Стр. 148 - Ulisel1tom

Упрощенная HTML-версия

147
— Бiлсең, тiптен жақсы. Күздiкүнi алты ай жаз Қырды жайлаған қазақ қысы жайлы, жұмсақ деп,
Қызылға қарай көшпеушi ме едi? Жолшыбай Сырға құлап, маса-сона азайғасын, жағалықтың көп
қамысына малын жайып отырмаушы ма едi? Содан терiскейден суық жел соғып, дайра бетi ұстаса
бастағанда барып, мұздан өтпеушi ме едi?
— Иә, — дедi Жәнiбек әлi де iшiн бермей.
— Сонда нәрестенiң еңбегiндей былқылдап жатқан жас мұзға үрiккен қойды ай мүйiздi серке
бастап түсетiн. Оның соңынан қалың қой шұбалып еретiн. Баяғының қыдыр қонған байларының
сондай құтты бiр-бiр серкесi болатын. — Ол азырақ ойланып қалды. — Қарағым, сен де ел iшi ұйымай,
толқып тұрған сәтте серке боп, ел бастаймын депсiң. Оныңды жөн делiк. Бiрақ халықтың қойдан
айырмашылығы — тiлi, басы бар. Ол соңыңнан қой құсап шұбалып ерем дегенше, не заман? Оған
дейiн тiлiмен қажап та бiтедi. Сен сояғын ойлап көрдiң бе?
Жәнiбек әкесiнiң сөзiнiң көп жерiне iштей қарсы дау айтып отыр едi. Сонда да айта түссiн деген
ниетпен:
— Әрине, — деп iркiле түстi.
— Ойласаң, тiптен жақсы. Мұндайда бұрында өткен алым кiсiлер алдымен адамның аузын алып
бақ деп үйретушi едi. Асылы адамзатты бұзатын осы — ауыз, одан шығатын — жел сөз. Қайдам,
мынадай әлi мұзы ұстаса қоймаған шақта серке боп, елдi дайрадан өткiзем деп талап қылыпсың. Оның
iж сөкеттiгi жоқ. Бiрақ терiскейден соққан желге қарсы дайра өршеленiп, кейде ұлы селге ұласып
кетушi едi. Менiкi сондайда соңыңнан ерген қора-қора қой өзiңдi суға батырып, өзi де суға кетiп
қалмаса дегендiк қой, — деп Мамырай мақалдап бастаған сөзiн соза бермей, реттi жерiнде тоқтады.
Жәнiбек оған бiрден жауап беруге асықпады. Әуелi әке сөзiн iшiнен сараптап алғанды жөн көрдi.
Қалай дегенмен де, өлсең де, тiрiлсең де, өтер судан өтудiң керектiгiн, болмаса қыр арқаңнан соққан
ызғырыққа шыдап, соның әмiрiне бойсұнудың керектiгiн бiлiп, iштей ширыға түстi.
Ертесiне ол Қожанияз бекiнiсiне қайтып келдi. Қамал iшi әскерге тоқып кеткен екен. Құмқамалдың
хабары жеткен бойда, ұлы хан көмекке мың қаралы сарбаз жiберiп, бағынбаған қазақ ауылдарын
шауып, аямай жазалаңдар деп бұйырыпты. Сол медет болған Уәйiс-Нияз әлден ширығып жүр. Ол
кешегi кiрiптар болған күнiн табан астында тарса ұмытып, мұнымен:
— Жәнiбек мырза, бүгiннен бастап сiз менiң қарауымдасыз. Сiз Ережеп ауылын шапқаннан кейiн,
Ақмешiтке барып қайтасыз, — деп жүре сөйлестi.
Жәнiбек оған таңдана қарады. “Адам шiркiн қалай-қалай өзгерiп кете бередi, ә?”
Сол күнi олар мың қаралы сарбазды бастап, жолға шықты. Дарияға келсе, қотыраш Медеубай
ұшты-күйлi жоқ. Қайық пен сал және жоқ. Сосын Уәйiс-Нияз зiркiлдеп жүрiп, дария жағасындағы
қалың жиденi әскерлерге шапқызып, тез арада сал жасатты да, қолды арғы бетке өткiздi. Сол арада аз-
маз дамыл қылғаннан кейiн, олар Қырға қарай суыт жүрiп кеттi. Бұлар күм арасын қаншама тiнткiлеп
жүргендерiмен, алғашқы үш-төрт күн iшiнде ешқандай да ел қарасын көре алмады. Қайда барса да,
көне жұртқа тап болады. Оның үстiне Жәнiбек те қазақ ауылдарын онша кұлық қойып iздемедi. Iшiнен
мына аш бөрiдей жалақтаған қалың әскердiң қай ауылдың үстiнен құласа да, оны талап-
тонайтындарын ойлап, iштей қатты абыржыды. Оларға қолын бiр сiлтеп, өз жөнiне тартып кетуге бұл
батпады. Iштей Дадабек пен Мiрәлiнi айыптаса да, осы арада мына жайды ақылға салып жатпай, қалың
елдi жазалаңдар деп бұйрық берген ұлы ханға ренжiдi. Ол мынадай ел iргесi алшақтап кетер тұста
көрегендiк көрсетудiң орнына, күш жұмсасам дейдi. Оған қазақ жұрты көне қоя ма? Мұның соңы өзара
қырқысуға, ауыл шабуға соқпай ма? Бүйтiп бiрiн-бiрi әлсiреткен елдi сырттан бағып отырған қандай
дұшпанның да басып алуы оп-оңай емес пе? Соны неге хандар, билер, суқылдаған ел басшылары
түсiнбейдi? Әлде... түсiнсе де, олар алдарына салып айдаған азғантай малына ырза боп, кейiнгi дүния
жайында бас қатырғылары келмей ме? Апырмау, бұдан артық шолақтық, өресiздiк бар ма? Елiңдi
ақылы шолақ бiреу сұраса, жұртыңның да өмiрi шолақ болмай ма? Соны неге мына алты бақан ала
ауыз халқыңа түсiндiрiп айтпайсың? Сол арада осының бәрiне өзiн кiнәлi сияқты сезген Жәнiбек бiр
түрлi боп мазасызданып, ат үстiнде қозғалақтап қойды.
Олар бiр жұма бойы Қарақұмның iшiн сүзiп шықты. Сосын Борсыққұм мен Сапаққұмды аралады.
Еш жерден көшкен-қонған жұрттың орындарын таба алмаған сарбаздар бiрде шұбыра көшкен елдiң
жаңа iзiне тап болды. Соны қуалай жүрiп отырып, Уәйiс-Нияз бастаған қол екi күннен кейiн Ырғыз
бойынан бiр-ақ кеп шықты. Бұл жақта орыс патшасының бекiнiстерi салынып тасталған екен. Ызалы
хиуалықтардың уысына түсуден қорыққан қазақ ауылдары олардың жандарынан өтiп, ақ патша орам
ала бастаған жаққа iшкерiлей енiп кетiптi. Ол жаққа хиуалықтардың баруына болмайды. Соны бiлетiн
Уәйiс-Нияз анадай жерде тұрған орыс бекiнiсiне тыжырына көз салып тұрып:
— Қап, нағыласың, кешiгiп қаппыз. Бұдан әрi баруға пәрмән жоқ, — деп қатты өкiндi.
Жәнiбек оған бiлдiрмей, аздап күлiмсiредi. “Ел неге бұлай қарай ауа көштi? Солардан бөлiнiп
жүрген осы менiң iсiм... дұрыс па өзi?”
Осы кезде орыс бекiнiстерiнiң дарбазалары ашылып, iшкi жақтан екi жүз қаралы атты казактар сап
түзеп шыға кеп, бұларға қарай беттедi. Олардың мойындарына асынған мылтықтарының басына
қадалған сүңгiлерi жылт-жылт етедi. Уәйiс-Нияз атты казактарға қарап тұрып, олармен шайқасуға
батпай, атының басын бұра бердi. Оның көрген қалың қол да керi бұрылды. Ендi хиуалықтар еш жерге
дамылдамай, жiтi жүре бастады. Мұны көрген атты казактар да аттарына қамшы салып, тез-тез жүре
бастады. Бiрақ олар әлденеге бұларға жақындап келмей, қозы көш жерде ердi де отырды. Бұлар қашан
Қарақұмның бергi бетiне жақындағанша, олар арттарынан қалмады. Хиуа қолының Сырға құлайтын
ыңғайы байқалғасын барып, олар бiр төбенiң басына тоқтап, бұлар жаққа дүрбi салып қарап, бiраз
тұрды да, аздан соң керi қайтты.
Олардың соңынан бiр рет қарап қойып, Уәйiс-Нияз:
— Бұл ендi... кәпiрлердiң келе бастағаны, — дедi кiмге айтқаны белгiсiз түрмен.