Стр. 16 - Ulisel1tom

Упрощенная HTML-версия

15
сонда жусап жатыр екен дейдi. Содан бастап Дайрекене сыншылық өнер қонған көрiнедi. Ал, ана
түсiнде бата берген кiсi атақты Толыбай сыншы екен, — деп, аласа бойлы бұжыр кiсi тасырта
әңгiмелеп шықты.
Оны естiген елдiң әруағы қозып, қобырласа түстi:
— Апырмай, ә?!
— Айтары жоқ. Бұрынғының кiсiлерiн тегiн деме.
— Олардың назары босқа кетпейдi ғой. Мына Дайрекең жас балаға назарын туралап салмайтын
көрiнедi.
— Е, неге? — дедi Тиышбек көзiн бақырайта кеңiнен ашып алып. Оның әбден ұйқысы кеп, қалғып-
мүлгiп, берекесi қашып отырған едi.
— Ол тура назарын салып, қадала қараса болды, қандай бала да табан астында қата қалатын
көрiнедi.
— Астапыралла, не дейдi?!
— Мұның рас болуы әбдән мүмкiн. Ел бекер айтпайды ғой.
— Өй, қойшы! — деп, Тиышбек әңгiмешi кiсiнi қыжырта, қолын сiлтедi. — Мылжыңның көп
сандалғанының бiрi келедi деген. Болмаса ат тану деген не? Астымдағы жабының жамандығын өзiм де
бiлем. Маған Қаракөктей сәйгүлiктi берiп көршi, қалай баптар екем?
— Өй, қатырарсың!
— Е, қатырмай, — деп, Тиышбек шақ ете түстi.— Әй, мынау ит кiмдi кекетедi, әй? Өй, көргенсiз!
Мен сенi... кәзiр... — деп, ол бұрқылдап, орнынан тұра сап, бас отауға қарай тайды.
Абыр-сабыр басылғасын, ел қалың ұйқыға кiрiстi. Жер-ошақтардағы оттар сөндi. Сүйек-саяққа
таласқан иттер ауызға iлiккенiне ырза боп, қой жанына қарай кеттi. Малай, жалшылар жаман
үйлерiнде тынығып жатыр. Шығыс жақтан толық ай табақтай боп кызарып, көк төрiне қарай
марғаулана көтерiлiп келедi.
Сол түнi жүлдыздар шағырмақ боп туды.
5
— Әй, Ережеп, алсаң, өзiңе тием. Алмасаң, мына саркөсiк қайнағама қатын үстi бармайым. Ондай
айқайыңнан ойбайым тиыш. Зорлық некеге iж ырзашылығым жоқ, — дедi еркек пiшiндес қараторы
Балқия қолын сiлтей сөйлеп.
Жұрт самсоз. Алты қанат ақ үйге дүмелiп кiрiп, сығылыса жайғасқан ақсақалдар да үнсiз. Бәрi
шеттерiнен сақалдарын уыстай ұстап, арты дүдәмал iске ыссылай кiрiсуден қайбартып қалғандай.
Тоғанақ батырға iлiк-шатыстығы бар, қыз күнiнде-ақ аузы батыр деген аты шыққан тiк мiнез Балқияға
жөн айтуға сескенiп, жасы үлкендер сақтық ойлап отыр.
Ережеп iштей жиырылды. Ақ сары жүзi қара күреңiтiп, ернi дiрiлдеп кеттi. Бiр сәт аузына су
толтырып алған кiсiше екi ұрты томпайып, басы салбырап отырған шәпеш Мiрәлi ағасына жыны келдi.
Оның аузы әйдiк жеңгесiне жөндеп жауап қайтара алмағанына ызасы келдi.
— Онда... Ережеп, сен не дейсiң? — дедi Әбдiржан молла қолында ұстап тұрған кесеге құйылған
неке суына көз қиығын бiр рет тастап қойып.
— Мен бе? — Ережеп ақырын қозғалақтады. — Мен не дейiн? Бұл арада бұрынғы әдет-ғұрып
бойынша, кiмнiң жолы үлкен — әмеңгердi сол алады. Алдымда ағам тұрғанда, жеңгемдi менiң
алғаным... өзi... шариғатқа кияс емес пе?
Шалдар жағы уһ деп демiн алып, қозғалақтасып қалды. Iзiнше олардың тiлдерiнiң тиегi ағытыла
бастады:
— Қарағым, келiн, кiшi қайның жөн айтып отыр.
— Жол Мiрәлiнiкi.
— Құдайдың жазғаны да.
— Ау, ел-жұртым, — дедi тағы да Балқия ақсақалдарға бiр-бiр көз тастап қойып. — Өздерiңiз
қалауды маған салып отсыздар. Менiң тiлегiм жаңағы. Болмаса, ерiмнiң қара шаңырағын құлатпай,
жеке өз алдыма отау боп отыра берем.
Шалдар тағы да не дерлерiн бiлмей, көздерiмен жер шұқыласты.
Ережеп мұның артының жақсылыққа соқпасын сездi. Дырдай екi қайнысы тұрып, ағасын ноқтаға
толық емес деген жеңгесiнiң бас бұйдасы өзiне тигесiн ертең мұның әбiрейiн айрандай төгер қылуа
жасап жүрмесiне кiм кепiл? Бұл сонда өзiмен дүрдiараз боп жүрген дұшпандарына мазақ болмай ма?
Ережеп ойлана отырып:
— Ағайын, — дедi салмақпен, — рәсiм бойынша, некесi қиылатын кiсiлерден ырзашылығын
сұрайтынымыз рас. Дегенмен де... менiң жеңгем... соншалықты шалқаятындай... бiзге оның мiндет
етер несi бар?
Балқия қап-қара боп кеттi. Ол кыз күнiнде Балқының бiр жiгiтiне кеуiлi кетiп, жуас Өтәлiге тимей,
бұлданып, оң босағада ұзақ отырып қалған едi. Артында бес Бозғұл корғаны боп тұрған дүмдi жердiң
байына әкесi Келман батып ештеңе iстей алмады. Бiрақ оның iштей қатты қорланып жүргенiн Ережеп
сол кезде-ақ аңдаған. Әшейiнде осы Қазалы атырабында бетiне қарсы келер жан табылса, сойылы мен
сөзi дайын тұратын Келманның соншама шалқақтаған құдасының қылығына орай дәнеме iстей
алмағаны бұған да қатты батты. Содан бастап әкесiнiң жұрт көзiнде абырайы түсе бастады. Ел
арасының сыпсың сөзiн баққан кiсiлер: “Құдасы Келманды менсiнбейдi екен. Ана Өтәлiге қызын
бермей жүргенi де содан көрiнедi. Болмаса жермадан асырып, бұғағынан үзiлгенше қызын кiм оң
босағада ұстап отырады? Әбiрейi өзiнде тұрғанда құтты жерiне қондырып құтылмай ма?»— десiп, гу-
гу етiстi. Бұл қаңқу сөз Келманның құлағына шалынбай да қалған жоқ. Ақыры алды-артын әрiден