22
Одан да, — дедi өзiне өзi күбiрлей сөйлеп. — Жата берсiн! Өлмесе, өрем қапсын!»— Ол дем арасында
бұрынғы қалпын қайта тауып, асық ұтып алған балаша қуанып кетiп, ортнынан тұра сала тайқазанның
үстнге қайтадан секiрiп шықты да, қазанның түп күйе баттасқан тұсын етiгiнiң жемiрiлген өкшесiмен
ақысы кеткен кiсiше тепкiлей бастады:
— Мә, саған! Мә, саған! Байдың бетiне келетiн жәләпсың ғой!
* * *
Тиышбектiң есiне Ақрәшпен түтiн түтеткелi ырың-жырыңмен өтiп келе жатқан берекесiз ит
тiршiлiгi түскен едi. Әсiресе, оның қанын қайнататын бiр жағдай — қалыңдық ойнай барғанында
болған бiр уақиға болатын. Ежелден iлiк-шатыстығы бар әкелерi бiрде: “Осы Қаратамыр мен Шобдар
неге қыз алысып, қыз берiспейдi? Ау, бiз осы кiмнен кембiз?»— деп сөйлесiп отырып, өзара бiр
бәтуаға кеп, құда болысқан-ды. Содан олар арада бiрнеше жыл өткесiн, ел жайлауға шыққан кезде,
қайтадан кездескен-дi. Сонда қыз жағы Ақрәшты тойын жасап, ұзататын болған. Сол екi арада тойға
дейiн күйеудiң қалыңдығына ұрын баруы керек едi. Сол сылтау болып, көп өтпей Тиышбек қасына
бiр-екi жiгiт ертiп, қалыңдығына ұрын барды. Бiр төбенiң астына аттарын тұсап жiберiп, өздерi ел жата
жаяу-жалпылап, Қуаң бойына тiгiлген қара үйге келдi. Қыздың жеңгелерi де бұларды күтiп отыр екен,
сен тұр, мен атайын олар салған жерден мұның қойны-қонышын тiнтiп, алапасын алып жатып: “Ау, өзi
орнында бар ма екен!»— деп, шекпенiнiң сыртынан жәнә бiр жерiн тексерiп шығып, мұны қара үйдiң
iшiнде қалдырып, қызды әкелуге кеттi. Тиышбек бала кезiнен дүния десе өлетiн. Оңаша қараүйде
отырып, жаңа ғана уысынан шығып кеткен алтын, күмiсiнiң басқа бiреудiң алақанында қетiп бара
жатқанын ойлап, iшiнен қан жалағандай болды. Сол арада iшi күйiп кетiп: “Бүйтiп алған қатынның тап
әкесiнiң аузын...” — дей бергенiнде, сырттан тықыр естiлiп, сықырлауық есiк сыңси ашылды. Қызды
есiктiң аузында қалдырып, iшке кiрген жеңге: “Мырза жiгiт, кәне көрiмдiгiмдi бер”, — дедi. Тиышбек
жыланша жиырылып: “Өй, бұ да бiр ынсапсыз екен”, — деп, қалтасына қол салды. Көрiмдiктi алғасын,
қағынған жеңге жiбек шәлiнi бетiне көлегейлей жамылған осы Ақрәшты қолтығынан демеп, iшке
сүйрегендей ғып кiргiздi. Бұл қыздың әлдене деп қарсыласқанын анық естiдi. Сонда да жеңге қояр да
қоймай, қызды мұның жанына әкеп отырғызып, қолын мұның қолына ұстатып жатып: “Кәне, қол
ұстатарымды бер”, — дедi. Тиышбек қара бақайына дейiн күйiп кеттi.“Мұнысы нес тағы?»Бiрақ
қыздың қолынан тараған ерекше бiр жылу өне бойын қуалап, әлдеқандай шат сезiмi оянып келе жатып,
ол мүлдем сақиланып сала бердi. Дереу қалтасына қолын сұғып, қолына iлiккен ауырлау, шамасы,
күмiс болар, бiрдеменi сұрамсақ жеңгенiң қолына ұстата сап, сабыры таусылып, оған кете бер
дегендей қолын сiлтедi. Қуақы жеңге қараңғыда сыңқылдай күлiп, сыртқа шыға бердi. Ендi Тиышбек
өзiмен оңаша қалған қыздың бар тағдыры өз қолында екенiн сезiп, оның нәзiк, арықтау саусақтарын
сындырып жiберердей боп қысып тұрып, бiр сәтке шалқып кеткен. Ыржалақтай күлiп, құйрығымен
жер сыза оған қарай ысырыла түсiп, қыздың бетiне жамылған шәлiсiн аша бере... селк ете қалды. Қыз
дәуренiнiң басынан өткенiне жылап, қымсынып отыр ғой деген қалыңдығы... алакөлеңкеде, құдды өзi
сықылды, ыржия күлiп отыр! Ол аздай, Ақрәш ендi мүлдем еркiнсiп, ұзын шәлiнi басынан сыпырып
тастап, қасындағы төсекке қисайып жата қеттi. Сонда-ақ Тиышбектiң басына бiр күдiк шапқан: “Әй,
мынауың жол көрген пәле ғой! Болмаса қыз деген... былай, қымсынар болмас па, қысылар болмас па?
Ал, мына пәлең... бiрден қисая-я-я кеттi! Бұ не сонда, а? Әлде мынаны ана алаяқ Сырым Игiлiк тазбен
кеуiлдес болды деген рас боп шықты ма? Қой, өтiрiк шығар? Бiрақ... екi бұтының арсынан көш
өткендей, кiм көрiнген түкiрiп кете беретiн бұл ұрғашыға қiсi сенiп бола ма?»— деп, аяқ астында не
iстерiн бiлмей, әбден дал болған. Содан кейiн шатақ шығаруды өз басына ар көрiп: “Құданың бұ да
маңдайға жазғаны да! Оған iстейтiн не амал бар? Қалғанын көре жатамыз да”, — деп, ол ендi дем
арасында ыржалақтай күлiп, Ақрәшты көрпе-мөрпесiмен құшақтай алған едi. Ендi кәзiрде де сол
жағдай есiне сарт етiп түсе қап, қаны қайнап, ит жыны тырысып, тай қазанның күйелеш түбiн тесiп
жiбередей боп жындана тепкiледi. Ол бiраз тепкiлегеннен кейiн барып, ырс-ырс етiп, қазанның үстiне
құйрығын басып отырды. Сол арада қазанның iшкi жағынан Ақрәштың бiрдеме деп булыға сөйлегенi
естiлдi. Сол екен, Тиышбек дем арасында ыржалақтай түсiп: “Қой, қайдағы-жайдағыны еске алып...
менiкi не осы, а? Қыз кезiнде ана таз Игiлiк итпен кеуiл қосса, қосқан шығар. Оны көзiммен көрген
жоқпын ғой. Көзбен көрмеген жайды айтуды шариғатта күнә демей ме? Қой, ит болса да бес-алты бала
тауып берген қатыным емес пе? Ендi жасым келiп қалғанда, маған бұдан артық кiм жақын бола қояр
дейсiң?»— деп ойлап, отырған орнынан атып түрегелдi де, төңкерiлiп жатқан қазанның құлағына
жармасты.
* * *
Ақрәш қазанның астынан шыққасын, түшкiрiп-пысқырып бiраз отырды. Жанында жалпақтап
жүрген бұған адам деп көз салған да жоқ.
Аздан соң Ақрәштың сақырлатып қайнатып пiсiрген ыссы аталасын iшiп, бiр кекiрiп ап, қара
шәугiмге сақырлатып қайнатқан талқы шәйiне борша-борша боп терлеп, терiсi кеңiген Тиышбек
желдей есiп отырды:
— Ау, қатын-ау, мен айтсам, сендердiң қамдарынды жеп айтам. Бүгiнде жауды қай жабындының
астынан шыға қелмейдi дерiң бар ма? Олар деген, ойбай-ау... — Ол кiлт тоқтай қалды. Iшiнен: “Қазы-
қартаға қекiрелеп тойғандай менiкi не осы желдей ешiп?»— дедi де, — Бiссiмаулақ әкпәр! — деп, ас
қайырған боп, қолымен бетiн сипай сап: — Әй, қатын, ана түйеге өзiң егә бол. Мен мына
Малдыбайдың аулына барып келе қояйын. Жүрген аяққа жөргем iлiгедi деген. Мүмкiн бала-шағаның
несiбесiне қарай бiрдеме-сiрдеме бұйырып қалар, — деп, орнынан лып етiп түрегелiп кеттi. Өзiнен
төменгi жақта отырған Ақрәштың алдына қарай созып жiберген екi аяғының үстiнен аттап өттi.