Стр. 138 - Ulisel1tom

Упрощенная HTML-версия

137
бiрiктiргеннен дұрысы жоқ. Бiрақ оған Хұдаяр мен Насрулла көне ме? Өзi көне ме? Үш хандықтан бiр
қуатты мемлекет құрып, Бас хан сайлауға кiм келiседi? Ортақ өгiзден оңаша бұзау жақсы емес пе? —
Ол тамағып кенедi. — Осы Сiбiр бойындағы қазақтардың жерiне патша әскерi жақындап келе жатқан
жоқ па?
— Иә, тақсыр, жақын келiп тұр.
— Қоқанға қарайтын Ақмешiт, Созақ, Шымкенттерге ше?
— Оларға Арқа жақтан төнiп кеп тұр.
— Сонда... қалай корғану керек? Жеке-жеке ме, әлде...
— Тақсыр, менiңше, Қоқанмен тез арада одақ құрып‚ күш бiрiктiрмесе, соңырағы күнi қиын
болады.
— Оған Хұдаяр хан көнер ме екен?
— Елшi жiберiп, сөйлесiп көру керек.
— Бұл да жөн-ау, шамасы. Ендеше осы шаруаны өзiңе тапсырдым. Сен бұл жайлы мен
бiлмейтiндей боп сөйлес. Қасыңа кешегi қазақты... аты кiм едi. Иә, жаңа есiме түстi, ана Жәнiбектi ерте
кет.
— Құп, тақсыр, — деп Ядгарбек басын идi.
Ұлы хан оңаша қалғасын, күрбашыпы шақырып ап, Жәнiбек жайлы не байқап, не бiлгенiн сұрады.
Ол кеткесiн, басқа бiр жансызын шақырып ап, құрбашы мен Жәнiбектiң жорық кезiнде не iстеп не
қойғанына қанды. Iшiнен мына қазақтың тегiн кiсi еместiгiн сездi. Мұндайлар бiр құлаған жағынан
өлдi қайтпайды. Тек оны Жәнiбектiң орыс қатынды масқаралағанда, ара түспекшi болғаны
ойландырып тастады. “Мұнысы не, әлде... шикiлiк пе?” — деп ойланып, ұзақ отырды. Сосын басқа бiр
жансызына Жәнiбек пен Ядгарбектен көз жазба деп, мықтап тапсырды.
Ұлы хан қайтадан алтын таққа кеп отырды. Бүгiн Англияның әскери кiсiсiн қабылдайтыны есiне
түсiп, жанындағы күмiс қоңырауға қол созды. Шартты сыңғырды естiп, қызметшi iшке лып етiп кiрiп
келдi. Ұлы хан қысқа бұйырды:
— Инглиздардың әскери кiсiсiне кiрсiн де!
20
Сағынай төсек көрпе үстiнде дөңбектей боп әлi жатыр. Азанғы шәйдан кейiн бел жазып, сыртқа
шығып келгенiнен қайтып қозғалған жоқ. Гүжбан мойны қыртыстанып, басын сәл қисайта, жарым-
жартылай ашық түндiкке көзiн сығырайта қарап қалған. Ол бiр кезде iшке кiрiп-шығып жүрген
бәйбiшесiнен:
— Осы бiздiң бала қайда жүр? — деп сұрады.
— Бағана қоян аулай кеткен. Келетiн уағы да боп қалды.
— Е, солай де. — Шал ыныранып, асықпай, даусын созды. Оның маңызды нәрсе айтарында
осылайша керiлiп-созылып алатын бiр әдетi бар едi. Бiрақ Сағынай бұ жолы артық үндемедi.
Сол үстiне сәлем берiп, Тиышбек кiрiп келдi. Ол киiзге отырар отырмастан, жортақтай жөнелдi:
— Апырмай, мына егiн дегенiң барып тұрған ырыс екен ғой. Кiсi бұрын-соңды кәсiп қылмағасын,
бiле бермейтiн көрiнедi. Болмаса өзiн орып, жамбасыңның астына басып отырсаң, сақтаулы
қазынадай-ау!
Сағынай кеуiлденiп, басын көтерiп ап:
— Ойпырмай, өзiң осы диқан болып кеткеннен саумысың? — дедi.
— Е, болса несi бар? Болып жатқандар менен немене артық па? — деп, Тиышбек қайыс қара бетi
тыржиып, кеңк-кеңк күлдi.— Ойбай-ау, Сәке-ау, менiң қолымнан келмейтiн өнер бар ма? Шындап
қолға алсам, iстемейтiн кәсiбiм жоқ қой. Ерегiсiп кетсем, зергерлiк те жасарлық қолымның мiсекерi
бар. Әттең, азамат боп, ат үстiнде жүргесiн, былай... шұқынып отыруға қол тимейдi.
— Апырмай, ә? — дедi ақ сары шал оны сықақ қып күлiп.
Тиышбек оған назар да аударған жоқ:
— Ойбай, Сәке, оны қойшы. Одан да мына қызықты есiттiң бе?
— Айтпақшы, Тұрғалидың ауылында болған жағдай немене осы? — деп Сағынай оған қарай басын
бұрды. Ол бұл жайы кеше естiп, жағасын ұстап отырған едi.
— Өй, ол ана жаман Мiрәлiнiң iстеп жүргенi ғой. Құдай бақ бергесiн, осы мырық та халықтың
төбесiнде секiрiп бiттi.
— Пақырдың баласы қалай екен?
— Оның не қалайы бар? Қасқа қыз дайраға жетем дегенше пiсiп те үлгерiптi.
— Астапыралла, не дейдi? — дедi семiз бәйбiше үрпиiп.
— Рас, рас. Киттәй кәтесi жоқ. Елдiң қау-қауына сенбей, өз көзiммен барып көрiп едiм, тура ана
қазандағы еттей жидiп қапты, — дедi Тиышбек мұртынан күлiп. Ол осында келгелi берi есiктiң қыр
көзiндегi жерошақтағы қара қазанда былқып пiсiп жатқан жас бағлан сорпасының иiсiн сезiп те
үлгерген едi.
Сағынай қарқылдай күлiп:
— Өй, әңгiмең бар болсын! — дедi.
— Жоқ, Сәке, бәрi рас.
— Жарайды, оныңды қоя тұр. Басқа қандай естiген жаңалығың бар?
— Ойбай, о деген өте көп. Қайсы бiрiн айтып тауысайын? Жаңа iнiңнiң ауылына соғып едiм, ұлан-
асыр той болғалы жатыр.
— Е, неге? — дедi Сағынай шынымен таңғалып.
— Ойбай, неге дерi жоқ, iнiң Жәнiбек Хиуаға сардар болды.