Стр. 32 - Ulisel1tom

Упрощенная HTML-версия

31
таразылай келе, немере ағасының iстеп жүрген қылығы мәлдем оғаш көрiндi. Ол Ниязбен бiрге, үлкен
қызы Шарапаттың бағын байлап отыр. Керiк шалдан қаймығып, Шарапатты құдалары батып қарай
алмай жүр ол Құлқа батырдың жаңғыз баласы Қожақпен бесiкте жатқан жерiнде атастырылып
қойылған болатын. Кедей Құлқа шағын дәулетiнен қорынып, дүмдi құдасына батып ештеңе дей
алмайды. Оның жайын Сағынайдың өзi бiлер сыңайы жоқ. Сүйтiп жүргенде, мына аласаты көп,
алмағайып заманда жат көзден қызғыштай қорыған асылың әлдеқандай әулекiнiң қанжығасында кетiп
қалмаса игi едi?
Ол ендi өз жағдайын ойлады. Өз балаларынын. Iшiндегi ноқтаға толығы мына отырған Жәнiбек
қана. Осы ұлын мал аямай медiресеге берiп, бiлiм алғасын көзi қарақты боп, ел дауына араласа ма деп
ойлаған. Әзiрге алымы да, шалымы да жаман емес. Ойдағы орыс пен өрдегi Хиуаның ұлы дауы
жақындап келе жатқанда, оңды-солды тани бастаған ақылы өзiн адастырмай соны сүрлеуге қарай
көземелдей алса жақсы болар едi. Ақыл демекшi, мұның ана бiр жылы қатты тiксiнгенi бар. Бiр жолы
Бұхарада оқып жатқан баласының досы Әбдулла дейтiн өзбек жiгiтiнiң үйiнде қонып отырып, бұл
өзгеше бiр жағдайды аңдап қалғандай болған. Әбдулланың қарындасы Зуһра әйдiк табаққа түрлi жемiс
салып әкеп, ұсынып жатып, Жәнiбектiң жүзiне бiр рет анықтап көз тоқтата қарағанын бұл аңдап
қалған. Баласының да әуейi кеуiлдiң жетегiнде жүргенiн зайыр аңғарған бұл сол арада: “Маған ендi
жетпегенi осы едi?”, — деп, iштей қатты тiксiнген. Әрине, бұдан бұрында қазекеңнiң өзбек ағайынмен
құдандалы болған жағдайын жақсы бiлетiн. Әсiресе, Қазақ, Ноғай жыласып айырылысқанда, қалың
Маңғытқа ерiп, ауа қөшiп, Бұхараның жанынан қоныс тепкен көп Шөмекейдiн өзбектермен қаны,
жаны араласа бастағанынан хабардар-тын. Ол ауылдарға барып, қонып, түстене жүрiп, қазағы қайсы,
өзбегi қайсы екенiн бiле алмай, дал болған. Мұның қырағы көзi осы туыс буданнан шыққан нәсiлдiң
көзi өткiр, жүзi қара қоңыр тартып, айрықша әдемi боп туылатынын тез аңғарған, бiрақ қашанғы
дағдысына бағып, Жәнiбек пен Зуһраның бiр-бiрiне деген ыстық ықыласын көргесiн, ол елге келе сала,
шаруаға жедел кiрiскен. Тездетiп Мұғарап құдасымен хабарласып, Жәнiбектi аяқтандырған.
Айжамалды ап, басына мықтап құрық түскесiн, Жәнiбектi әлгi бiр әуейi қалпынан тез арада тыйылар
деп ойлап едi. Сонысы кейiннен расқа шыққандай болды. Жәнiбек өзге жiгiттерше селтендемей, елге
келiсiмен, шаруа бабымен болып кеттi. Бұл әлге дейiн соны iшiнен дәтке қуат қылады.
Ал Әлжан әлi шiп-шикi. Балалығы ма, әлде жаратылысы солай ма, тым қағылез, ылдым-жылдым.
Қабағы жазық, қасы сұйық. Бұл, әсiресе, оның жұқа қыз ернiнен қорқады. Ақылынан бұрын аузы
қимылдайтын сөзшең болмаса не етсiн?
Соны растағандай, Әлжан дыбыр еттi:
— Аға, осы Ақкербез жеңгемдi қашан түсiресiң?
Жәнiбек ыңғайсызданып қап, жүзi күреңiтiп, аузы жылдам iнiсiне зорлықпен жымия қарады:
— Түсiрсем не iстейтiн деп ең?
Әлжан мүдiрiп қалды.
— Мүмкiн, сен де қатын аларсың? — деп, Мамырай кенже баласы жаққа ақырын ғана мойнын
бұрды.
— Өй, керегi жоқ. — Әлжан қолын сiлтедi.
Мамырай ендi Жәнiбекке бұрылып, ойлана отырып:
— Шынында да, келiндi түсiретiн уағың жеткен жоқ па? —дедi.
— Аздап... сабыр айласақ.
— Сабыр түбi сары алтын деген рас. — Мамырай ықырана отырып, баппен сөйледi. — Дегенмен
де... мына дүнияның бет алысы маған ұнамай жүр. Кiм бiлiптi, замананың не боп кетерiн, — деп, ол
ұзақ ойланып қалды. Сосын ұзақ ұйқыдан оянғандай, бетi көнектей боп отырып: — Шынында, келiндi
алатын уағың болды. Кеше ана Төлеу батырдың Малдыбаймен қалай сөзге кеп қалғанын көрдiң. Ол
бiр шегiрткедей қаптаған қалың Шектiнiң iшiндегi терiс азу тентектеу тұқымынан едi. Мұның ақыры
немен бiтедi деп бола ма? — деп үндемей қалды.
Шынында да, Мамырай осы керiстен қатты шошынып қалған-ды. Өмiрi жан адаммен
қақтығысыпты деген аты шығып көрмеген Малдыбайды сол жолы не түлен түрткенiне қайран. Әлде
Сыр бойының ойы-қырына сыймай, мыңғырып жатқан ақтылы малдын буы ма? Ертеде аталары тары
көженiң буы ыссы болады деп отырушы едi. Шамасы, кiсiге бiткен дәулет те адамның кеуiлiн тасытып,
ақыл-есiн алып, астамдатып жiберетiн болуы керек. Үйтпесе ат аяғы алыста жатқан Шектiнiң
әңгүдiктеу батырымен ұстасудың не қажетi бар едi? Әлде талай-талай дiлуар мен тасырдың таси
сөйлеген сөзiн тыңдай-тыңдай құлағы сарсылған момын кiсiнiң ширығып кеткен бiр түсы ма?
Мамырай кешкi мамыражай тиыштыққа елтiгендей үнсiз отыра бердi. Күндiзгi бет шарпыған аптап
басылып, Қыр ауасы күннiң өз орнына қонғанын сезгендей, салқындай бастаған. Үп еткен жел жоқ.
Аспанның әр жер-әр жерiнде күндiзгi аңызақтан аңқасы кепкен тәрiзденiп, жынды жел берекесiн алып
шашып кеткен бұлттар жабағы жүнше қалқып жүр. Олардың қара күңгiрт бауырларын дағдылы
мекенiне асыға сүңгiп бара жатқан табақтай күннiң соңғы сәулесi өрттей ғып қызарта бастапты. Сайын
дала да қызғылт реңге көше қалған. Сонау көз ұшындағы алып жайынша қөлбеп түскен қара дөң де
сауыры қызқылт тартып, солығын жаңа алып жатқан сияқты. Тек бұл тиыштықты талайдан бермен
шапқыншылықты көп көрген момын далаға қөпсiнгендей сонау терiскей жақтағы адыр-адырдан бiр
құйын көк аспанға тiк шаншыла үйiрiлiп шықты да, мың бұрала билеп, жердегi шөп-шаламды көкке
көтерiп, жынша бұрқырап келедi.
Осы кезде өрiстен мал құлап, әлi абыр-сабыры басыла қоймаған кешкi ауылға ат басын аудырмай
келiп қалған бiр салт атты көрiндi. Жолаушы көзге онша толымды емес, денесi қораштау. Шамасы,
әйәл болуы керек.
— Бұ кiм болды екен? — дедi Мамырай әлденеге елеңдей ғап.
— Құдай бiлсiн.