Стр. 39 - Ulisel1tom

Упрощенная HTML-версия

38
Осы кезде iшке Мiрәлiнiң Қарасақал Нарманның баласы Қалмырзамен атастырылып қойылған
қызы Зағипа кеп кiрдi. Баста Мiрәлi, Ережептiң ақылымен, баласына құда түсе келген iргелi байға көп
шалқаймай, келiсiм берген едi. Қырсық шалғанда, ана жылғы ақсирақ жұтта малы қырылып, тiгерге
тұяғы қалмаған Нарман бiр күнде қу тақыр боп шыға келдi. Сосын амалы құрыған Нарман жұтқа
ұшыраған туысына жақын-жуық ағайынның мал жинап беретiнiн ойлап, жылу жинағанды жөн көрiп,
елге сауын айтты. Бiрақ жұттан кейiн пейiлi тарылған таныс кiсiлердiң өздерi балапан басына,
тұрымтай тұсына кеткен бiр заман райын аңғартып, бұған мойындарын бұра қоймады. Ендi басқа
лажы қалмаған Нарман Сыр бойында диқаншылықты кәсiп қып, күнелтiп жүрген жатақ Қаракесек
Тұрғалиды сағалады. Содан берi үш-төрт жыл өтсе де, Нарманға әзiр шыр жұғар емес. Ол бiр рет
көмек сұрап келгенiнде, Мiрәлi аузын қу шөппен сүртiп, құдасын құр қол қайтарған-ды. Содан берi
бойжетiп, бұғағынан үзiлiп отырған қызын ағасының Қалмырзаға бере қоятын түрi әзiрге
байқалмайды.
Ережеп Зағипаға көзiн елеусiздеу етiп тастады да, лез тайдырып әкеттi. “Мынадай алмағайып
заманда естi кiсi бойжеткен қызын оң жақта ұстап отыра ма екен? Оның көзiн тездетiп құрту керек
қой”,— дедi. Өз есебi бойынша, Нарманға қыз бермей, қалыңмалын даулатқанша, оның алдына азын-
аулақ қара салып, абырайы өз бойында тұрғанда қызды құтты орнына қондырып, шалды қарыздар етiп
қойғаннан төтесi жоқ. Осы ойын ағасына шет жағалап отырып өткен жолы сездiрiп едi, томырық
Мiрәлi қолын бiр сiлтедi. Содан берi Ережеп ол жайына сөз қозғаған жоқ. Кәзiрде де ол жәйiмен
ыңылдап отырып, елеусiздеу ғана:
— Осы… Хиуадан әскер келген дей ме? — дедi.
— Иә, келген.
— Сонда... олар былтырғы қираған қамалды қайта салмақшы ма?
— Оны ит бiлiп пе? Дадабектi не iстемейдi дерiң бар? Мүмкiн соғар.
— Е, дұрыс екен, — деп, Ережеп сөзiн аяқсыз қалдырып, орнынан тұрды да, есiктен шыға бере керi
бұрылып: — Мен Елмырза төреге барып қайтам. Ал, сен не iстейсiң? — дедi.
— Мен... мен… не iстейiн…
— Қолың бос болса, ана Дадабек тамырыңа барып, оның ау-жайын бiлiп қайтсайшы. Қалғанын
бiздiң үйде сөйлесермiз.
Ережеп сол арада ағасаның қуанып кеткен түрiн көрiп iшiнен аз-кем тыжырынып қалды. Мiрәлi
ақтылы қойы Қарақұмға сыймай жатса да, шығымсыз, дастарханы ажарсыз, қысқа арнаған соғымын да
жылап отырып соя-тын, сонысына қарамастан ет дегенде өлетiн, әсiресе, оны басқа бiреудiң үйiнен
жегендi пайда көретiн сараң кiсi едi. Ендi ағасының сол мiнезiн жасыра алмай‚ қан жүгiрген қара сұр
бетiне көз тастап отырып‚ ол iшiнен жыланша жиырылды.
Сосын Ережеп тез-тез киiнiп жатқан ағасына мысқыл-дай көз тастап аз тұрды да, кенет басына бiр
ой шауып, астыңғы ернiн тiстеп, сәл тұрды да, ол ат басын солай қарай бұрып алды. Тағы да атының
сары аяңына сап, Ережеп тарысын торғайлардан қорып, сақпан атып жүр-ген шұбарбет Тұрғалидың
жанына кеп, атынан түсiп амандасты.Мырзаның көрсеткен бұл құрметiне ырза боп кеткен Тұрғали
жалпылдады да қалды.
Ережеп дарияның жайпауыт жағалауының бiр тұсында қақала өскен егiске көз тастап тұрып:
— Апырмай, кiсi талап қылса, не нәстенi де тез үйренiп алады-ау. Бұрындары жер жыртып, дән
сеуiп, атыз суғарып жүрудi тек қана сарттардың iсi деушi едiк. Мiне, ендi… соны бiз де үйрене
бастадық, — деп, басын шайқап‚ таңдайын тақ еткiздi.
— Ендi... былай, — дедi Тұрғали дыбдырлап.
— Егiн деген өзi қай жұтта қырылып қалады деп уайымдайтын малдай емес, была-а-й... сенiмдi,
берекелi нәсте-ау өзi.
— Ойбай, айтпа! Ол дейтiн нағыз ырыс қой. Жер қарайған бойда, ағаш соқамен жыртып-жыртып,
бiр уысдәндi ойлай-былай шашып тастасаң болды, қалғаны-на басың ауырмайды. Мырза құдайдың
құдыретiмен өзi-нен-өзi қара жерден көктеп шығып жататын нәсте емес пе? Соны торғайға жем
қылмай, дер уағында орып алсаң, жарайды, — деп, Тұрғали мұның сөзiне елiгiп, өз кәсiбiн тасырта
мақтай жөнелдi.
— Сонда… осының бәрiн бiр өзiң жейсiң бе?
— Ендi... былай... — Тұрғали апалақтап қалды.
— Жоқ, әлде сатасыңдар ма?
— Жоға. Бiз не сатып қарық қыламыз?
— Ойбай-ау, сарттың егiсiн үйренiп, саудагершiлiгiн үйренбеген қалай болады өзi? — деп Ережеп
қулана күлдi. — Сендер де сатыңдар.
— Сонда кiмге?
— Кiмi несi? Астық алатын кiсi табылмай ма? Тақа болмаса, маған-ақ сат. Мен оны қалай алам.
— Жарайды, мырза, — деп, ағеден Тұрғали сол арада қалай уәде бере салғанын байқамай да қалды.
Жылда астықты Бесқалаға арнайы керуен жiберiп алдыратын‚ шығынға шаш етектен бататын
Ережеп қысқы қамын әлден ойластырып, iргесiндегi диқан жатақтан астықты арзанға сатып ап, екi жеп
биге шығатын бiр жағдайын ойлап‚ өз-өзiнен райлана күлiп қойды. Сосын ол көзiн тайдырып әкетiп:
— Анау жүрген кiм? — дедi осы кезде аласа дөң басынан әрi қарай асып бара жатқан бiр кiсiнi
иегiмен нұсқап.
— Ол ма? Ол ана...Нарман ғой. Ол күнде азын-аулақ қозы-лағын жайып қайтады.
— Е, оның көжесiнiң бетiн ағартары бар десеңшi.
— Иә, онысы бар.
— Ал, өздерiң ояғына қалайсыңдар?
— Ендi... бiз деген диқан кiсiлермiз ғой. Мал жағынан аздап ұяттымыз.