Стр. 3 - Ulisel1tom

Упрощенная HTML-версия

2
Жұрт тiксiнiп қалды. Жәнiбек мына аузы дуасыз кiсiнiң өсiрiп айтқан сөзiнiң әр жағында бiр
шындықтың жатқанына, өз күдiгiнiң расқа шыққанына көзi жеткендей боп, iрi денесiн қозғап қойды:
— Сен немене... оны... өз көзiңмен көрдiң бе?
— Көрдiң бе нең, а, осы? Дамолла Жәнiбекжан-ау, бiр руды сұрап отқан мырзам-ау, мен көзiммен
көрмесем айтам ба? Қорыққаным сонша, тамағым тас боп кеуiп қалды. Мынаң қарашы, — деп,
дәудiрлек неме табан астында бар қасиетiнен айрылып, атынан жерге дүрс етiп түсе қалды да,
жалпылдай жөнелдi. — Жәнiбекжан-ау, саған өтiрiк айтып немене менi перi қағып па? Жаман да
болса, сақалымыз бар дегендей. Сондай ханға бергiсiз басыммен...
Жұрт ду күлдi. Тиышбек жан-жағына алақ-жұлақ қарады. Сол арада көсе екендiгi есiне түсiп, қап-
қара боп кеттi. Сосын шеттеу тұрған бiр жiгiтке тап бердi:
— Сен немене, атаңның басына күлесiң бе? Көпек иттей қаба сақалдылардың айтқаны сөз де,
көсенiкi немене... без бе? Өй, көргенсiз! Өй, әдепсiз!
Жәнiбек тағы да сөйлей берген әлгi жiгiттi тез қабағын шытып, тыйып тастады да, Тиышбекке
қарай бұрылды. Ол қабағын сәл көтерiп:
— Сонда... олар не iстемекшi екен? — деп сұрады.
— Ойбай, оның айтары жоқ. Дұшпанды не iстемейдi деуге бола ма? Жаңа өзiм солардың
құрығынан шаққа дегенде қашып құтылдым. Жаман да болса мына торының арқасы ғой, — деп,
Тиышбек қызылмайы шыққан атының танауын сипап-сипап қойды.
— Қашып құтылдым дейсiң бе?
— Иә. Қашқанда бар ғой, атым жүйрiк болғасын, неден тайынайын, өй, бiр сiлтедiм-ау кеп!
Ол кiлт тыйыла қалды. Қабағын түйiп, мазақтап тұрған бiреу-мiреу жоқ па дегендей, жан-жағына
алақ-жұлақ қарап қойды.
— Сен ояққа нағып барып жүрсiң? — дедi бiр ауыл кiсiсi.
— Өй, былай… әшейiн, ана Әбдiраманның сөзiн тыңдап, — дедi де, Тиышбек қолын сiлтей салды.
— Е-е, ол саған не деп жүр?
— Өй, жәй әшейiн. Кеше оның үйiне барып ем, ол жүзiм жеп отыр екен. Соның бiр-екеуiн жеп ем.
— Ол iркiлдi. — Оның өзi еркекке пайдалы дейдi ғой. Содан, мен де Әбдiраманнан қалмайын деп,
қатынның бiлезiгiн қалтама сап, ана Дадабекке бармайын ба?
— Сатып алайын деп пе?
— Е, сүйтпей, ол сарт маған әшейiнге бере ме? Содан жетiп барсам, қаптаған қалың сарбазды
көрiп, иманым ұшып кеттi. Сосын көрмегенiм Дадабек болсын деп, тұра қаштым.
— Iжкiммен сөйлескен жоқсың ба?
— Ойбай, оған мұршам болды ма? Өй, сен де бiр қызық екенсiң ғой! Мұндай жаугершiлiкте кiсi
дұшпанмен тiлдесiп бола ма? Немене оларға барып менi ажалымнан бұрын өлгелi жүр дейсiң бе? —
деп, Тиышбек салпы ернi дүрдиiп, жан-жағына қоқилана қарады. Сосын ол тағы да кiлт тыйыла қап‚
жұқа қабағын түйiп, мазақтап тұрған бiреу-мiреу жоқ па дегендей, жан-жағына алақ-жұлақ қарап
койды.
* * *
Бүгiн Тиышбек таң азаннан тұрып, Сырдың арғы бетiнде егiн егiп, диқаншылықты көсiп етiп
жүрген жатақ Қаракесек Тұрғалидың аулына бармақ боп, атына ер салған-ды. Күн кылтия Қуаңның
жағасына құлап, Қазалы тұсын сол қолына ұстап, шоқырақтап келе жатқан-ды. Сол арада есiне кеше
Әбдiраман айтқан сөз сап ете қалған. Соңғы жылдары өзбектермен жиi араласып, сауда-саттықпен
айналыса бастаған Әбдiраманның шырайы шыға бастаған едi. Ол денесi толысып, бұғағы бiлемдене
шыға қалған. Екi бетiнiң қаны тамып тұр. Соны көрiп, Тиышбек өзiнiң көнi кепкен, айтақырша
тiлiмденiп кеткен ала жарғақ бетiн есiне алған. Ол қозғалақтап қойып: “Осы сенiң ғой екi бетiң
шиқандай. Сонда не жеп семiрiп жүрсiң, а?”— деп, Әбдiраманға ерсi сұрақ қойған. Қулығына найза
бойламайтын Әбдiраман бiр танауымен мырс етiп: “Не жейiн? Сен немене менi қойдың шуаш сасыған
сүтiн таңдайға басар надан қазақ көресiң бе? Әлде менi Хиуа мен Бұқардың өзбегiмен босқа тамыр боп
жүр дейсiң бе?»— деген. Соны естiген бойда, Тиышбек одан әрман қызықты: “Иә, сосын”, — деп,
құйрығымен ысырылып, жақынырақ кеп отырды. Әбдiраман әлденеге райлана күлiп: “Оның не
сосыны бар? Мен соңғы кездерi етке онша емеспiн. Кiсiнiң iшкi сарайына жеңiл, адамның ажарын
келтiретiн дәмге көштiм”. Мұны естiген Тиышбектiң: “О не екен?” — деп, басы дал болды. Құлағы
шалған нәрсенi iндетiп бiлмейiнше кеуiлi көншiмейтiн ол сол арада Әбдiраманға жата кеп жабысқан:
“Ау, құрдас, түбiмiз бiр ағайынбыз. Арғы атамыз Қаракесек. Әлiм, Шөмен со шалдан тарамайтын ба
едi? Сонда Әлiмнен дөреген сен Кәнiспек болғанда, мен Шөмекейден өрбiген, Шөменнiң өнiк жерi бес
Бозғұлдың дырдай азаматы емеспiн бе? Сен сияқты алдымда қоралы қойым, қойнымда қос-қос
катыным болмаса да, азаматты сыйлай алар малтеген бiзден де табылып қалады. Әсiресе, сен ырза ғып
жүрген шақша бас сарттың кеуiлiнен шығу бiздiң де қолымыздан келедi. Сен ол құпияңды маған да
айтып қой. Ана қатынның алдында беделiм бiр өсiп қалсын”. Әбдiраман сол арада мұртынан күле
түсiп, малайына тегеш толы жүзiм алдырған. Ол жақында Бұхара жағына кiре тартып барып, көп
олжамен қайтқан-ды. Бұхара шәрiнен шығарда өзбек тамырының жүзiмдiгiнен шырыны толып, жаңа
пiскен жүзiмнен көп етiп алған-ды. “Ол мiне, мына дәм”,— деген Әбдiраман. Тиышбек iлгерi ұмсына
түсiп, ұзын қолын асығыс созып: “Бiссiмiллә!” — деп, жүзiмнiң бiреуiн бырт еткiзiп үзiп ап, аузына
салған. Қан татиды екен. Сосын екiншiсiн аузына салды. Ендi үшiншi рет қолын соза бергенiнде,
Әбдiраман көзiн қулана қысып, табақты жалма-жан кейiн тартып ала қойған. “Саған бұдан артық
беруге болмайды”. “Ау, неге?”. “Түнiмен ұйықтамай, пәле қыласың”. “Е, е,” — деп, Тиышбек iшiнен