133
Жәңгiр ханның Орынбор генерал-губернаторына арқа сүйеп, өзiнiң бетiне келген кiсiлердiң бәрiн
құртып бiткенiне, Берiш Исатай батырды өлтiрiп, кәзiр Махамбет батырдың iзiне шырақ алып түсiп
жүргенiн бiлдi.
— Айтпақшы, Махамбет батыр осы Хиуада жүр, — дедi ол жан-жағына қарап қойып.
— Е, о кiсi не шаруамен келiптi?
— Жәңгiр ханмен соғысуға Мұхәммәд-Инақтан көмек сұрай келiптi. Ал, жақсы. Әзiр осында
болсаңыз, кеңiрек отырып сөйлесермiз, — деп, Қайыпқали сұлтан Жәнiбекке бас изеп, iшке кiре бердi.
Сарай маңынан ұзап шыққасын, қатар келе жатқан Ядгарбек бұған қарап:
— Жаңағы сұлтанды сiз бұрын танитын ба едiңiз? — деп күңк ете қалды.
— Жоқ. Тұңғыш рет көрiп тұрмын.
— Өзiн... бiр түрлi iшiм алмайды.
— Неге?
Ядгарбек үндемедi. Осы кезде сондарынан салпақтап ерiп келе жатқан, басына пәрәнжi жамылған
бiр әйелдi көрiп:
— Нұр сипатты ұлы ханның әмiрiн орындап, абырой алуға тырысу керек, — деп, ол мұны
бүйiрiнен қолымен нұқып қалды.
Жәнiбек әлгi кiсiнiң салпаңқұлақ екенiн сезе қойып:
— Иншалла, сүйтемiз, — дедi дауысын көтере сөйлеп.
18
Қарақ тауының жырақанасы мен жақпар тастарының таса-тасаларында тығылып тұрғап жүзден
астам сарбаз орыс саудагерлерiнiң керуенi артына шұбалған шаңын қалдырып жақындай бергенде,
тұтқиылдан тап бердi. Ұран тастап, қиқулап, қайқы исфаһани қылыштарын жалаңдата көтерiп алған
жiгiттер түтiп жердей боп түйiлiп келедi. Қол алдында келе жатқан Жәнiбектiң қарсы алдынан аңырап
жел соқты. Ат тұяғы атқан ала шаң бұрқырап, көзiне тығылды. Жәнiбек өзiнiң қосүрей боп келе
жатқанын байқады. Шайқасқа алғаш рет кiргесiн бе, кеуiлi бiр түрлi боп өрекпiген ол ердiң қасына
иiлiп, жалаң қылышын оңтайлай ұстап, тақымын қыса түстi. Егесiнiң пәрменiн түсiнгендей астындағы
жануар ендi басын алға қарай салып жiберiп, пырылдай жөнелдi.
Биқам келе жатқан орыс керуенi демде абыр-сабыр болды да қалды. Қiсiлер әлдене деп
жаңқылдаса айқайласып, әрлi-берлi жүгiрiсе бастады. Түйе жанындағылары дереу арба да қалды.
Кiсiлер әлдене деп жаңқылдаса айқайласып, әрлi-берлi жүгiрiсе бастады. Түйе жанындағыларды дереу
арба үстiне салып қойған мылтықтарын жұлып-жұлып алысты. Iзiнше тақтайға шеге қаққандай боп,
бытырлап мылтық атыла бастады. Бiр оқ ысқырған күйi Жәнiбектiң құлағын жанап өттi. Ол басын
ерiксiз бұға түстi. Екiншi бiр оқ жанында ағызып келе жатқан сарбаздың оң иығынан кеп үрды. Ол
қолынан қаһарлана ұстаған қылышы түсiп кетiп, талықсып, жаман дауыспен барқырап, ер үстiнен ауа
бердi. Жәнiбек оған қарауға дәтi шыдамай, көзiн әрi қарай тайдырып әкеттi. Сол арада мұның
құлағының түбiнен тағы да бiр оқ ысылдап жанап өттi. Тағы да бiр сарбаздың ащы шыңғырып
жiбергенiн құлағы шалып қалды. Алас-қапаста: “Мынадай шайқаста оқ тию деген қиын емес-ау?” —
деп ойлап та қойды. Сол екен, зәре-иманы ұшып кеттi. Дереу сол қолымен тiзгiндi кейiн тарта бастады.
Бiрақ етi қызып алған ат әл бермей, жуан мойнын күдiрейтiп, екi көзi есiрiк буғандай шапыраштанып,
ауыздыққа бағынбай, алға қарай шаба бердi. Сол сәтте осы кәзiр сарбаздар бет-бетiне бытырап
үрейлене қашса, керуендi қолға түсiре алмаса, ертең өздерiнiң Мұхәммәд-Инақтың қаһарына
қалатындығы Жәнiбектiң басына сарт етiп түсе кеттi. Неде болса деп, ол ендi ат еркiн өзiне қоя бердi.
Арлаған ат екпiндеген бойы жүн тиелген арбаны кеудесiмен соғардай боп жақындап та қалды. Сол
арада Жәнiбек арбаның әр жағында тұрған, аузы-басын жирен түк басып кеткен бiр орыстың
мылтықтың үңiрейген аузын өзiне қарай бұра бергенiн көзi шалып, iлезде тұла бойы суық шалғандай
қалтырап кеттi. Тез еркiнен тыс жасқанып қап, ердiң қасын өзiн оқтан қорғап қалар панадай көрiп,
еңкейе бұға түстi. Сол сәт ат мойнының ащы терiнiң иiсi танауына келдi. Ол тездетiп көзiн алға
тастаса, арбаға төнiп келiп те қалған екен. Орыс әскерi мылтығының үнiрейген аузын көтерiп алыпты.
Iзiнше дәл құлақ түбiнен гүрс ете қалған дыбыс естiлдi. Бұл көңiрсiген қара дәрi иiсiн жақыннан сездi.
Ыссы бiрдеме оң иығының терiсiн жалап өткендей болды. Бiрақ оған қарауға шамасы жетпей, ендi аз
кешiксе осы пәтiмен арбаға барып соқтығарын аңдап, ырсылдаған аттың екi бүйiрiне етiгiнiң екi
өкшесiн қадап, тiзгiндi тарта бердi. Егесiнiң жарлығын түсiнгендей жануар арлаған қалпы арбаға
жақындап кеп, сәл кiдiре бере, кенет алдыңғы екi аяғын алдына қарай соза қарғыды. Қылышын
қаһарлана көтерiп алған Жәнiбек қарғып бара жатып, солдатты қиялай шапты. Бiрақ анау жан-дәрмен
деп, мылтығын төбесiнен асыра көтерiп, көлденең ұстай қойды. Қылыш тақ етiп, темiрге тидi. Осы
кезде арбаның әр жағына топ етiп түсе берген ат екпiнiмен Жәнiбек шалқалақтап кетiп, құлап қала
жаздады. Бiрақ тiзгiннен айрылмай, босаған тақымын қайта қысып, бойын тiктеп алды да, алас-қапаста
алақызған аттың басын керi бұра бердi. Ендi қорқынышты ұмытып, солдат мылтығын қайтадан
кезеймiн дегенге келтiрмей, тап бердi. Оны аттың омырауымен қағып жiберiп, арбаға артымен тiрелген
орысты қылышымен сыр-р-р еткiзiп қиялай шапты. Сол сәтте оның бiрдеңе деп бақырғанын, көк
көздерiнiң ұясынан шыға аларып кеткенiн, құп-қу боп болған жүзiн, сол қолын төбесiнен асыра
қорғана бергенiн, қылпыған қылыш жүзiнiң адам денесiнiң жұмсақ етiн кескенiн, сәлден соң әлгi
орыстың кеудесiнiң екi бөлiнiп, жерге құлап бара жатқанын көрдi. Лезде мұның көзi қарауытып кетiп,
лоқсып, күсқысы келдi. Ол ендi қылышын керi тартып алған бойда, ешкiмге қарамай, шайқас қызып
жатқан тұстан аулақтап шыға бердi.
Ұрыс қыза түстi. Тұтқиылдан тап берген сарбаздар патша әскерiн ес жиғызуға келтiрмей, шын
кескiлеуге ендi кiрiстi. Әсiресе, ат үстiнiң ұрысына кәнiгi жаугер түрiкпен жiгiттерi шыдатар емес,