Стр. 15 - Ulisel1tom

Упрощенная HTML-версия

14
— Мiне, сөз!
— Мақұл, сүйтейiк!
Ортаға алшаң басып Алманияз шықты. Ол жұртқа жағалай қарап тұрып:
— Оу, ағайын, — дедi. — Бұл арада қызыл кеңiрдек боп жататын дәнеме де жоқ. Мен де жас
кезiмде атақты Төребай палуанды тiзесiн жерге тигiзiп, омақастырып жыққанмын. Сол жәйт бүгiнгi
күнi алдыма келсе, менiң қартайып, өше бастағаным, палуан iнiмнiң қайраты тасып, өсе бастағаны да!
Өшкен өскенге кесе-көлденең тұрмас болар. Өмiрi жан баласы тiземдi жерге тигiзiп көрмеп едi. Күш
атасын танымас деген рас екен. Мен жеңiлдiм, iнiм жеңдi. Қайта күресiп, дiн-әруаққа шет болатын
жағдайым жоқ. Мен бүгiннен бастап күресудi қойдым. Талабы өрлеген iнiме бәтемдi берсем дейiм.
Кәнеки, иллаһи әумин! — деп, ол күректей қолын жая бердi.
Мұны көргесiн:
— Иллаһи, әумин! — деп, қалған жұрт та ерiксiз қолдарын жайысты.
Мына жақта жыны қозып тұрған Төлеу батыр:
— Өй, нәсiлсiз! — деп, қамшысымен жердi бiр тартып жiберiп, дуылдаған топтан шеттей бердi.
* * *
Қалдыбай бәйгiге тiгiлген қызыл нарды Аспандардың жасы үлкен ақсақалы Әйбек биге, бiр атты
жаңа ғана өзi батасын алған Алманияз палуанға, екiншiсiн Төртқараның сыйлы биi Үмбетке құрметпен
бердi. Сол екен, жөн-жобаны бiлетiн палуанға ырза болған ел тегiсiмен, қайтадан батаға қол жайысты.
* * *
Нияз өз атын сонадайдан таныды. Бұйратты бозға қалың нөпiрден үзiлiп шыққан жұлындай үшеу
жақындаған сайын мұның дегбiрi қашып, тықыршып бiттi. Бiр орнында тұра алмай, жел иген қоғаша
теңселiп кеттi.
* * *
Боз бұйраттан өтiсiмен ұзақ жол бойы екi езуiн ауыздық жыртып, басын кегжите жыны қозып келе
жатқан Қаракөк кенет өкпесiнен тепкен етiк тақасын сездi. Сол сәт тiзгiн де босап сала бергендей
болды. Дереу мойынын алға созып, қос құлағын жымып ап, астаудай кеудесiмен жолындағыны
апырып-жапырып кетердей боп, өршелене ұмтылды. Бауыры жазылып, ойынды етi бұлтылдап, төрт
аяғын бiр ауанмен тең тастап, жүлдызша аға жөнелдi. Пырылдай ағып келе жатып, талыстай танауына
еркiн енген аптап лебiн айқын сездi. Екi көзi шырадай жанды. Арқасына қаңбақша қонып ап,
шарылдап келе жатқан жас баланың салмағын сезбестен заулап келедi. Мiне, ол екiншi атты басып
озды. Бiрiншi аттан озайын десе, ол жол бермейдi. Сосын Қаракөк орала шапты. Алас-қапаста көзi дым
көрмедi. Аяқ астындағы бұйратты боз дала түктi кiлемше тұтасып, бауырының астына жанталаса
жарысып кiрiп жатыр. Ол кенет бағанадан берi көкiрегiн бунап келе жатқан сасық тердiң мүше-
мүшесiнен шып-шып етiп шыға бастағанын жаны жай таба сездi. Сол екен, тынысы түзелiп, аздап
салдырай бастаған күпшектей артқы екi санына әлемет күш енгендей болды. Қаракөк ендi көсiлiп шаба
бастады. Сәлден соң заулаған қалпы, алдындағы атты орап өтiп, жұлындай үзiлiп шықты. Тағы да екi
өкпесiне соққылаған тепкiден делебесi қозып, омырауын алға төсеп, бар пәрменiмен атқан оқша аға
жөнелдi. Дем арасында көзiн тер жуып, айқайлаған кiсiлер, қапталдаса шапқан дабылшылар, жер мен
аспан бiр тұтас боп бiрiгiп, әлдекайда сағымша бұлдырай жөнелдi. Қаракөк тек төрт аяғының қатқыл
жерге топ-топ түсiп келе жатқанын ғана емiс-емiс сезгендей болды.
Бала мәренiң жанынан:
— Дөйт! Дөйт! — деп, шарылдап, қолын бұлғалап, заулап өте шықты.
* * *
Нияз Қаракөкке қарай жүгiрдi. Елiрген атты еркелете жалынан сипап, жылы жабулап, төбе астына
қарай кездiруге алып кеттi. Атты етi суығасын жем-су бермей, басын ерге қарай кегжите қатты тартып,
таң асырып, белдеуге байлап тастады.
Ол да бұрынғының жоралғысынан шықпай, бәйгiге тiгiлген бiр атты атақты Дайрабай сыншыға
тартты. Қалған аттарды сыйлы кiсiлерге үлестiрiп бердi.
* * *
Кешкiсiн ел орынға қонғанша барша жұрттың әңгiмесi балуан бәйгi мен ат жарысы жайында
болды. Әсiресе, кеше Дайрабай сыншының айтқанын естiген халық бiр-бiрiне сөз бермей, жарыса
сөйлеп, бөсiп барады:
— Апырмай, бұ не деген бiлгiш!
— Өзiнiң көрiпкелi бар шығар?
— Баяғыда бала кезiнде Дайрабайды жылқыны көп бағыпты дейдi ғой. Бiр күнi жылқы қайырып
келем деп Қырға шығып, күн ыстықта шаршап, бiр түп жыңғылдың түбiне отыра кетiптi. Онда о кiсi
бала емес пе, неден қорықсын, тарс ұйықтап қалыпты. Сүйтiп жатып түс көрiптi. Түсiнде ақ киiмдi, ақ
сақалды бiр кiсi кеп, батасын берiп, “Жылқың Қуаңның боз бұйратында үйездеп жатыр”, — дептi. Бала
шошып оянса, жанында iжкiм де жоқ. Сосын атына мiне сап, Қуаңға жетсе, шынында да, қалың жылқы