25
қызғаныш оты билей бастады. Көз алдына өзiнiң бау-шуын әлдекашан күн жеп, iрiп кеткен жаман
қараүйi, болымсыз тiрлiгi, ұрысқақ қатыны, шабан аты келiп, қатты жасып қалды. “Шабан ат, өтпес
пышақ, жаман қатын, — жiгiттi осы үшеуi кәртейтедi” деген ып-рыс-ау! Болмаса мен де мына жаман
Әбдiраман құсап, сона-а-а-у Бұқарға қiре тартпайым ба? Немене үйтпейтiндей менiң одан нем кем?
Тек қана дүниям кем. Пой-пой шiркiн, бұ дүния деген кiсiге не iстетпейдi?!” — деп ойланып отырып,
кенет сол қалпынан тез арылып, ендi диханшылық жайлы әлдеқандай әңгiменi асықпай сабақтай
бастаған Малдыбайға монтаңдай қарады.
— Ол рас, — дедi Әбдiраман қызыл бетiне бар шырайы шыға түсiп. Оның қымыз қыздырған сайын
онсыз да қаны сыртына теуiп тұрған көнектей бетi ажарлана түсiптi.
— Сонда егiндi баптаудың жай-жапсарын бiлiп те алдық па?
— Өй, Мәке-ай, — деп, Әбдiраман кеңк-кеңк күлдi. — Арпа мен бидай, тарыны егу үшiн не жай-
жапсар ке-рек? Была-а-а-й, алақандай жердi ағаш соқамен айқыш-ұйқыш етiп жырта сап, баданадай
дәндi қос уысыңмен көсiп ап, оңды-солды шаша сал. Ара-тұра оны суғарып қой. Ол дейтiн күтiмдi
кәжет ететiн мал емес қой, оның нәтi құданың құдiретiмен өзiнен өзi өсiп шығып жатқан шөп емес пе?
Көлденеңнен кесiр келмесе, сүйтсең болды, күзде шыққан шығыныңды екi есе етiп қайтарып алмасаң,
маған кел.
— Апырай, ә?! — дедi Малдыбай оның мына сөзiне сенер сенбесiн бiлмей, ыңыранып отырып.
— Оған таңғалатын түгi де жоқ. Бiз болсақ, наданшылықпен бiлмейдi екенбiз. Шынында да, бар
береке мына аяғымыздың астында жатқан қара жерде екен ғой, — дедi осы үйге жақын жиен боп
келетiн Қалдыбай қарулы қолын көтере сөйлеп. Ол нағашы қарындасы Ақкербез бен Жәнiбектiң
арасында қөптен берi жеңгетай болып жүр едi. — Биыл ана Мамырайдың егiнi бiтiк шықты. Арпа,
тарысы сыңсып тұр. Ал, қауын-қарбызы дегенiң... қақ-қақ айрылып жатыр. — Ол Жәнiбектiң деуге
кеуiлi дауаламай, төтеннен жол тауып кеттi.
Оның қулыған аңлап қалған Әбдiраман жымысқылана күлдi:
— Бала, мына сөзiң рас болса, онда... биыл құданың аулы қауын сасып кететiн болды ғой.
Тиышбек сөздiң Жәнiбек жайында болып жатқанын аңғарып, аяқ астында қитыға түсiп:
— Әй, сарт болып кеткен қойшы соныңды, — деп, қолын бiр сiлтедi. — Сарт құсап жер шұқу,
қалай мақтасаң да, мал соңында салпақтап үйренiп қалған қазекеме қол емес. Со да қәсiп боп па? Одан
да мына Мәкең құсап мыңғырған мал ұстап, жалпақ жәһанды алып жатқанға не жетсiн!
— Егiннiң малға iж кедергiсi жоқ қой, — дедi Қалдыбай.
Тиышбектi жақтырмай.
— Гәп кедергiде ме екен, — деп, Тиышбек орнынан көтерiлiп отырды. — Мен мына Ережепке
таңғалам. Құдай дәулеттi беретiн кiсiсiне бередi ғой. Бергенде де, аямай, үйiп-төгiп бiр-ақ бере салады.
Осы Ережептiң малының есебi бар ма? Есебi жоқ. Өзi ана Есiм, Қыдыр көрген Жабағыдан бiр де кем
емес. Әсiресе, ана Қырда өз аяғымен жайылып жатқан көкалаларын қандай десейшi! Қарасаң, көз
тұнады-ау, көз тұнады! — Ол таңдайын тақ еткiзiп, көзiн жұмып, сопақ басын шайқап-шайқап қойды.
— Қойшы, рас па? — дедi Қалдыбай оны кекетiп.
— Е, өтiрiк айтып... сақалды басыммен менi перi қақты дейсiң бе? — деп, Тиышбек сол арада шақ
ете түстi.
— Қайдам? Сол көкалаларға ана сырттан ақ алалар араласып кетiп жүр ме деген кәупiм бар.
— Өйдөйт, шiркiн! Ол да қандай кiсiнiң қолынан келедi! Сен өмiрi үйте алмайсың. Iшiң күйсе, тұз
жала! Сен қанша жамандағаныңмен, Ережептiң беделiн iж кемiте алмайсың. Қара да тұр, ендi бiраздан
соң ол әлi осы өлкенi сұрайтын сардар боп шыға қеледi. Сонда қөке деп жүргенiңдi бiр көрсем-ау!
— Қой әрi! Мiрәлi сардар болғанда жүгiрмеген басым Ережеп Хиуаның ханы боп кетсе де елпектей
алмаспын, — дедi Қалдыбай қатулана түсiп. Оның оң жақ бетiндегi қара қалының ортасына шыққан
бiр-екi қара түк әлден-ақ тiкiрейе бастапты.
Тиышбек соны көрiп, жым болды. Қанша тiлi қышып отырса да, одан әрiге бара алмады. Ендi
шамына тие берсе, мына ожар жiгiт жұрттың көзiнше мұның жағасына жармаса қетуден тайынбайды.
Ол сол арада дереу өзгерiп шыға кеп, мұртынан күлiп:
— Мiне, нағыз ер жiгiттiң айтар сөзi! — дедi. — Сенi бағанадан берi сүйдер деп дәметiп отыр ем
ғой. Саған Ережептi өтiрiк мақтап ем. Ойыңдағыңды тура айттың. Жарайсың! Тусаң ту! Сендей сегiз
қырлы, бiр сырлы азаматтар аман болса, төрт Шөмекейдiң iжкiмге де есесi кетпейдi! — Ол
Қалдыбайды арқасынан қақты: “Бұл иттi осылай жел сөзбен мақтап, қарық қып, ақымақ қып қоймасаң,
болмайды”.
Оны бұлай табан астында жылп етiп шыға келер деп ойламаған Қалдыбай не дерiн бiлмей қалды.
Малдыбай тағы да бiр шатақ шығып кетер деп ойлап:
— Ау, Тиышбек, биыл сенi Бұқар жаққа барып қайткалы жүр дей ме? — деп сұрады.
— Иә, сондай бiр талап қылып жүргенiм рас, — дей берiп, Тиышбек аздап абыржып қалды. Биыл
көктем туысымен Ережеп мұны шақырып ап, ұры Шәкиге серiк боп, Бұхара жағына сауда бабымен
барып қайтсаң кәйтедi деп, қолқа салған едi. Жәнә да мұны жан адамға тiсiңнен шығарма деген. Бiрақ
Тиышбек екi елi ауызына төрт елi қақпақ қоя алмады. Бiр аптаның iшiнде қонған, түстенген
ауылдарында iжкiмге айта қөрме деп, бөсiп кетiп, Ережептiң өтiнiш еткен бiр жайын жалпақ жұртқа
өзi аузымен таратып та үлгерген болатын.
— Сонда... барыс қашан?
— Ол... ендi..., — деп, Тиышбек мiңгiрледi де, аяқ астынан бұрқ ете түстi. — Мына Ережеп барып
тұрған ит екен. Айтарын айтты да, соңын сиырқұйымшақтандырып жiбердi. Әгәрдә қатын болғанымда
бар ғой, бүгiндерi емшегiм iсiп...
— Өй, — деп, Қалдыбай қарқ-қарқ күлiп, сыртқа ата жөнелдi.
Тиышбек не күлерiн, не жыларын бiлмедi. Iшiнен: “Бәлем, сенi ме? Тұра қал!” — деп, қатты кек
түйдi. Сосын қитығып, аяғын созып, iрге жаққа қарай қисая кеттi.