Стр. 20 - Ulisel1tom

Упрощенная HTML-версия

19
мiнез көрсететiндiктерiне iштей еш шәк келтiрмеген-дi. Түпкi ниетi — ертеңгi бiр қажетi үшiн әлден
мына кiсiлердiң ау-жайын байқап, тамырларын басып көру едi. Хиуа Сыр өңiрiн өзiне қаратқалы
бермен, әкесi Келман ханға сардар боп, Әлiм Төртқаралардың сөзiн ұстап, атқа мiндi. Тiрiсiнде бетiне
жан келтiрмей, айдарынан жел есiп, абыройы асып-тасып, шалқумен өттi. Ол қайтқан соң, үлкен ұлы
Өтәлi оның орнын басты. Ендi бар жайды iштей сарапқа сала отырып, Ережеп тентек Мiрәлiнiң мың
жерден сардар атанып, ханнан шен-шекпен алса да, жалпақ жұртқа қожа бола алмайтынын сездi. Оны
бүгiн неке үстiнде адуын жеңгесi Балқия байқатып та тастады. Әкесi Келман өз кезiнде Өтәлiге
Балқияны зорлап әперiп, құдандалы боп, ел арасында абырайы үстем Сарығасқа Тоғанақ батырдың
бетiн берi қаратқан-ды. Сосын қалың Төртқара Тоғанаққа арқа сүйеген Келманның айтқанына көнiп,
айдауына жүрдi. Бағана Ережеп Балқияны өзi алса, сол таяныштың нығая түсетiнiн жақсы бiлген. Бiрақ
мұның бiр дедiгi — Малдыбайдың қызы Ақкербез едi. Со қызды бiр ретiн тауып тоқалдыққа алса,
Көнек сықылды бiр рудың тiзгiнiн қолына ұстап, өзiмен бақталас Жәнiбектi бiр шетте қалдыратын едi.
Сосын ол мұның айтқанына көнбей көрсiн. Және де ол Малдыбайдың аулына барып-келiп
жүргендерден Ақкербездiң аса сұлу, тәрбиелi екенiн естiген. Бұл әуелгiде не бiр жағымпаздардың
алдында құрдай жорғалап, маймөңкелеп мақтағанына қарап, тасырта айтылған сөздi немәурайлы
тыңдаған. Келе-келе соған өзi иланатын болды. Iшiне дем арасында қып-қызыл шоқтың қалай түсiп
кеткенiн байқамай да қалды. Жаратылысында тәкаппар тұқымнан тараған бұл ұрғашы атаулыға онша
елпеңдеп жатпайтын. Қайта оларды өзiне жалпаңдатар күштiң өз колында барлығын сезiп, iргесiн
желге алдырмай, қай уақта да мығым отыратын. Ендi мына қыздың тұсында ол бар сабыр-тақатынан
айрылды. Сыртынан бiр-екi рет көргеннен кейiн талдырмаш қыздың нұрлы жүзi ойынан мәлдем
шықпай қойды. Кей кезде басқа шаруа үстiнде отырып, ойы бөлiнiп кете бередi. Соған қарап, өзiне өзi:
“Маған осы не болған? Шынымен сол шөпжелкенi ұнатып қалғаным ба, а?”— деп, онысынан өзi қатты
қысылып, ыңғайсызданып бiтедi. Сондайда қасында жүрген ат қосшыларына сыр алдырғысы келмей,
қайдағы бiр болмайтын шаруаны көңiрсiтiп кетедi.
Ережеп ақырын күрсiндi. Iштей өзiнiң екi оттың ортасында қалып қойғанын пайымдады. Егер
Балқияны өзi ала қалса, бұрынғы құдалық жолы әлсiремей, Бес Бозғұлдың баласынан тараған кейбiр
руға мұның әмiрi жүрiп тұрар едi. Бiрақ ондай кезде мыңғырған малына арқа сүйеген Малдыбай алты
ұлдың ортасындағы жаңғыз қызын бұған үшiншi әйелдiкке өлдi бермейдi. Оның үстiне... жақында
Жәнiбектiң Ақкербезге құда түсiп, қыздың басын байлап, мұның алдын орап кеткенiн естiдi. Осы
арадағы жайбасарлығына қатты өкiнiп: “Қап!»— деп, санын соқты. Бұл өзiнше Жәнiбектi бұлайша тез
қимылдай қояр деп ойламаған-ды. Және де Дөсектiң iрi байы Тайпан өз жесiрiнен бұлайша бас тарта
қоймас деп, аңыс аңдап жүрген. Оны сөзге көндiретiн бiр кiсi болса, тек қана өзi едi. Ендi Жәнiбектiң
тентектеу байды қыбын тауып, алғалы отырған жесiрiнен бас тартқызғанын естiп, дегбiрi қашып,
қанын iшiне тартты. Демек ол жайына тектен текке қарап жатпаған болды. Мұның тек iштей соңырағы
күнi табан тiрер жерi осы-ау деп шамалағаны — Жәнiбектiң Дөсек Тайпанға жесiрiне шығындаған
қалың малын әлi түгелдей қайтарып бере қоймағаны. Ендi соны ушықтырып, бiр амалын тауып,
қалайда Ақкербездi қолға түсiру керек. Және бiр қиыны — соңғы жылдары Хиуа бектерiнен де қасиет,
ынсап қаша бастады. Қит етсе болды, олар елдi талайды, әрлi-берлi өтiп жатқан керуендердi тонайды.
Олар момын елдi қызыл тiлмен алдап-арбап, жал-құйрығынан жәйлап сипап ұстап отыру орнына,
оның шабына ши жүгiртiп, қамшылап, бiр жола ауыздықтап, ерттеп мiнiп алсам дейдi. Бетiне қарсы
келгендi қорқытсам дейдi. Сiрә да қорқып сыйлаған да сыйластық болып па? Бұл соны ойлап, ойдан
келе жатқан орыс жағына да құлағын сақ ұстап, ағасымен ауыз жаласып кеткен Дадабекке де iшiн
бермей, онымен онша жанаспай жүр. Бектi өз паңайынан онша қашыққа ұзатып та жiбермей, ата жолы
солай деп, сардарлықты Мiрәлiге берiп, Хиуаның алдында соны бетке ұстап, Дадабектi әрi-сәрi етiп
қойды. Дегенмен күндердiң күнiнде өзi өз боп, билiкке ашық араласуы керек екенiн сезедi. Жаңа бiр
әзiрде би мен бектiң, осы елдiң ақсақал, қарасақалдарының тамырын басып байқағаны да сондықтан
болатын.
Ол әрi ойлап, берi ойлап, кенет серпiлiп, бiр iске белiн нық буып алды.
6
— Өй, әкеңнiң аузын... — Тиышбек астындағы жаман атын қара тер қып, үйiнiң жанына қеп тiзгiн
тартты. Жаман қараүйдiң iшiнен қарсы шыға келген түрiк ерiндi, қатпа әйелi Ақрәшқа түсiн бермей,
атынан жерге дүрс етiп түсе қалды. Мұны көрiп, жағымпаздана еркелеп, сарғыш құйрығын
бұлаңдатып жақындай берген сары көпектi қамшысымен қақ бастан шықпырта бiр-ақ тартты. Сосын
үйге кiре бер жалт бұрылып, қатынына жақтырмай қарады. — Мына жаман айтқа, тойға баратындай-
ақ шыртиып киiнiп алыпты ғой, — деп, күңкiлдедi де, басын әрi қарай бұра бере, екi көзi атыздай
болды.
Биыл он алтыдан асқан үлкен қызы Ұлбосын малына қиiнiп отыр. Үстiнде салпыншағы көп ақ
жiбек көйлек. Мойнына салған күмiс алқасы ала қөлеңкеде ағараңдап көрiнедi. Әсiресе, иығынан
асыра алдына сап, асықпай өрiп отырған қап-қатты қара шашы оның қыз салтанатын құра
бастағанынан хабар бергендей екен.
Соны көрiп, Тиышбектiң жыны қозып кеттi. Үйден жын ұрғандай керi жүгiрiп шығып, қазан-ошақ
маңында әлденемен айналысып жатқан Ақрәшқа жетiп барып, оны түтiп жердей боп, тарпа бас салды:
— Өй, жетесiз! Өй, көк ми! Мынадай алмағайып заманда өрiмталдай солқылдаған жас баланы
жасандырып киiндiре ме екен?
— Е, киiндiрсе несi бар екен? Немене оны бiреу тартып ала ма? — дедi аузы жылдам Ақрәш
қолындағы көсеумен сөне бастаған қозды аударып жатып. Оның арық қолы әлден-ақ дiрiлдей бастады.