Стр. 141 - Ulisel1tom

Упрощенная HTML-версия

140
Хиуалықтар қамалға қайтты. Көбiнiң, әсiресе, әлi шайқасқа араласып көрмеген жас жiгiттердiң
қабақтары түсiп кетiптi. Олар үн-түнсiз келедi. Кейбiреулерi Дадабекке ырза болмай, күңкiлдесiп
қояды.
Шамалы уақыттан соң есiрген сарбаздар Мiрәлiнiң ауылын тас-талқан ғып, Зағипаны ат артына
өңгерiп алып келдi. Қара торы келген әдемiше қызға Дадабек жемтiк көрген күшiгенше iшiп-жеп
қарады. Алыс-жұлыста жыртылған көйлегiнiң етегiнен жарқ етiп көрiнген ақ санына мұның көзi
ерiксiз түсiп кетiп, аңсары ауып, құмары қозып сала бердi. Сосын оған жақын кеп, қолын қыздың зерлi
көкiрекшесiн сыртқа шiрей теуiп тұрған қос анарына соза берiп едi, Зағипа тағының тырнағы тигендей
шоршып түстi. Соны көрiп, Дадабек зорлана жымиып:
— Қорықпа! Мен сенi жемеймiн, — деп, қолын созған күйi оған жақындай түстi.
Зағипа қара көзi кектене жарқырап, шегiне бердi де, арқасы қабырғаға тiрелiп, бiр уыс боп,
жиырыла бастады. Ол жүн-жүн қол омырауына жақындай бергенде, шалт қимылдап, зерлi көкiрекшнiң
iш жағынан болат кездiктi суырып алды. Дадабек шошынып, қолын тез керi тартты. Осы кезде екi
жасауыл жанын шүберекке түйiп, неден болса да тайынбасқа бел буған қызға екi жақтан жақындай
бердi. Зағипа жан-жағына алақтай қарап, орнынан қозғала алмады. Қыздың осы қалпын көрген екi
хиуалық ақырындап жақындай-жақындай бере, кенет оқыс атылып кеп, қыздың кездiк ұстаған
қолының бiлегiне жабыса түстi. Қатты қысқан қарулы қолдан Зағипаның балғын саусақтары бiр сәтте
жансыздана бастап, күшi қашып, ақыры ерiксiз жазылып кеттi. Екiншi жәлләд кездiктi жерден шалт
қимылдап, жылдам ала сап, керi бұрыла бердi.
Дадабек күтушi әйелдерге тез әмiр қылды. Олар шуылдаса жүрiп, Зағипаны шомылдырып, оның
жел тимеген бәдәнiне зәйтүн майын жағып, алақандарымен шапаттап ұрып, әбден бабына келтiрiп,
сылап-сипады. Сосын қыздың қасы мен көзiне сүрме тартып, бетiне опа-далап жағып, бүлк-бүлк еткен
үлпiлдек тамағына иiс су септi де, соңында оны қоңыр салқын суға түсiрiп, терiн сүлгiмен сорғытып
сүртiп болғасын, екi қолтығынан алып, сүйрелегендей етiп, басқа бiр бөлмеге кiргiздi. Оны анадан
жаңа туғандай тыр жалаңаш шешiндiрiп, кiлем төселген тақтай сәкiге жатқызды да, өздерi бөлмеден
тез сыпырылып, шығып кеттi.
Шамалыдан соң Дадабек көйлек, дамбалы ағараңдап, iшке кiрiп келдi. Ол келе жан ұшыра алысқан
Зағипаны қарулы қолымен қапсыра құшақтай алып, кiлем үстiне алып ұрды. Сосын оның екi қолын
басынан асыра кiлемге басып ұстап тұрып, екi санын екi жаққа қарай тiзесiмен күштеп айырып, бар
салмағын салып, жабыса түстi.
Зағипа әлi құри бастағанын бiлдi. Сәлден соң кеудесiн жаныша бастаған жүн-жүн кеуденiң
салмағынан тынысы тарылғандай болды. Ол басын екi жаққа қара бұрып, аяқтарымен тепкiлеуге
тырысып, бұлқынып көрiп едi, сақалы тамағын қыдықтаған Дадабек одан әрмен жабыса түстi. Оның
екi тiзесi қозғалатын емес. Сол арада Дадабек мұның екi қолын жiбере сап, қос қолымен екi иығын
жабысып, өзiне қарай тартты. Ендi қыз мүлдем қозғала алмай қалды. Сол арада... Зағипа кенеттен оқыс
шыңғырып жiбердi. Ол өз денесiне, пышақ салған сынды, әлдеқандай қатты бiрдеменiң ожарлана
бойлай енiп бара жатқанын сезiп, екi өкшесiмен жер тiреп, арқасымен керi ысырыла бастады. Бiрақ екi
иығынан алған қарулы екi қол оны өзiне қарай жабыстыра түстi. Қыз сол арада бiр уыс боп жиырылап,
дәрменi құрып, басын жерге соққылап, еңiреп жылап жiбердi...
* * *
Дадабек кеуiлi жай тауып, екi бетi алабұрта күреңiтiп, өз бөлмесiне қайтып келдi де, бас
жасауылды шақырып ап:
— Мына қызды ауылына апарып тастаңдар! — деп бұйырды.
— Құп, тақсыр!
— Сосын, — деп, Дадабек оғаш жымыраңдады, — ертең тағы да осындай бiр қыз әкелiңдер!
22
Шiрiк Рабаттың маса-сонасы аз, салқын, сабатты жайлауында Тоғанақ батырдың ауылы сары жұрт
боп отырып қалған едi. Өз алдына отау боп шыққан бәйбiшесi күнде кеп, көшi-қон жайын құлақ қағыс
қып кетедi. Өзiне салса, мұның осы арадан онша алысқа аударылып көшкiсi жоқ. Ол бiр түрлi жалқау
ашып, былтыр алған жас тоқалына кешкiсiн жанып бара жатқан аяғын уқалатып жатып, арғы-бергiге
көз жүгiртедi. Бұрынғы жау қуған заманын есiне алады. Мына Сыр бойына Қаратау жағынан ауып
келген қарақалпақтармен қол құрап шайқасқанын, оларды қуалай-қуалай Қаразым жұртының ойына
дейiн ығыстырып жiбергенi жайлы ойлайды. Оған ендi не заман? Кәзiр бұрынғыдай емес, қайраты
қайта бастаған. Бәдәнiнiң тозып келе жатқанын сездiргендей көк жүзiне тоқымдай бұлт айналса болды,
сүйек-сүйегi сырқырап қоя бередi. Одан бөлек, батырдың жанына айрықша батар және бiр жәйт бар.
Ана жатырынан жалғыз басы сопайып туған бұның соңынан қара ермей қойды. Әуелгi алған әйелi үш-
төрт қыз бала тапты да, тоқтасып қалды. Соны көрiп батыр: “Құдай құрамағанды адам құрап болмайды
деген рас екен. Жазмыштың жазуы осы болса, не iстейiм? Тұяқсыз өте берем де”,— деп ойлап, қым-
қуыт тiршiлiктiң қызығынан жерiнiп, қараүйде жатып алған. Шақырған жерлерге бармаған. Сондай бiр
күнi немере iнiсi Сәндiбек кеп, батырдың кеуiлiн аулап, араға делдал боп жүрiп, мына жас тоқалды
алып берген едi. Одан берi де бiр жылдың жүзi болды. Бiрақ жас тоқалы құрсақ көтермей қойды. Тек
биыл көктем туа жас тоқалдың екiқабат екендiгi бiлiндi, ол бiр айдай киiк етiне жерiк боп, жүдеп-
жадап кеттi. Кәзiр оның әжептәуiр бiлiнiп қалған iшi кең тiгiлген шәйi көйлек сыртынан айқын сезiле
қоймаса да, жүрiс-тұрысының бұрынғыға қарағанда ауырлай бастағаны байқалады.