Стр. 146 - Ulisel1tom

Упрощенная HTML-версия

145
қайың сойылын басынан асыра жоғары көтерiп ап, осы кезде шегiнiп бара жатқан хиуалықтарға
қаһарлана ұмтылды.
Iшке кiрген Тоғанақ батыр атын ойнақтатып, шын ойранды бастап жiберген де екен. Ол қатты
ақырып, дем арасында найзамен бес-алты хиуалықты шаншып түсiрдi. Сосын қынабынан қылышын
суырып ап, шайқасып жатқан топқа жасқанбай кiрiп, онды-солды сiлтедi. Әне, бiрнеше бас қарбызша
домалап түстi. Содан соң оң жағына ала сап, өзiне жақындай берген бiр хиуалықты қиялай шауып, екi
бөлiп түсiрдi.
Соны көрген жiгiттер арқалары қозып, дұшпанға қарай ақыра ұмтылысты. Сойылдар сартылдап,
қылыштар жарқ-жүрқ етiп, ырсылдасып, боқтасқан кiсiлердiң дауысы құлақ тұндырды.
Шайқас ұзаққа созылған жоқ. Көп қол азғантай хиуалықтарды әп-сәтте жайпап тастады.
Хиуалықтардың қалғандары ендi ұрыспай, қаруларын тастап, қолға түстi. Шәки мен Қалмырза мына
жақтан Дадабектi сүйреп әкелдi. Оның сәлдесi ұшып кеткен тақыр басы шаң-шаң. Үстi-басы жырым-
жырым. Қара сұр бетiнде бiр түйiр де қан жоқ.
Тоғанақ оған жеп жiберердей боп қарап:
— Ә, кәззәп, қалай халықты тағы да қорлайсың ба? — дедi.
Дадабек қап-қара боп, үндемедi.
— Тағы да қыз тауып бер дейсiң бе? — дедi батыр кiжiне сөйлеп.
Жарасын таңдырған Ережеп осы кезде жиналып қалған топқа асығып жеткен едi. Ол Дадабектi
көре сала, келе алқымына жармасып:
— Ә, хайуан, қолыма түстiң бе?! — деп, ызалана сөйлеп, оны буындыра бастады.
Дадабек түрi қап-қара боп, оның қолына қос қолымен жармасып, әрi-берi бұлқынып едi, Ережептiң
уысынан босанып кете алмады. Сол арада ол талақтай боп iсiнiп, аузын бақадай ашып, талықсып бара
жатты. Соны көрiп, қоршалап тұрған жетiп-жетiп келiстi де, Ережептiң қолына жармасып, оның
манжамды уысын шаққа дегенде жазып алды.
Тоғанақ батыр ат үстiнен әскерiне қарап тұрып:
— Оу, халқым, алдарыңда елiмiздi, жерiмiздi, ата-бабамыздың әруағын қорлаған найсап тұр.
Қазақта азамат пен қыз әбiрейi бiрдей емес пе едi? Дадабек мұсылманшылықты ұмытып, сол екеуiн
бiрдей етiп аяғына таптады. Ендi оған қандай жаза лайық, — оны өздерiң айтыңдар! — дедi.
— Өте дұрыс сөз!
— Оны көтiне қазық қағып өлтiрейiк!
— Дарға асайық!
— Оның тiрiлей қабырғасын сөгiп, өтiн жарып алу керек! — десiп, қалың нөпiр гу-гу етiстi.
Осы кезде Тиышбек жұлқынып, алға шықты да, жайын аузы жалпылдап:
— Айғырсырайтын ит қой! Мұның ұлы мүшесiн кесiп ап, өзiне ит қорлықты берiп, дарға асып
өлтiрген жөн! — дедi.
— Дұрыс!
— Кәне, сүйтейiк.
Сол екен, бес-алты жiгiт тап бердi. Олар Дадабектi жерге жығып сап, қолын артына қайыра байлап,
үстiндегi киiмi мен шалбарын шешiп, оны анадан жаңа туғандай тыр жалаңаштады. Сосын бiр жiгiт
болат сапысын қынынан суырып ап, қолын Дадабектiң екi санының арасына тықты да, ұлы мүшенi
кере тартып тұрып, кенет шалт қимылдап, оны сыр еткiзiп кесiп кеп жiбердi. Дадабектiң ойбайлаған
даусы шықты. Әлгi жiгiт оған қарап жатқан жоқ, қаны сорғалаған ұлы мүшенi iстiкке шаншып алды.
Сол арада жiгiттер жан-жаққа жүгiрiп жүрiп, қураған бұталарды жинап, бiр жерге үйдi де, шақпақ
шағып тұтатты. Жалын тiлi лып ете қап, қурайлар маздап жана бастағанда, әлгi жiгiт ұлы мүше
шаншылған iстiктi жалынға төсей қойды. Сәлден соң отқа күйген ұлы мүшенiң көңiрсiк исi шықты.
Оны бiршама қақтағаннан кейiн, әлгi жiгiт Дадабекке қайта жетiп келдi. Осы кезде екi санын қара қан
жуып кеткен Дадабек тыпырлап:
— Қизың, қизиңни, — деп жатыр едi.
— Қызыңды болса, мә, жей ғой, — деп әлгi ызалы жiгiт Дадабектiң кеудесiне қона түсiп, оның
аузын екi шықшытын баса отырып, қарысқан жағын айырып, ұлы мүшенi тықты. Дадабек лоқсып,
құсып жiбердi...
Сол күнi ызалы қазақтар Дадабектi төртпақтап керiп тастап, аузына ұзын ағаш қазық қағып өлтiрдi.
* * *
Тоғанақ шайқас бiткеннен кейiн, қолдың бас-аяғын жинақтап, сарбаздарды түгендеп,
жараланғандар мен өлгендердiң есебiн алды. Қазақ жағынан бiраз жiгiт шәйiт болыпты. Ережеп
олардың отбасыларына мал берiп, қарасатын болды. Содан кейiн Тоғанақ олжа болған мылтық, оқ-
дәрiге мiсе тұтып, қолға түскен хиуалықтарды өлтiрмей, бәрiн елiне қайтарды. Дадабек кеуiлдестiкке
ұстаған Гүлчехраны Тайпанға тоқалдыққа бердi. Олжа болған дүнияны сарбаздарға тең бөлiсiп
алыңдар дедi. Содан кейiн олар жиналған қол тарамай тұрғанда, осы бетпен барып, Қожанияз бекiнiсiн
қиратайық деп, бәтуаға келiстi.
Абыр-сабыр басылғаннан соң, қазақтар Құмқамалдың биiк диуалын құлатып, қамал iшiндегi
жүзiмдiк, алма, өрiк ағаштарын кесiп, отап тастады. Содан кейiн олар бұталарды құшақ-құшақ қып
сындырып әкеп, қаңырап қалған тамдардың жандарына үйiп, шақпақтарын шағып, от қойды. Сәлден
соң жылт ете қалған сарғыш жалын тiлi келе-келе гүрлей жанып, аласа тамдардың төбелерiн жапқан қу
қамыстарға тиiп, олардың бел ағаштарын отқа орап, Сыр бойы өмiрi көрмеген қалың өртке айналды.
Қамал iшiнен қара түтiн будақтай шығып, жоғары көтерiлiсiмен, бұраңдап билегендей боп, неше түрлi
қимылға енiп, тынық ауаға тарай бастады. Ендi аздан соң аралары тақау етiп салынған аласа тамдар
лапылдаған жалынды бiрiнен бiрi жұлып ап, одан әрi қарай өршiтiп, гүрлетiп, құтырынып жана