30
қалса да, жоқ жерде тiлiнiң тиегi ағытыла кетiп, үнемi өз бойына шақтап сөйлей бермейдi. Кәзiрде де
быдым-быдым бетi күреңiте түсiп, қолын оңды-солды сiлтеп қойып, қызулана есiп отыр:
— Дәл өкпе тұстан косылғасын қандай дұшпан да сасып қалады екен. Ұранды тастап, сойылды
олтайлап ұстап, құйғытып келем. Бiздi көрiп, бет-бетiне тым-тырақай қашқан хиуалықтар алды-
арттарына қарар емес. Зытып барады. Сосын бiз аяйық па, әруағымыз қозып, өйдәй кеп қиқуды
салайық. Жеткенiмiз жеткендей, қызыл асықтан бiр қойып, сасып қашқан оларды ат үстiнен
томпылдатып құлата бердiк. Мен де қарап қалғам жоқ. Ұзын қатарды әрлi-берлi жайпап, бiр ойқастап
өткенiмде, әлгiлердiң отыз-қырқы ат тұяғының астында ала құртша домалап жатты.
— Аздап азайтсайшы, — дедi Жәнiбек бөсiп бара жатқан ағасының жеңiнен тартып.
— Е, мен неге азайтам? Қайта мен ат кеудесiмен омақаса астырғандарымды айтпай отырмын, —
деп Елдес бұған ажырая қарап қойды. — Айтпақшы, сол арада бiр қызық болды. Дәл алдымда iнгендей
қайқаңдап, бiр сарбаз зытып бара жатыр едi. Мен оны оп-оңай сұлата салам қой дегем. Алғашқы
пәтiммен жетiп кеп, қатты ақырып қап, ұмтыла бергенiм сол едi, әлгi иттiң табан астында жалт
бұрылып, тура өзiме қарай қарсы салғаны. Аспаһани қайқы қылышын қынынан суырып апты. Жүзi
жалт-жұлт етедi. Соны көрiп, сасып қалдым. Маңдайымнан мұздай тер бұрқ ете түстi. Дереу жан
дәрмен деп, етi қызған атымның басын керi тарттым. Иманым ұшып, тұла бойым безгек буғандай
дiрiлдеп барады.
— Қойшы, әлгi батырлығың қайда? — дедi Жәнiбек оған мысқылдай қарап.
— Немене батырға жан керек емес дейсiң бе? — деп Ел-дес мойнын бұған сәл-пәл бұрып, дүңк ете
түстi.
— Сосын не болды? — дедi Жәнiбек ағасын орынсыз жерде шамдандырып алармын деп ойлап.
— Не болсын әлгi неме жақындап кеп, қайқы қылышымен қиялай тартып шаба бергенiнде, қалай
болғанын бiлмеймiн, сойылымды көлденең тоса қалдым. Шiркiннiң болаты асыл екен, қайың сойылға
кездей енiп, барып тоқтады. Сол арада қызық болды. Мен жалма-жан сойылымды өзiме қарай тартсам,
ол қылышын керi тартып жiбермейдi. Қайыңға бойлап кiрген қылышы жуық арада суырылып шығар
емес. Ендi не iстеу керек? Сол арада тез ақылға келдiм. Әрi тарт та берi тарт боп тұрғанда, анаған
бiлдiрмей, жалт бұрыла бере артымдағы бұғалықты ала сап, мойнынан тастап кеп жiбердiм. Сарбаз
арқанға қос қолдап жабысты. Оған қарайтын мұрша қайда? Дереу аттың басын бұра сап, тебiнiп кеп
қалдым. Атым ала жөнелгенде, әлгi сарбазды ер үстiнен жұлқып түсiрдiм. Сосын неден тайынайын,
дырылдатып сүйреткен бойы қан қырғыннан сырттап шыға бердiм.
Мамырай бәйбiшесiнен туған екi естiлеу баласына жақтырмай қарады:
— Жарайды, Хиуаның азғантай қолын жеңдiңдер. Бiрақ соның артын ойладыңдар ма?
— Мұның артын ойлайтындай соншалық не бар? — дедi Елдес жаңағы желпiнiсiнен әлi де арыла
алмай, әкесiне аңтарыла қарап.
— Ау, оның ойламайтын несi жоқ? — дедi де, Мамырай жерден бiр тал шөптi сындырып ап, шеге
топырақты әрлi-берлi сызғылады. — Ол азғантай қолдың артында пiлтабан Мұхаммәд-Инақ жатқан
жоқ па? Ертең ол сыңсыған әскер алып келсе... сонда қайсың оған қарсы тұра аласыңдар? Олармен
соғысам деп жүрiп, быт-шыттарың шықпай ма?
— Өй, үйту қайда оған? — деп, Елдес қолын бiр сiлтедi. — Ол түгел Аллаққұл мен Рақымқұл да
қазақтарға...
— Өй, пәли, сөз болғаныңа! — деп, Мамырай оның сөзiн бөлiп, қабағын шытты. — Сен немене
оларды осал жау деп ойлайсың ба? Шындығына келгенде, солар емес пе осы Сыр бойын тегiс жаулап
алған? Ендi ойдағы орыс патшасы бiзге ауыз салам деп тұрған кезде дiнi, тiлi бiр туыс елмен дұшпан
болғанымыздың несi жақсы?
— Өй, қойшы, көке... — дедi Елдес қыңырая түсiп. — Шақша бас саудагер сартқа бағынғанша сол
аузы түктi кәпiрiңнiң өзi жақсы ма дейiм. Ашу қыстағанда, шарық киген қара жаяу оларды атқа қонып,
тұрiп тастау боқтан да оңай ғой.
— Өй, сөз болғаныңа! Мылтығы мен зеңбiрiгi сайма-сай оларды сойылмен сатырлатып сабап
тастарсың.
— Е, сабамай несi бар? — дедi Елдес қоқилана түсiп.
— Иә, сендер сүйтесiңдер, — деп, ендi Мамырай ұлымен тәжiкелесе берудi өз басына лайқат
көрмей, аз-кем үнсiз қалды. Алаңғасар үлкен ұлының әлдеқандай ексiм торлай қалған жалпақ жүзiне
жақтырмай, бiр рет көз қиығын тастап қойды.
Мамырай атадан жаңғыз едi. Әкесi көп қатын алса да, ат ұстар ер балаға жарымай өттi. Кәзiрде
мұның дәтке қуат етерi қысылғанда ақыл-кеңес берер немере ағасы Сағынай бар. Ол осы арадан бiр
күш жерде жеке ауыл боп, Жаманшығанақ бойын жайлап отыр. Сағынай жастайынан бұла боп өстi.
Серiлiк құрып, жiгiт ағасы болғанға дейiн әуейiлiгiнен тыйылмады. Тек бертiн келе ел әңгiмесiне
араласа бастады оның жаңғыз ұлы Нияз да әкесiнiң жолын қуды. Әліге дейiн тұрақтап кәсiп қылмай, ат
жаратып, күс салып, домбыра тартып, қызды ауылды жағалаумен жүр. Ана жолы Мамырай немере
ағасына: “Мына балаға ақыл айтпайсың ба? Желк-желк етiп, жын-шайтанның жолында қашаңғы жүре
бередi? Оның қатын алып, бала сүйiп, ел билiгiне араласатын уақыты жеткен жоқ па?»— деп кейiген
едi. Сонда Сағынай бiр танауынан осқырына қүлген. Жасы ұлғайса да өңiн бермеген iрi сүйектi ақ
сары шал иығына жамылған жалаңқат шекпенiн жөндеп қойып, кенет бұған көз қиығын кулана
тастаған: “Бәндә шiркiн ана дүнияға мына дүниядан не көрдiм деп барады? Есiл өмiрi мал табу, дау
қуумен өтсе, оның несi қызық?” — деген. — “Ау, сонда жасы отызға жақындаса да осылайша әлем-
жәлем боп жүре бере ме?»— “Бүйтiп қашаңғы жүрер дейсiң. Мойнына мықты құрық түскен күнi
бәрiнен сап тыйылады ғой”. Сол әңгiмеден кейiн аттай бiр жыл өтсе де, Нияздың серiлiктен
тыйылатын түрi көрiнбейдi. Қайта неше түрлi қылығын үдетiп барады. Соны көрiп, Мамырай несiне
құлауыз болам деп, артық әңгiмеге бармаған. Дегенмен iш жағында бiр түйткiл қорғасынша шөгiп
қалған. Кейiннен де оңашада соның жай-жапсарын қара ақылына сап, сараптап көрдi. Барлығын