45
— Хан көтеру үшiн екi арыстың бар биi мен батыры келiсу керек емес пе? — дедi сол арада көптен
берi үндемей отырған Тоғанақ батыр сол арада ортаға бiр сөз тастап.
— Осы Хиуа ханы немене ай қарап отыр ма? — дедi бағанадан берi жұрттық аңысын аңдап
отырған Әбдiраман кенет қыстырылып. — Бiз ғой осы жылма жыл Мұхаммәд-Инаққа алым-салық
төлеймiз. Әгәр өз ортамыздан елге қожа болар хан табылып атса‚ онда тiпте жақсы болды ғой, әлгi
жауға кетiп жатқанымызды соған-ақ бере салатын.
Жұрт жым болды. Елмырза төре қап-қара боп кеттi. Екi би бiр-бiрiне қарасып, ақырын бастарын
изесiп қойысты. Ережеп мына шаруадан түк те өнбесiн бiлiп:
— Жарайды, онда, — дедi даусын соза сөйлеп. — Мен осындай әлемет кезде ауыз бiрiктiрсек пе
деп ем, тағы да баяғымызға басып кеттiк. Ояғынан бiзден озар iжкiм жоқ. Тек айтпады демеңдер,
ертеңгi күнi еңiрегенде етектерiң әлi-ақ жасқа толады.
Ережеп содан кейiн артық тiс жармады. Көздеген шаруасы ретке келмегесiн‚ ол жұртшылықа
арнап жасатқан қонақасысын тездетiп болдырды да‚ дастархан жиылысымен‚ елдiң тарқағанын
қалайтын ыңғай көрсеттi. Соны байқаған әлеумет орындарынан апыр-жапыр түрегелiсiп‚ сыртқа
шығып‚ аттарына мiнiп‚ бет-беттерiне тарап бара жатты. Сыртта дабырласып, ұзап бара жатқан
олардың дауыстарына құлақ сап‚ қараүйде отырған Ережеп көпке дейiн үнсiз қалпын бұзбады. “Қазақ
деген осы? — дедi ол iшiнен құдды өзiн қазақ еместей көрiп. — Мұндай берекесiз жұртқа басшы боп,
не пайда таппақпын? Одан да қара басымды қайттағаным жөн емес пе? Мал-басым аман болса, келген
жаудың әуселесiн көрiп алармын. Бiз секiлдi олардың да атқа мiнетiн кiсiлерi болатын шығар? Оларға
да мына жұртты тiзгiндеп ұстап отыратын бiреу-мiреу керек болар? Сол кезде мыңғырған малым
қырылып қалмаса, ақ патшаның сенiмiн сатып-ақ алмайым ба? Сосын... бастарынан бағы тайған би,
батырлардың алдыма кеп, екi көздерiнiң мөлтеңдегендерiн көрсем ғой, шiркiн?!”
Осы ойға табан тiреген ол Мiрәлiнi шақырып ап, бұйрық бергендей қысқа айтты:
— Тез Дадабекке шап!
13
Құмқамалға келген сайын Мiрәлiнiң бойын бiр белгiсiз қорқыныш билейтiн. Атты кiсiнiң бойынан
асатын соқпа диуалды көргенде, оның көз алдына атақты Ақсақ Темiрдiң Бұхарада тұрғызған
мұнарасы елестейтiн. Ол бүгiн де қамалға қорқасоқтай кiрдi. Тапал соқпа тамдардың жанынан жүрiп
отырып, Дадабектiң сарайына кеп түстi. Хиуаның бегi әрқашанда сән-салтанатты ұнататын. Өз
сарайын басқа тамдарға қарағанда еңселi етiп, күмбездеп соққтырған. Есiк алды — жайқалған бақ.
Ұқыпты қолдың күтiмi танылар бақ ортасында кiшкене һәуiз бар. Бұл оң қолын кеудесiне қойып,
сәлем берiп кiрiп келгенде, Дадабек бақ iшiнде сейiлдеп жүр екен. Қасында бiр-екi нөкерi бар. Құс
тұмсық, өткiр қара көздi Дадабек бұған сынай қарады:
— Иә, не гәп?
— Тақсыр, — дедi Мiрәлi басын иiп, — сiзге оңаша айтар бiр әңгiмем бар едi.
Дадабек дағарадай сәлделi басын әнтек бұрып, нөкерлерiне ым қақты. Олар кеткесiн, Дадабек
Мiрәлiге бiрдеңе сұрағысы келгендей екi оқты боп қарады.
— Қадырданды бек, — дедi Мiрәлi мүләйiмсiп, даусы қалтырай шығып. — Мен сiзге бiр қолайсыз
жайды алдын ала айтқалы келдiм. Мына абызыңыздағы қазақтардың арасына әрекет кiрдi.
— Не, не? — дедi Дадабек сұрлана қап. Қара жүзi жауар күндей түнерiп кеттi.
— Кеше мына ауылдарда бiр жиын болып едi. Сонда бас қосқан би, батырлар мына Ырғыз жағына
орыстардың кеп бекiнiс салғанын әңгiме қылды. Сөз ыңғайына қарағанда, сiзге наразылары солай
қарай өтiп кетпек, — дедi Мiрәлi ендi батылданып. “Осыдан соншама қорқып”, — деп қоқиланып ап,
бойын тiктей қойды. Әрi орыс жайын айтқанда Дадабектiң қаншама сыр бермеймiн дегенмен, өткiр
көзiнiң әр жағынан қаулай лып ете қалған күдiк толы суық ұшқындарды аңлап қалды. “Мұнысы несi?”
Дадабек сұп-сұр қалпын бұзбастан бұған атып жiберердей боп қадала түсiп:
— Олар кiмдер? — дедi. Ол терiсi тарғыл тартқан қолымен белiне байлаған қылышының балдағын
сипап қойды.
— Мына Шөмекей тайпасының басшысы Мамырай дейтiн кiсi.
— Е, ана шал ма?
— Иә, дәл өзi, тақсыр ол өзi... ұлы ханға қарсы сөз де айтып жүр, — деп Мiрәлi Дадабектi сенбей
қалар деп үстемелеп қойды.
Қазақтардың өзара дау үстiнде бiр бiрiн оп-оңай ұстап бере салатынынан жақсы хабардар Дадабек
түсi жылып, күнтек ернiн сәл ашып, ақ тiстерiн көрсете ыржиды:
— Сосын?
— Ойбай, әрi қарай айтары жоқ. Ол өзi... барып тұрған арам. Өзiнiң дiн исламннан шығып кетер
түрi де жоқ емес. Тiпте...
— Жарайды, — Дадабек қолын сәл көтере бере сiлтей салды.— Басқа қандай жаңалық бар?
— Iжқандай, — Мiрәлi көзiн жыпылықтатты: “Әлде... сенбей қалды ма?”
— Ал, өзiң менiң пәрмәнымды қашан орындайсың?
Мiрәлi мүдiрiп қалды. Өткен жолы Дадабек мұны сарбаздарының көзiнше иiлтiп-бүгiлтiп қойып,
жеуiме әлi бөрте жөнi қырқылмаған бағлан қозы, қойныма он үш жасар қыз әкеп саласың деп
мiндеттеген. Содан берi бiр ай өткен. Мiрәлi түрлi сылтау айтып, қамалға жоламай, қашқақтап жүрген
едi. Ендi не дерiн бiлмей, жұмған аузын аша алмады.
Дадабек бұған түсiн суыта қарап:
— Сен осы немене менiң айтқанымды екi етейiн дейсiң бе? — дедi.
Мiрәлiнiң жаны ышқынып кеттi: