Стр. 118 - Ulisel1tom

Упрощенная HTML-версия

117
Уәйiс-Нияз жылмиып, екеуiне кезек-кезек қарады да;
— Бұ қазақ бауырлардың әзiлi қайсы, ашуы қайсы, дауы қайсы, жауы қайсы‚ — аңғара алмай-ақ
құрыдық қой. Қатар кiсiлердiң осындай дықсыз қалжыңына не жетсiн, — деп жалт етiп шыға келдi.
Ережеп маңқиған қалпын бұзбастан, мұртын қолымен таулап отыр.
Жәнiбек ширыға түстi. “Ендi аянатын дәнеме де қалған жоқ”. Ол сол арада бойын жиып, зорлана
күлiп:
— Бек, жақсы айттыңыз, қалжыңмен кеуiлдегi кiрiңдi кетiрiп алмасаң бола ма? Бiздiкi... әзiл ғой, —
дедi.
— Әп-бөрекелде, өзiм де солай ойлап ем.
“Атаңның басын”, — дедi Жәнiбек Уәйiс-Ниязға iштей жауыға қарап.
Ережеп бұған бұрылып, сәл-пәл жымия түсiп:
— Сенi осы қалыңдық ойнаған дей ме, қалай? — дедi.
— Ондайымыз болады, — дедi Жәнiбек ыңғайсызданып.
— Е, дұрыс болған екен. Алла ұзағынан сүйiндiрсiн, — деп Ережеп бұған жақсы тiлек бiлдiрiп
жатқандай боп күлiмсiредi. Оның үлкен көздерiнде қуақы бiр жылтыл лып-лып етiп, ұшқындай түсiп
барып, қайтадан сөне қалды.
Жәнiбек Ережептiң шын кейпiнiң әлi де тереңде жатқанын аңғарып, бiр ой мазалап, қобалжи бердi.
Аздан соң дәм келдi. Ас үстiнде iштей әлдеқандай тоң-торыс арбасуды сезген кiсiлер шаруа
бабынан артық әңгiме айтқан жоқ.
12
Елдес iнiсiнiң соңынан таңдана қарады. Жатыры басқа болса да, бала кезiнде бiр төсекте құлын-
тайдай тебiсiп өскен Жәнiбек өзiне бiр туғаннан артық боп кеткен-дi. Ендi күн өткен сайын сол ет
жақындық қатты керiлген шуда жiпше жiңiшкерiп барады. Ол ер үстiнде қозғалақтап қойып,
дұрысталып отырды. Алдындағы бiр жазық тепсеңде пiскен ажырықтан бас көтермей жусап жатқан
қалың жылқыға көз салды. Күпшек санды көкалаларды көргенде кеуiлi азырақ жайланғандай болды.
Дегенмен жанының бiр қуысында жасырынып жатқан бөлекше күдiгi бүйiрiне темiртiкенше қадалып,
шым-шымдап мазалай бердi. “Неге! — дедi бiр кезде өзiне-өзi. — Шынында да, неге? Неге осы iнiмiз
бiр кiндiктен дөрегендей боп, хиуалықтардың сойылын соға бередi? Ау, iжкiмнiң қасы мен қабағына
қарамай-ақ, өз алдына түтiн түтетiп, бөлек ел боп отыруды құдай бiздiң маңдайымызға жазбаған ба?
Немене үйтуге шамамыз жетпей ме? Неге?» — Ол көптен берi басынан кетпей жүрген осы бiр
сұрағына жауап iздегендей аз-маз абдырап, күректей қолымен маңдайын сипалады. Сосын бiр бет
өжет мiнезiне басып: “Өй, қойшы! Халықтың қамын жейтiн мен бе? Бiр сыласы бола жатар”, — деп
қолын бiр сiлгедi де, үйездеп жатқан жылқысына қарай жүрiп кеттi.
Түс әлетiнде Қожақ келдi. Кешегi жағдайдан кейiн Елдес одан iшiн тартып қалған-ды. Кеуiлiндегi
ызғар бұл жолы да әрiге жiбермей, онымен салқын амандасты.
— Үй жаққа... бара атыр ем, — дедi Қожақ жәйiмен. Оның ақ сұр жүзiнен қалың көлеңкеше құлап
жатқан уайым iзi айқын көрiнедi.
— Дұрыс, — дедi Елдес жөндеп сөйлескiсi келмей.
— Кеше... көкем сiздiң үйге барып, кешiрiм сұрады.
— Дұрыс.
— Шалдар қайтадан табысты, — дедi Қожақ әлденеге қинала күлiмсiреп.
— Дұрыс, — дедi де Елдес оған кенет қулана қарады. Iшiнен: “Осы мен неменеге кергiп тұрмын?
Орайы кеп тұрғанда мына сүмелектi пайдаланып қалайын да”, — деп тез арада өңiн өзгертiп, түсiн
жылытып, қуалана жы-миды. — Шалдардың олары жүдә жақсы болған екен. Жас кезде не болмайды?
Қайта осының өзi дұрыс. Ертең мажал қашып қартайғанда, жасаған қылуаңды есiңе аласың. — Ол
қамшысын екi бүктеп, қос бүйiрiн таянды. — Бала, насыбайың бар ма? Шақшамдағым бiтiп қалып,
басымның ауырып тұрғаны.
— Жоқ. Мен... атпайым ғой.
— Мiне, бұл жаман. Сендер әлi баласыңдар. Насыбайдың кәдiрiн қайдан бiлейiн деп едiңдер? —
деп, ол жорта қиналды. — Апырмай, не iстесем екен?
— Қайдам. — Қожақ екi иығын қиқаң еткiздi.
— Кешке дейiн әлi бiраз бар-ау. Шақшалы бiреу кездесе қояр деймiсiң?
Қожақ жүзi төменшiктеп, үн-түнсiз тұр.
— Бала, — дедi Елдес iле жадырап. — Өте асығыс болмасаң, мына жылқыға қарай тұр. Мен ауылға
барып келе қояйын. Жарамды атқа қозы көш жер деген немене? Көздi ашып-жұмғанша барып
келмейiм бе?
— Жақсы, — деп бағанадан берi қайын ағасына қалай жұғыстық қылудың ретiн таппай тұрған
Қожақ тез келiсе кеттi.
Елдес ауылға қарай салдырта жөнелдi. Астындағы сүйегi салалы, быртық бақайлы ат аяғын тең
тастап, жортып келедi. Ол тiзгiндi жәйiмен қаға отырып, Қуаңның жайпауыт жағасына кеп құлады.
Қалың жыңғыл қаптай өскен, iндiгештi тұстан сары аяңмен өтiп, алдағы қоңыр жалдың басына
екпiндеп шыға келдi. Сол сәт ойдағы бес-алты қараүй айдалада иесiз қалған ақ жұмыртқадай боп
көрiндi. Маңайында тiрi жан жоқ. Сиыр сәске шағында жан бiткен қоңыр салқын көлеңкенi қуалап
кеткен секiлдi. Елдес өз үйiне тура салды. Iшiнен мына ыссыда Қожақты жылқы басына қалдырып
кеткенiне қуанды. “Бәлем сол керек. Мықтылық көрсететiн неме ғой”, — деп iштей ырза бола шиық-
шиық күлiп, үй жанына тақап кеп, атынан дүрс етiп түсе қалды. Ағаш қазыққа шылбырды қазықбау
шалып байлай сап, қара-үйге тақай бiр-екi аттай берiп, ерiксiз тоқтады. Iштен жабықты қолымен серпе