алдарында маздай жанып жатқан сексеуiлге қарап, бiраз отырды. Құлқа
көсеумен түрткен сайын шоқ шырт етiп, анадай жерге шоршып түседi де, iзiнше бiр қызарып, бiр
бозарып, сөне бастайды. Құлқа батыр лаулап болып, ендi шоққа айнала бастаған отқа шырт еткiзiп бiр
түкiрiп, қолындағы көсеумен оттың шетiн жинастырып қойды. Бозғұл кiсiсi өз-өзiнен қозғалақтап:
— О да мүмкiн, — дедi.
Сол арада қолындағы келтелеу сексеуiл көсеумен бұқары құман астындағы қызыл шоқты қозғай
берген Құлқа батыр әлденеге елең ете түстi. Бұл кезде түйелер тұщы отты талғамай, ащылық, сораң
iздеп, алдағы жалпақ жазыққа түсiп те кеткен едi. Соны көрiп, тұрса керек, жабындыдан тоғыз ұры
андыздай шыға кеп, қиқу сала шауып, түйелердi бет аулаққа қарай қуалай жөнелдi. Құлқа қолындағы
көсеуiн ұстаған күйi орнынан атып түрегелдi. Ұзын бойы сереңдеп, атына қарай тұра жүгiрдi. Келе
пышағымен тұсауды қиып жiберiп, атына қарғып мiнiп, осы кезде түйелердi тайрақтатып қуып бара
жатқан тоғыз ұрының соңынан тура салды. Атының шабысы жөнделiп, олардың қарасы жақындаған
кезде барып, өзiнiң қарусыз екенiн есiне алды. Ұрылардың қылыштары мен найзалары бар.
Бастарындағы биiк төбелi сеңсең бөрiктерiне қарағанда, не түрiкмен, не қарақалпақ жiгiттерi. Өздерi
шеттерiнен iрi, қарулы, нағыз сен тұр мен атайындар. Олар бiр-екi төбеден асқасын, арттарынан
шыққан қуғыншыны көрiп, түйелердi тырқыратып қуа бермей, май бүлкiлге көштi. Мына сиқы:
“Тоғызымызға жаңғыз кiсi не iстей қояды?” — дегендiк. Құлқа батыр осындай жердегi ақкөздiгiне
басып кеттi. Айдалада жаяу қалса, шөлдеп өледi. Одан да дұшпанмен айқасып, жастығын астына ала
құлағаны мақұл. Осыған бекiнген ол астындағы атына қамшы басты.
Тоғыз ұры қуғыншының жалғыз, әрi шал екенiн көргесiн, ендi тiпте айылдарын жимады. Бәрi
тоқтап, мұны ермек етiп, өздерiнiң қайратын көрсетпекке бекiнген сиякты. Бұл жақындай бергенде, бiр
жiгiт найзасын бiлеп, атын тебiнiп қап, қарсы ұмтылды. Ағызып келген қалпы бар екпiнiмен қарт
батырды ат үстiнен аударып түсiрмек боп, қатты кiжiнiп, тiстенiп апты. Соны көрген Құлқа жан-
дәрмен деп, басын ала-ала қашқан жаман атының тiзгiнiн шiрене тартып, бiр бүйiрлей бердi. Сосын
өңменiне суық жүзi күн сәулесiне шағылыса жылтылдап төнiп кеп қалған найза ұшына шошына
қарады. Iшiнен: “Бiссiмiллә”, — дедi. Дем арасында маңдайынан қара тер бұрқ ете түстi. Ұры найзаны
толғап сала бергенде, баяғы жау түсiрiп жүргендегi дағдылы машығына басып, осы кезде көлденеңдеп
кеткен ат үстiнен сыпырылып түсе бердi. Еңкейiп бара жатып, сексеуiл көсеумен бiр қойып, төнiп кеп
қалған найза ұшын өзiнен аударып үлгердi. Қарулы қол сiлтеген найза қазақы ердiң қасына барып кiрш
ете түстi. Құлқаның күткенi де осы едi. Бiр демде лып етiп, ер үстiне түзелiп отырып, найзаның басына
жармасты. Әлемет күшпен оны жұлып ап, сабын ұстап тұрған ұрыны керi итерiп жiбердi. Найза сабы
кеудесiне тiрелген ұры жел соққан қаңбақша шайқалақтап кетiп, жерге ұшып түстi. Ендi Құлқа батыр
найзаны қолына ап, лып етiп еңкейiп барып, шаң қауып жатқан ұрыны көсеумен тобығынан бiр қойды.
Ұры аяғын баса алмай, шоңқиды да ғалды.
Қалғандары гәупек екен. Осы кезде айғайлай шауып жетiп келген Бозғұл кiсiсiнiң қолынан ұзын
қайың сойылын ала сап, қатты ақырып, қалғандарына қарсы ұмтылды. Әруақтанып кеткен қарт батыр
жақындаған ұрыларды бiртiндеп, қыбын тауып, тiзе мен тобықтан ұрып соғып, ат үстiнен құлата бердi.
Тек ұрының жастау бiреуi аса қарулы екен. Бiр қапысын тауып, найзасын мұның оң иығына салып кеп
қалды. Дем арасында оң қолы ұйып сала бердi. Құлқа сонда да болмай, сол қолымен шап берiп,
найзаны әрi қарай дарытпауға тырысты. Ұры бар күшiн сап, итере түстi. Құлқа найза ұшын әрi қарай
сұғындырмаса да, бұдан құтылып кетудiң киын екенiн бiлдi. Ащы тер көзiн жуып кеттi. Сол арада
Бозғұл кiсiсiне:
— Тiзеден ұр! Бол! Тез! — деп барқырай айғайлайды.
Бозғұл кiсiсi төбелеске жоқ екен. Шаруа неме далақтай шауып кеп, қолындағы сойылымен әлгi
ұрыны арқасынан бiр қойды. Оны iрi жiгiт шыбын шаққан құрлы көрген жоқ.
— Әй, тобықтан ұр! — дедi Құлқа батыр қатты айғайлап.
— Бұл әкенiң аузын с...нiң тобығы қайда едi? — деп Бозғұл кiсiсi айнала берiп, сойылып құлаштай
сермеп, перiп кеп қалды. Сойыл тайып барып, тiзеден тидi. Жаңа ғана мығым тұрған ұрының қолы сәл
босап сала бергендей болды. Сойыл екiншi рет тигенде, ол ат үстiнен аударылып бара жатты.