Стр. 139 - Ulisel1tom

Упрощенная HTML-версия

138
— Қойшы? Оны кiмнен есiттiң?
Тиышбек ыржия күлiп, астындағы киiздiң шетiн түрiп жiберiп, қара жердi саусағымен түртiп:
— Мiне, мынадан. Мұндай хабар жер үстiнде жата ма сiрә? — дедi.
— Апырмай, ә! — Сағынай басын шайқап қойып, жатқан орнынан түрегелiп отырды. — Сен суқит,
осы... өсiре айтып отырған жоқпысың?
— Ау, Сәке, өсiрiп айтып, немене менiң бiреуден ала алмай жүрген ақым бар ма? Түнде Ережептiң
үйiне қонып шығып ем, сонда ол сөз арасында байқамай айтып салды.
— Ойпырмай, ә, — деп Сағынай толғанып, ұзақ отырды. Iшiнен мынадай қарбалас кезде iнiсiне ел
тiзгiнiнiң тигенiн онша жақсылыққа жорымады. Бiрақ билiк құмар ол тез арада ол ойынан айнып шыға
кеп, насаттанып, емен-жарқын бола қалды.
Тиышбек iшiнен алақанына түкiрдi. Мына кербез шалды жiбiткенiн сезiп: “Неде болса, жас етке
бiр тоятын болдым”, — деп ақырын сылқ-сылқ күлдi. Ол содан қашан ет пiсiп, табақ буы бұрқырап
алдарына келгенше Сағынайдың құлақ құрышын қандырды. Әрi-берiден соң, ауыл арасының сүйретпе
әңгiмесiнен ұзап шығып, Хиуа, Бұхара, Қоқан хандықтарын да шолып шықты. Қыза келе ол жақын
арада Хиуа мен Қоқан хандары тiзе қоса бiрiгiп, Бұхараны шауып алғалы жатыр екен деп гөйттi.
Сосып берi ысырылып отырып, оқшау бiр хабардың шетiн шығарып, ол:
— Кеше балықшы Жақайымдардың ауылынан ешек мiнген, сақалы қауғадай бiр диуананы көрдiм,
— дедi. — Ол: “Мұсылман қауымының басына кәуiп шынымен төнiп келедi. Ақырзаман жақын.
Сондықтан да тасаттық берiп, құдайға жалбарыныңдар. Хиуа ханына адал қызмет етiңдер. Ертең бiр
тұтас ұлы Түркiстан патшалығына қарап, айбарлы мемлекет боласыңдар”, — деп үкiт таратып жүр
екен. Бiлгендер оны Ыстамбұл шәһарынан келген екен дейдi.
— Рас па?
Тиышбек тәттiге өкпелеген баладай табан астында шырт ете қап:
— Осы, Сәке, қайта-қайта рас па дейсiң. Үйдердей мен саған қашан түбi шикi әңгiме айтып едiм?
— дедi.
— Мен... жәй, — дедi оның табан астында өкпелей қояды деп ойламаған Сағынай сипақтап.
Сол арада буы бұрқыраған ет келiп, әңгiменi үзiп жiбердi. Тиышбек тез жадырады. Қынынан
пышағын суырып ап, суға шылай салды да, еттi, ыссылығына қарамастан, турауға кiрiстi.
— Былбырап пiскен екен, — деп, ол құйрық майдан кесiп алып, Сағынайдың көзiн ала бере аузына
бiр-ақ тықты.
Ет желiнiп болғасын, Тиышбек:
— Қой, iшерiмiздi iштiк, жерiмiздi жедiк. Ауылда да бiраз шаруа бар, ендi қайтпасақ болмас, —
деп орнынан тұра бердi.
Сағынай шыдамай күлiп жiбердi. Ол жаман атына мiне сап, ауылдан ұзап бара жатқан Тиышбектiң
ұсқынына сыртынан ұзақ көз салды. Сосын қарнын сипалап, шалқасынан жатты. Тағы да түндiкке
қарады. Шаңырақтың арасынан шәйдай ашық аспан көрiндi. Ол көзiн тайдырып әкетiп, кешегi дау-
дамай жайын ойлады. Әсiресе, жасы ұлғайғанына қарамастан, Құлқа батырдың өлермендiк көрсеткенi
жайлы ойлады. “Онысы несi-ай?” — дей берiп, қалт тоқтай қалды.
Есiне өздерiнiң құдандалығы түстi. Ол берi қарай аударылып жатып, қасында шүйкесiн созып
отырған бәйбiшесiне қарады:
— Осы бiздiң Шарапатжан қаншаға келдi?
Бәйбiше ұршығын алдына қоя сап:
— Шал-ау, соны да бiлмейсiң бе? — деп, оның жүзiне таңырқай қарады. — Балаң биыл отыздың
бесеуiнде ғой.
— Қойшы, не дейдi?! — деп Сағынай басын жастықтан жұлып алды. — Мен әлi жас екен деп
жүрсем... Ойбай-ау, Шарапатжан еңiреудiң ең түбiне кеткен екен ғой. Тез, тұр! Шақырт ана
құдаларды! Баласын алып кетсiн де!
Сағынайдан бұйрық болғасын, дем арасында ауыл әбiгерге түстi де қалды. Ертесiне ауыл сары
жұрт бола бастаған жерден көтерiлiп, жаңа бiр от жерге аударылып қонды. Қызметшiлер, қатын-
қалаштар зыр жүгiрiп, отау тiгiп, оның бау-шуын iлiп, самбырлай сөйлесiп, тойдың қамына қызу
кiрiсiп те кеттi. Мал сойылып, жерошақтар қазылып, тай қазандарға су құйылып, қатын-қалаш
шуылдасып, ауылдың бұйығы тiршiлiгi кенеттен жанданып жүре бердi.
Бiр аптадан кейiн құдалар келдi. Құда тартыс, қалыңдық ойнау болды. Жас жеңгелер ойнап-күлiп,
бiр жасап қалды.
Үш күннен соң Шарапат ұзатылды. Ауыл тағы да баяғы бұйығы қалпын қайта тапты. Бiрақ ол
бұрынғыдай емес, құсы кеткен көлше жүдеп сала берген сияқтанады. Сағынай алты қанат қараүйде
бәйбiшесi екеуi шоқиып қала бердi. Қызымен бiрге барша қызығы кеткенiн сезген ерке шал көзiне
келiп қалған жасты әзер тежеп, қатты күрсiндi.
21
Шыдамы таусылған Дадабек тас-талқан болды. Алдына қолын қусырып, басын иiп келген
Мiрәлiнiң қара сұр жүзiне қаһарлана қарады. Оның тағы да құр қол келгенiн iшкi арамдығына жорыды.
“Бу ит қазақниң қызләри қурип қалған ми?” — деп қатты ызаланып, дауысын көтерiп:
— Қыз қайда? — деп қатты ақырып жiбердi.
— Тақсыр, — дедi Мiрәлi дауысы дiрiлдеп. — Қазақтар қыздарын беретiн емес.
— Нимә? Менгә ми? — деп, Дадабек сұқ саусағымен кеудесiн нұқыды. Оның түтiгiп кеткен өңiнде
таңданыс бар.
— Иә.