20
— Алады, ойбай, алады, — дедi Тиышбек етiгiмен күбiнi бiр теуiп. — Дадабек қазақтан қыз алып
атқанда... Бұ несi-ай түге?! Кәне, тез құрт!
Ақрәш Тиышбектiң құсы бiр түссе, өз айтқанын iстетпей тынбайтынын жақсы бiлетiн. Сонда да
жер түбiнен бiрге жасасып келе жатқан көк айыл қатын кәзiр байының айтқанын екi етпесе, кәдiрiнен
жаңылып қалатындай көрiп, тұла бойы құрысып, түрiк ернi дiр-дiр етiп, қырсыға түстi:
— Ау, шал-ау... сен осы кiмдi құрт деп отсың? Дадабек қазақтан қыз алса, ала берсiн. О сарттың
бiздiң төбемiзде тайраңдағаны осы кәзiр ме? Солай екен деп, бойжеткен бала өз әкесiнiң үйiнде оң
жақта отырып, бойына iждеме де жапсыра алмай ма?
— Ойбай, құрт тездеп! — Тиышбек шыдамы таусылып баж ете қалды.
— Сонда кiмдi? Ана қызыңды ма? — дедi ендi Ақрәш сайқылана күлiп. Оның жұқа өңiнен ыза мен
күлкiнiң араласа тепкен iзi бiр түрлi боп көрiндi.
— Қызы нес, ойбай! — дедi Тиышбек бажылдап. — Ана киiмiн құрт дейiм!
— Қой, шал, үйтiп сақал-шашың ағарғанда баланың қылуасын жасама! Бiр қара берiп, жалынып-
жалпайып, шаққа дегенде тiктiрген пәршәны құрт дегенiң нең? Немене қызың қайта-қайта киiм
жаңартардай қораңда қой мен түйең толып тұр ма? Әлде желiң толған қылқұйрық пен сере шығар
семiз жылқы ма? О несi-ай түге, — деп, ернiн сылп еткiзiп, арық саусақтарымен жұқа бетiн бiр
шымшыды. — Өзiңнiң тұрiңе қарасам, сап-саусың. Бiрақ сөзiң самасау кiсiнiң айтар сөзi. Бұлай құрт-
құрт деп қодаңдағанша, қайта балаңның қыз санатына кiрiп, үстi-басына қарай бастағанына
қуанбайсың ба? Ұлбосынжанды қытайы қырмызыға бөленiп, былай, жайқаңдап шықсын деудiң
орнына, сенiң бұ не дегенiң, әй? Әдiрәм қалғыр-ау! — Ол ерiнiн шығарды.
— Әй, тыңдайсың ба, жоқ па? — дедi Тиышбек әкiреңдеп. Өзiнiң жүзi түтiгiп, ұзын мойны
сорайып шыға келген.
— Қой, үйтiп маған кестiрiлмеген қоразша қоқаңдама! Сенiң ондай сөзiңдi көтеретiн кiсiң мен
емес. Қатын болсам да, мен сен сияқты береке айналмаған, өмiрi күнi мал соңында салпылдаумен
өткен қитабан шаруаның қызы емеспiн. Менiң әкем iшкенi алдында, iшпегенi артында болған бай, ол
Хиуада дүкен ұстаған. Бiлсең бар ғой... — деп, Ақрәш сөзiн жұтып, жер-ошақта бықсып, жанбай
жатқан жас тезектi үрлей бастады.
— Иә, сосын? — дедi Тиышбек кенет ыржия күлiп, оны кекетiп.
— Не иә? — Ақрәш қозды тұртiп отырған көсеуiн қолына қалпы берi қарай бiр аттады. — Не иә?
Сенiң мына иәңа жол болсын? Сен осы неменеңе жетiсiп күлесiң, а? Қарныңды қазы-қарта қернеп бара
атқандай сенiкi не ыржаң осы? Шiрiк-ау, сен де осы еркексiң бе? Сен де қатын, бала-шаға асырап
отырмын деп ойлайсың ба? Мына бақ айналмаған босағаңнан аттағалы бермен үстiме жылтыратып
дұрыс көйлек кидiм бе? Маған қылар мiндетiң мына жаман-жұман шоқпытың ба? Ал, ендеше! — деп,
көк долы қатын кәрiне мiнiп, көсеудi жерошаққа қарай зытырып жiберiп, қалш-қалш еткен арық
қолымен үстiндегi тозығы жеткен көйлегiнiң өңiрiн дар-дар айырды. Қатты ашудан түрiк ернi көгiс
тартып, бiр бiрiне тимейдi. — Мә, саған! Мә, саған! Бұлдағаның осы ма?
Тиышбек қатыны ашуға басқанда, әдетте, қоқиланып, атына мiне сап, көршi ауылдарға тартатын.
Осы жолы ол әлденеге қитыға түстi:
— Жырт! Жырт! Мен ана жолы Бұқардан әкеп берген ханауыз дамбалыңды да жырт!
— Жыртам! Сонда маған не iстейсiң? — Ақрәш көкбеттенiп, көйлегiн қақ айырды. Етегi екi
бөлiнген ұзын салпы етек көйлектi үстiнен жұлқа лақтырып тастады. Сүйегi ыржаңдаған арық денесi
жын ұрғандай селкiлдеп, ол ендi ханауыз дамбалға жармасты.
Тиышбектiң жаны ыршып кеттi:
— Әй, мынау дозақы кәйтедi, әй? — деп, қамшымен әйелiн қыр арқадан бiр тартып-тартып
жiбердi. Жыланша шып ете түскен қамшы дем арасында қатынның арқасына қызыл қоңыр iзiн салып
та өттi.
Әйелдiң жан даусы шықты. Айналаны басына көтере бажылдап:
— Ұр! Өлтiр! Бүйтiп қорлық көрiп, не киер киiмге, не iшер асқа жарымай өткенше, өлгенiмнiң өзi-
ақ жақсы! — деп, ол жұқа бетi көккiмбек боп, ханауыз дамбалды кең балағынан жоғары қарай айырып,
нақ қара санға жете бергенiнде, Тиышбек қалт тоқтап, көзiн қолымен көлегейлеп:
— Тiпә, тiпә, пәлекет! Мұндай бидауа да болады екен-ау, — деп, мiңгiрлей сөйлеп, көткеншектей
бердi. Одан артында төңкерiлiп жатқан келiге соқтығып, екi қолы ербең етiп, шалқ ортасынан құлады.
Сосын есiктiң қыр көзiне қоя салынған қара шелектi қағып кетiп, жаңа сауған жылы сүтi үстiне
ақтарылды. Сасып қалған Тиышбек жалма-жан орнынан атып түрегеле сап, әке-баба, зәузатынан
бермен қарай бiр сыбап, қара шелектi қайқита бiр тептi. Әйелiне қайтып бата алмай, өз дәрменсiздiгiн
сезгендей келi үстiне отыра қап, қос жүдырығымен өз маңдайын өзi төбеледi: — О қу құдай! Құлағы
қуарған шұнақ құдай! Маған мына қөргенсiздi қайдан ғана тап қылдың? Осы төңiректе бұдан басқа
қыз құрып қалған ба едi? Тым құрымаса ақылы түзу бiреуiн бұйыртпадың ба? Ендi мына доңызды
қалай адам қылам? О қу құдай, — дей берiп, қолын жоғары қарай созған қалпы Тиышбек қалт
тоқтады. Кiшкене көздерi жылтыңдап, жан-жағына жып-жып етiп қарады. — Әй, менiң мұным не, а?
Қайдағы бiр сiптiр қатын үшiн құдайға тiл тигiзiп, осы маған бiрдеңе көрiнген бе? О жасаған, асылық
етсем, өзiң кешiре гөр! Айтқанымның бәрiн де қайтып алдым. — Ол орнынан атып тұрды. Сосын ұзын
бойы ебедейсiз қозғалып, iшке тез кiрiп, Ұлбосынды дiгерлеп отырып, өз айтқанын iстеттi. Оған
отбасына киер ылым-сылым киiмiн қайта кигiзiп, сырттағы шыптаның жанына қолынан сүйреп әкелдi.
Сосын аз ойланып тұрып, тез жүгiрiп барып, жер-ошақтағы күлге бас салды. Қоз әлi ыссы екен. Қолы
күйген ол аш мәлiнше баж ете түстi. — Ойбай, ойбай! Әкеңнiң ғана қөрiн... — деп, қолын аузына апара
бере, қайта ойланып, анадай жерде жатқан күл-қоқырға қарады. Дереу күлдi уыстап ап, Ұлбосынға
қарай жүгiрдi. Қызы тартыншақ болған түйеше керi шегiне берiп едi, Тиышбек: — Қой, сенiң оның не?
Кеуiлге тоқ болар осының өзi-ақ жақсы, — деп, күлдi бетiне жаға бергенде, тағы да қалт етiп тоқтай
қалды. — Ау, осы менiкi не? — Ол есi енгендей, қолындағы күлдi шаша сап, тез жүгiрiп барып, әйдiк